2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Буддизм философиясы


Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері



бет57/59
Дата17.01.2023
өлшемі482 Kb.
#165750
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Шпор Философия 2012

57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
Жаһандану (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс.Жаһандану идеологиясы уақыт өткен сайын құбылып отыратын жанды құбылыс. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың ішінде интернет желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртұтас ақпарат кеңістігі.
Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың игілігін көреді. Егер жаһандануды ұлттық мемлекеттік болмысқа икемдей алмасақ онда мемлекет те, сол мемлекетті жасап отырған ұлт та тобырға айналып, рухани жаулаушы өркениеттің құлақкесті құлы болып қала береді. Біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысы¬мызды, ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей жаһанданған дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл бола алады. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық.
«Жаһанданудан бүркену керек» дейтіндердің қатарында еліміздегі кейбір әсіреұлтшылдар мен оппозициялық көзқарастағы азаматтарымыз да бар.Елбасы: «Біз жаһанданудан қорықпауымыз керек, біз оған барынша дайын болуымыз керек», – деген еді. Бұл жерде қазақтың «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген нақылына сүйенуіміз қажет деп ойлаймын. Журналистер жан-жақты зерттеп жаһандану кезеңінде нені үйреніп, неден жирену керектігін қоғамға айтуы тиіс.Жаһандануға ілесе алмай,ылғи артта қала берген ел басқа мықты жұрттармен тең сөйлесе алмайды,бірте-бірте тарих сахнасынан ысырылады.Осындай күйге түспеу үшін тарихты білумен бірге,одан тағылым алып,пайдалана білу қажет.Шерхан Мұртаза: «Жетпіс жыл марксизм мен ленинизмге сеніп,шекеміздің қызғаны шамалы.Ендігі жерде тәуелсіз елімізідің идеологиясын мұсылманшылыққа негіздеу керек»,- деген болатын. Жаһанданудың кері ықпалына қарсы тұруға қауқар боларлық күштің ең жоғарғысы – БАҚ. Н.Назарбаев: «Бұқаралық ақпарат құралдарының күші – әскери қарулы күштердің күшінен кем емес»,- деген еді. БАҚ ой-санаға әсер етудің күшті құралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет