59. Философиядағы адам мәселесі
Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
Адам мәселесі,оның ішінде шығу тегі,мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық фил-ық тақырыптардың бірі болып табылады. Фил-ия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар п.б. Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл, ағартушыылық әрекетімен және фил-ық этиканың негізін қалаған сократтың еңбегімен байланысты болды.Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі,оның жаны мен қасиеттері болып т.
60.Ақпараттық қоғам және оныңдаму ерекшеліктері
Ақпараттық қоғам - өндіріспен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялықт ұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнің мәдениет тілдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды.Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өніміболып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән еңбасты белгілер мыналар:
* экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
* қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр.Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда).
Айналамызды ақпарат қоршаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Вернадский айтпақшы, айналамызды ақпарат қоршап тұр. Жаһандану заманы келіп, техника қарыштап дамыған уақытта ақпаратты кез келген жерден таба аламыз. Аттап басқан сайын ақпаратқа қанық болатын бүгінгі ақпараттық қоғамда газет-журналдан оқып, радиодан тыңдап, теледидардан көріп, есту арқылы ақпаратқа оңай қол жеткіземіз.Гегельше айтқанда, жалаң тәжірибеге ғана көңіл бөліп, даму тенденциясынан айыру дамуды «тірі өлікке» айналдыру, олай болса даму процесіндегі сансыз көп мүмкіндіктердің ішінен негізгісіне көңіл бөліп, оның қалыптасуы, жетілу жолдарына назар аудару диалектикалық ойлардың басты міндеті.Расында, өмір шындығы болмысқа, тіршілікке, мәнге, мүмкіндікке қарағанда әлдеқайда нақтылы.Ендеше шындық дегеніміз ең әуелі бір зат, құбылыс, процесс дамуының бір сатысы, кезеңі бөлігі ғана. Ал әр бір зат, процесс басқа заттармен, процесстермен органикалық жағынан іштей етене байланысты. Гегельдің «шындықтың бәрі ақылға сыймайды, ақылға сыйымдының бәрі шындық» дейтін атақты қағидасын негізге ала отырып, шындыққа талдау жасауымыз қажет. Өйткені, тіршілік иелері құбылыстар мен процестер осылардың бәрі ақиқат десек жаңсақ пікір болар еді. Егер Гегель «дами келе шындық қажеттілікке айналады» десе, капитализм социялизммен салыстырғанда өткінші келешегі беймәлім, оның даму қажеттіліктен туып отырған жоқ деген пікір шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |