мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Канкулова Тураш Утегеновна
2
Сергіту жаттығулары
Ойын- ойға жетелейді.
Ойын дегеніміз- жас ерекшелігіне қарайтын, адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті,тапқырлықты, ұқыптылықты,іздемпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай- ақ, басқада толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі.
3
Тербеледі ағаштар,
Алдынан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.
Бала өмірін ұйымдастыруда ойынның ролі.
Ойын бала үшін- нағыз өмір.Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл-ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезмдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан-жақты калыптасады.
“Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында” баланың денесі мен психикалық жетілуі, жек басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.
9
Қане,қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билеиік.
Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни баланың ұрпақтық тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.
8
Оңға арай түзу тұр,
Солға қарай түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Арта қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Сюжеттік-ролді ойындардың өзіндік ерекшеліктері.
Сюжетті -ролді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып табылады және олардың өмірінде елеулі орын алады.
Сюжетті-рольді ойынның ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды, ол ойын қызметі айқын өнерпаздықты және тврчестовалық сиптта болады.
Сюжетті ойындарға тұрмыс тақырыбына қатысты ойындар, өндірістік, құрылыс табиғи материалдарды пайдалнатын ойындар, ойын-сауықтар жатады.
Құрылыс ойындардың өзіндік ерекшеліктері. Олардың тәрбиелік әсері.
Құрылыс ойыны-балалар іс-әректінің бір түрі, оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарда және соларға байланысты іс-әрекеттерде бейнелеу болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі үшін де құрылыс ойындарының зор маңызы бар.
Құрылыс ойындары процесінде тәрбиеші балаларды бақылауға, құрылыстардың бір бөлігін басқа бөліктерінен ажыратуға , салыстыруға, ара қатынасын, құрылыс тәсілдерін есінде сақтап, елестеуге, іс-әрекеттің жүйелігіне назар қоюға үйретеді.
Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы.
Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдырудың, ерікті зейін қою, ой-күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады.
Қане,қане тұрайық,
Қазақ үйді құрайық.
Бір уықты қолға алып,
Шаңыраққа тағайық
Оңға-солға бұрылып,
Арқандарды тартайық.
Олар мектеп жасына дейінгібалалардың түсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.
Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың көпшілігін дамытуға көмектеседі.
Ережелі қимыл ойындар
Қимыл ойындарды алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалып жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру,қағып алу т.т жаттықтыру дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев “Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?”-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ал В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ. “Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ.” және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойын негізінде тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
- Тәрбиеші мен баланың арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;
- Тәлім-тәрбие,ұсынылған ойындарды меңгерту,оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы,есте сақтауы;
- Балаларға берілетін тапсырманыңт шектен тыс ауыр болмауы;
- Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі,мазмұн сабақтастығын сақтай отырып, бірнеше компоненттерін құру.
Ойын арқылы баланың көзқарасы қалыптасады. Кешігі қамқорлық көрсету әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдастарымен ойын барысында бірлесе шешім қадылдау, үлкеді сыйлау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.