Сабақтың тақырыбы: Материал таңдау (жұқа киіз). Бөліктерді пішу Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары



бет1/3
Дата30.11.2023
өлшемі43,18 Kb.
#194358
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
8-2-4
«Èíôîðìàòèêà» ï?í³íåí òî?ñàí áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó?à àðíàë?àí , идите

Пәні:

Көркем еңбек

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Бөлім:

Дизайн және технология

Педагогтің аты-жөні




Күні:

27-30.11.2023 ж

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Материал таңдау (жұқа киіз). Бөліктерді пішу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар:
- бас киім дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады;
- қажетті өлшемдерді алады;
- бұйымның сызбасын сызады.

Құндылықтарды дарыту

- Шешім қабылдау барысында жауапкершілікке тәрбиелеу;
- Жаhандану азаматтығы: өзге елдің мәдениетін сыйлау;
- Материалға ұқыпты қарау;
- Білім алушылардың өзара ынтымақтастығы, бір-біріне құрметпен қарау;
- Отанға деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.Түгендеу. ТҚ ережесін ұстану.
Жағымды психологиялық ахуал орнату.
«Мен саған ... тілеймін» ойны
Қатты қағаз немесе стикерлерді алдын ала дайындап, сыныпқа білім алушылар кіргеннен кейін оларға ұсыну. Оқушылар музыканың ырғағымен қимылдайды және музыка тоқтаған кезде олар бір-бірімен қол ұстасып жұптаса тұрады. Бүкіл білім алушылар қолдарындағы стикерге өз тілектерін жаза отырып, оларды бір-біріне ұсынады. «Сабақта саған жақсы көңіл-күй тілеймін», «сәттілік!», «саған қызықты шығармашылық идеялар тілеймін» және т.б. құштарландыратын сөздерді қолдануға болады. Оқушылар қалауынша, жақсы тілектер жазылған стикерлерді киімдеріне қыстырып алуына болады. Осы ойын сабақтың жақсы басталуына мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық қатысушылар өздеріне және сыныптастарына қатысты жақсы, жағымды сөздерді естиді.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
«Шатастырылған әріптер» ойыны
Оқушылар жұптары сол құраммен жұмыс жасауды жалғастырады. Әрбір жұпқа барлық әріптері шатастырылып жазылған сөздер бар карточкалар таратылады.

  • УҰҚР (құру)

  • ЫҰМБЙ (бұйым)

  • ИТСОНТЭЛЬ (этностиль)

  • КБАСІМИ (бас киім)

  • МАЗҚОЛ (қамзол)

Белгілі уақыт аралығында оқушылар жұптаса отырып, араласқан әріптердің дұрыс тәртіпте орналасуын шешіп, дұрыс жауабын айтады. Мұғалім қажеттілігіне қарай түзете отырып, оларды тақтаға жазады. Мұғалім тақтада жазылған сөздерге назар аудартып, оқушыларға осы сөздерден тақырыптың атауын тұжырымдауды ұсынады, сонан соң сабақтың мақсатын хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет