2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Буддизм философиясы



бет51/59
Дата17.01.2023
өлшемі482 Kb.
#165750
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
Шпор Философия 2012

Моральдік сана. Қоғамдық сана формасына жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалар, ұстанымдар және ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың қатынасын белгілі мөлшерде қалыптастырады, яғни олардың өз ортасына және басқа орталарға, мемлекетке, Отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді.
Мораль – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі, өйткені адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас формаларын сақтауы тиіс. Мораль ұстанымдары мен ережелерін орындау қоғамдық парыздылыққа негізделген. Күнделік өмірде оның ұстанымдарын бұзғаны үшін ешкім оны заң бойынша жауапқа тартпайды. Бірақ оның әсері құқық талаптарынан кем емес. Адам санасы дамыған сайын моральдың тигізер әсері күшейе бермек.
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Құқықтық сана – Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет