Мысалы: "Қарама-карсы сөзді ата"



Дата17.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#176991
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)


4-тапсырма
1.Ақыл-ой тәрбиесі-тұлғалық қасиеттердің негізі болып табылады.Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушы әлемге басқаша көзбен қарайды,әрдайым жаңа нәрсеге ұмтылып тұратын бала үшін бұл-ақыл-ой деңгейін шыңдау болып табылады.Әр баланың ойлау қабілеті бөлек,ерекше болғандықтан әрбір баламен жұмыс істеу алуан түрлі болады.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз жақсы нәрселерді,адами қасиеттерді,мінез-құлықты,білімді,жеңіске жетуді,қоршаған ортаны т.б. түсіну мүмкін емес.Әрине,барлығы ақыл-ойдың қаншалықты дамығандығына,ұшқырлығына байланысты.Ойлаудың өзі осы ақыл-ойдың қай шыңында екендігін белгілейді.Әр адам әр түрлі ойлайды.Осы ойлау арқылы олар өздерінің тұлға ретіндегі ақыл-ой дәрежесін көрсетеді.
Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
— танымдық қызығушьшықты дамыту;
— танымдық белсенділікті қалыптастыру;
— белгілі білім көлемін меңгеру;
— ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
— ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
— ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл ойды дамыту үшін қолданылатын әдістер өте көп,мысалы:кітап оқу;жаңылтпаш,мақал-мәтел жаттау;ертегі,әңгіме құрау;түрлі логикалық есептер шешу; логикалық ойындар,ребус,сөзжұмбақ шешу.Неғұрлым көбірек есте сақтау жаттығуларын жасасақ,дамуға көбірек әсерін тигізеді.Және дидактикалық ойындар ойнату керек.
Мысалы:

"Қарама-карсы сөзді ата"
Балалар шеңберге тұрады.
Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тиісті. Мысалы: Ащы — тұщы, жақсы - жаман
Қара-
Күн-
Аласа-
Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Женімпаз бала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.
2.Қазақ халқына тән қасиеттердің ең негізгісі-адамгершілік. Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік дегеніміз – қоғамның, өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді біріктіретін жалпы адамзаттық қғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы, арқылы сипатталады (әдептілік, мейрімділік, қайырымдылық т.б.) Адамгершілік — әлеументтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының нгегізін қалаушы, халық мәдениеті, басқалардан айырмашылығы- адамның рухани байлығы мәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілерің бірі адамдардың бір-біріне қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
Адамгершілік тәрбиесін балаға кішкентай кезінен бастап бойына сіңіру керек.
Мысалы:түрлі өнер үйірмелеріне қатыстыру,ән айту немесе белгілі бір аспапта ойнау,бейнелеу өнері секілді шығармашылық сабақтардың сағатын көбейту,баланы барынша шығармашылыққа баулу.
Немесе пән арқылы да қалыстастырып.дамытуға болады.
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.
География - оқушылардың эстетикалық дүниетанымын дамытады.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.
4.Иә,әрине дене тәрбиесіне өте жақсы көңіл бөлінеді.Жалпы дене тәрбиесі дегеніміз-денсаулығымыздың шымыр болуына ықпалын тигізетін пән. Дене шынықтыру сол немесе басқа дәрежеде тұлға дамуының барлық қырларына, ең алдымен, адамгершілік дамуына белсенді әсер етеді. Денсаулықты нығайту, өз әлеуетін арттыру, дене шынықтыру жаттығуларын қажет ету – әрбір адамның адамгершілік борышы.
Дене шынықтыру және спорт - бұл адамдардың оптималды физикалық даму, қоғамдық белсенді тұлғаны сипаттайтын рухани және адамгершілік қасиеттерді қатар тәрбиелейтін қабілеттермен байланысты және әр адамға тән физикалық қасиеттерді жан-жақты жетілдіру мүмкіндігін іске асыру; осының негізде қоғамның әрбір мүшесінің жемісті еңбек пен басқа да қоғамдық маңызды қызмет түрлеріне дайындығын қамтамасыз ету.
Қазіргі әлемде адам мен қоғам болмысын жетілдіру факторы ретінде дене шынықтырудың рөлі айтарлықтай өсуде. Сондықтан дене шынықтыруды дамытуға қамқорлық – гуманистік идеалдарды, құндылықтар мен нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі.
Дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басыынң жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі, балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдәгәнен көрінеді, мұныңөзі жалпыға бірдей қарқынды қимыл үйлесімін, саналықты, жинақылықты, ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді талап етеді.
Практика барысында дене тәрбиесі сағатымен және жоспарымен таныстым:







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет