2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Буддизм философиясы



бет50/59
Дата17.01.2023
өлшемі482 Kb.
#165750
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Байланысты:
Шпор Философия 2012

50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
Адам — философиясы, әлеуметтану, психология, физиология, педогогика, медицина т.б. ғылымдардың объектісі болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары — әпсаналардағы мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Өмірдің мәнін анықтау үшін сенің өмірің бітіп, аяқталып қалса да мәңгі жалғаса беретін түпсіз нәрсемен анықталуы тиіс дейді ғалымдар. Олай болса өзін ұлы тұлға сезінетін адамдар тәкәппарлықтан тыйылуға тура келеді. Әр адам «Мен жерді тіреп тұрған негізгі ұстын не болмаса күллі ғаламның кіндігі емеспін. Сондықтан менен де маңызды, менен де қадірлі нәрсе болуы тиіс. Менің найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы қиыры жоқ мәңгіге созылып жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бөлшегі деп ойлансын». Осы бір өте елеусіз көрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі өз орнын дұрыс анықтап, қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады. Ал ол адам өмірде өз орнын табу үшін өзге адамдардың өз орындарын табуына кесірін тигізбеуі керек. (Өкінішке орай барлық жерде, ұжымда, жұмыста, қызметте адамдар керісінше әрекет еткісі келіп тұрады) Міне, осылайша гармония, сыйластық, барлық адамға деген игі тілек, жақсы ниет дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында көп адамның айнымас темірқазығы ретінде жармасатын құнды заты - Құдай.


51.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық, саяси, құқықтық және діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және дін қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет