2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Буддизм философиясы


Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар



бет52/59
Дата17.01.2023
өлшемі482 Kb.
#165750
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
Шпор Философия 2012

Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді.
Дінисана – адамның тылсымдық болмысы туралы сана. Дін – қоғам ішіндегі рухани күш. Қай қоғамда болсын діндердің айрықша орны бар. Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Дін мен қоғам – бір -бірінен ажырамайтын құбылыстар. Діннің қызметі – адамға рухани сүйеніш болу, жалғызсыратпау. Қазіргі таңда болып жатқан террорлық әрекеттер – діндарлықтың емес, керісінше діни сана-сезімнен жұрдай болудың, яғни, материалистік сананың көрінісі. Бұндай әрекеттер діни сананың әлсіреуінен туындайтын құбылыс.
Этикалық сана – бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі. Этика (грекшесі, қазақшасы-әдет, мінез-құлық) – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Этика нормативті этика (этикалық норма) және мораль теориясы кіреді. Этикалық норма-адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. Этикалық норма және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет