2. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет29/40
Дата08.02.2022
өлшемі315,54 Kb.
#120892
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
модуль тарих

52.ТМД-ның құрылуы.
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда.
1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді.
1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды.
1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.
1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік жəне құқықтық мемлекет болып құрылды.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты.
Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет