49. Сана бейнелеу және іс әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
Сана әрқашанда белгілші бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені сана объективті дүниенің механикалық бейнесі. Сана тек негізгі принцип жағынан, шығу көзі жағынан бейнелеу тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұлыны ғана емес. Мәселен санада ерік, ой толғау, әсірелеу, болжау шығрамашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде болмауы мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас.Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегіндей механикалық бейнесі емес. Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар әсер етеді. сондықтан бір нәрсені көріп тұрып , адам толып жатқан ойға шомады, ой сан саққа жүгіреді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. бірақ объективті өмірді шын да жалған да бейнелейді. Олай болса дәлдікті шығармашылық тұрғыдан түсінді.
Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах шын интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды, А.Бергсон инстинктi сияқты, З.Фрейд шығармашылықтың жасырын негiзгi принципы деп түсiндi. “Құдiреттi анық” деп түсiнуде бар.Қазіргі заман әдебиетте келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интелектуалды феномен.Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiнде ашып көрсетедi. Бастапқы кезенде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сонан сон, осы санасыздық деңгейде интелектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өндеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлу мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн. Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дара өнердiң өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық- дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi. Сондықтан да, таным мен өнерде интуицианың маңызың жоғарлату немесе төмендету дұрыс емес. Интуициалық, сезiмдiк қабiлеттер интелект пен, адамның практикалық қызметiмен бiрге дамиды. Танымдық процестiн қажеттiгi бола отырып, интуиция адамның рационалды әректтерiн ынталандарады, кейбiр жағдайларда жаңа бiлiмдерге әкелiп.
Достарыңызбен бөлісу: |