15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
Философия – дүние жүзіндегі барлық оқу орындарында оқылады. Бұл себепсіз емес.Философия- алдымен жалпылық ғылым.Жалпы қашанда жекеге бағдарлық рөл атқарады. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені, олардың көбісінің зерттеу обьектісі тереңдеп, қамтылған көлемі тарылып барады. Философия ғылым ретінде нақты функцияларды орындайды.Функция деп нақты іс-әрекет, міндеттер айтылады.Логикалық тұрғыда функция объектілердің екі не топтық қатынасын білдіреді, оның біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне әкеледі.Философия екі түрлі әдіс қолданылады.Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі - метафизикалық (гр. tameta, ta physika- деген екі сөзінен құралған әдіс). Бұл біріншіге қарам-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.Диалктикалық әдісті ертедегі гректерден гераклит пен Аристотель қолдаса, жаңа дәуірден Г. Гегель қолдап, ілгері дамытты.Бірақ Гегель идеалист диалектик болды.Оныі пікірінше, диалектикалық тұрғыдан дамитын – обьективтік шындық емес, тек идея, қиял, ой, Оның түйіндеуінше, обьективтік шындық дамымайды.Бұл ғылымға қайшы келетін пікір болатын К. Маркс диалектик болды.Бірақоныңдиалектикасыгегельдиалектикасынақарама-қарсыматериалистікдиалектикаболды. К. Марксбұлжөніндегіпікірінөзініңеңбегі «Капитальдың» 1 томыныңекіншібасылуынараналғансоңғысөзіндесипаттапберді. К. Маркстың пікірінше табиғат да, қоғам да, сана да диалектиклық тұрғыда өзгерісте, дамуда болады. Философия өмірде дұрыс жол сілтейтін ақиқаттың шыңын, әдісін көрсетуге тырысады. Әдіс туралы философиялық ілімді, демек, әдіснаманың немен айналысатынын қарастырайық. "Әдіс" ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда — бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үгіттің таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Философияның әдіснамалық қызметі (латынша функция — орындау деген сөз) танымның және адамның нағыздықты игеруінің мейлінше жалпылама әдістерінің жиынтығынан болғандықтан да көрінеді. Өзге ғылымдардың әдістері сияқты, философиялық әдістер де адам қызметінің практикасынан бастау алады және де объективті дүниенің даму заңдары мен логикасының шағылуы болып табылады. Бұл, әрине, ғылымға сүйенетін философияға катысты.
Достарыңызбен бөлісу: |