Байланысты: Дене тәрбиесі бойынша сабақтарды құру түрлері
Дене тәрбиесі бойынша сабақтарды құру түрлері. Жоспар: 1.Дене тәрбиесі бойынша сабақ формаларын жіктеу.
2. Сабақпен қамтудың өзекті түрлері және олардың сипаттамалары.
3. Сабақ түрі құрылымы.
4. Сабақтан тыс түрін игерудің шағын түрлері және олардың сипаттамалары.
5. Сабақтан тыс игерудің үлкен түрлері және олардың сипаттамалары.
Сабақта сауықтыру, тәрбие және білім беру міндеттері бірге қарастырылуы керек. Сабақ бағдарламалары гмнастика, жеңіл атлетика (жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, гранат лақтыру, ядро серпу), шаңғымен даярлану және спорт ойындары секілді циклдар кезегі негізінде құрылады. Денешынықтыру сабақтары ұзақтығы 35–45 минуттан аптасына кем дегенде екі рет өткізілуі тиіс. Мамандар оларды оқу кестесіне статикалық және интеллектуальдық ширығуларды қажет ететін сабақтармен кезектестіре отырып дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері ендіруді ұсынады. Сабақтар ашық ауада өткені дұрыс. Денешынықтыру бойынша екі түрлі сабақты біріктіріп өткізуге (жүзу мен су шаңғысынан басқасын) болмайды. Бұл сабаққа оқушылар спорттық киімдері мен спорттық аяқ киімдері болған жағдайда ғана қатыса алады. Сабақ ашық ауада өтетін кезде үстіге және аяққа киетін киімдер ауа-райының жағдайына сәйкес болуы тиіс. Сабақтың қимыл-қозғалыстық сипаты – оқушы қимыл-әрекеттерді орындауға жұсайтын уақыт арақатынасы. Сабақтардың жалпы ұзақтығына шаққанда залда өтетіндері 70 %-дан, ашық ауада өтетіндері – 80 %-дан кем мөлшерде болмауы шарт. Дене жаттығулары жүрек соғысының жиілігі орта есеппен минутына 140–160 реттік деңгей мөлшерінде болғанда ғана оңды нәтиже береді. Сабақ өзінің құрылы бойынша 3 бөлімнен тұрады – кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер. Кіріспе бөлімнің ұзақтығы – 5–10 минут, бұл бөлімнен кейін жүрек соғысының жиілігі тиісті деңгейдің 25–30 %-ын құрайды. Сабақтың негізгі бөлімі 25–30 минутқа созылады, мұнда жүрек соғысы жиілігінің деңгейі 80–100 %-ға жетеді. Қорытынды бөлімнің ұзақтығы – 3–5 минут. Сабақ аяқталған кезде немесе үзіліс сәтіндегі 3–4 минут ішінде жүрек соғысы өзінің бұрынғы қалпына келеді. Мектептегі дене тәрбиесінің сабақтары орта есеппен тәуліктік белсенді қимыл-қозғалысты уақытқа шаққанда оның 16–37 %-ын құрауы тиіс. Ал қалған дене қызметі түрлері (таңертеңгі гимнастика, мектептен тыс шұғылдану және т. б.) – 49–50 % -ын құрауы керек. Бұл гипокинезияның алдын алуға жеткілікті жағдай. Табиғат аясында табиғи факторлар (күн, ауа) арқылы шынығуды қолдау мақсатында ашық спорт құрылғыларында шұғылдану тәсіліне басым сипат беріледі. Ашық ауада шұғылданған кезде ауа-райының температурасы ескеріліп отыруы шарт. Мәселен, салқын мезгілдері 1–2-сыныпта оқитын балалар үшін бұл мөлшер – 8ºС; 3–4-сыныптықтар үшін – 10ºС; 5–7-сынып балалары үшін – 12ºС; жоғары сынып оқушылары үшін – 15ºС мөлшерінен төмен болмауы тиіс. Мектеп кестесіндегі дене тәрбиесі сабағын өткізетін уақыттың да белгілі бір өзіндік мәні бар. Зерттеу нәтижелері бойынша бұл сабақтарды дербес тәуліктік биоритмге сәйкес оқушы организмінде биологиялық белсенділік күшейген сәттерде өткізген оңтайлы болады. Бұл бірінші ауысымда оқитын оқушылар үшін – сағат 10–12, екінші ауысымдағылар үшін – 15–18 мерзімі аралықтары. Денешынықтыру сабақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай жөндемді ойын жабдықтары мен спорт инвентарларын қолдану керек. Олардың қауіпсіздігі санитарлық-эпидемиологиялық қорытындымен куәландырылуы тиіс. Стационарлық спорт жабдықтары сенімді түрде бекітілген болуы және балалардың жас мөлшері мен бойларына сәйкес келуі қажет. Сабақта денсаулыққа зиян кетіруі мүмкін деп есептелетін дене жаттығулары қолданылмауы тиіс. Атап айтқанда: омыртқаның вертикаль осі бойынша басқа қысым түсіру; бас пен мойынды алға, артқа, екі жанға қарай тым қатты қисайта қимылдау; қолды алға немесе екі жанға қарай соза құлау; дененің соққы алуы: бастың кез келген тұсынан ұру, қолды бастан асырып ұзақ уақыт жүру және т. б. Денешынықтыру сабағы қызықты, оңды эмоциялар тудыратын жағдайда ғана жақсы нәтиже береді, пайдалы болады. Жыл бойы ашық ауада өтетін сабақтардың сауықтыру жөніндегі тиімділігі жоғары болатыны атап көсетіліп жүр. Таза ауада шынығатын топтардың балалары залда жаттығатын құрдастарымен салыстырғанда оқу күні және оқу аптасы аяғында шаршамайтын көрінеді. Ал оқу жылының аяғында бірқатар физиологиялық көрсеткіштер, соның ішінде инфекцияға қарсы тұрарлық қабілет далада шынығатын балаларда жоғары болады екен. Олардың арасында аурулығы жөнінен сабақтан қалу жағдайлары аз ұшырасады, үлгірімі де салыстырмалы түрде алғанда жоғары. Денешынықтыру сабақтарының бәрін болмаса да, бірсыпырасын ашық ауада өткізуді ұйымдастыру пәлендей қиын шаруа емес. Бұған қоса, әрине, мектеп ережесі бойынша регламенттелген дене тәрбиесінің формаларын да міндетті түрде қолдану қажет. Атап айтқанда: кіріспелік гимнастика (сабаққа дейінгі), сабақ үстіндегі денешынықтыру сәттері, үзіліс кезінде бірлесіп өткізетін қозғалысты ойындар. Көптеген мектептерде мұның бәрі қалай болса солай, формальді түрде өткізіледі. Ондай сабақтардан, әрине, пайда аз. Балалар денешынықтырумен жыл бойы күн сайын шұғылдануы тиіс. Қозғалысты ойындар ұйымдастыруға әсіресе жазғы демалыс кезінде көп мүмкіндіктер болады. Бірақ, балалардың өздері бос уақыттарын пайдаланып денешынықтырумен көбірек шұғылданады деуге болмайды, пионер лагерлерінде, әрбір үй алаңдарында оларды денешынықтыру және спорт шараларына тарта білуьқажет. Спорт алаңдарында сабақ өткізу орыны қандай болу керек дегенге тоқталып өтейік. Денешынықтыру-спорт зонасы мекеме ғимаратынан кем дегнде 25 метр қашықтықта, көкөніс алаңының сыртына жайғастырылады. Оны оқу орын-жайларының терезе жақ тұсынан орналастыруға болмайды. Бастауыш сынып балаларына гимнастика алаңы және онымен комбинацияланған спорт ойындарын өткізетін, доп тебетін және секіріп ойнайтын алаң жабдықталады. Спорт ойындары алаңы қатты төсеніш салынған, беті тегіс, шұқыр-шұқанақсыз болуы шарт. Спорт зонасының жабдықтары дене тәрбиесі бойынша білім беру бағдарламаларын орындауға және сауықтыру шараларын өткізуге ыңғайлы болуы шарт.
Источник: https://edu.mcfr.kz/article/2076-qqq-11-m7-15-07-2011-mektepte-dene-trbiesn-yymdastyru?from=PW_F5_desktop_other_art&token=2fde0dfc-bcaa-11a0-897d-2d01f2a3bb11&ttl=7776000&ustp=W