2. Жеке сабақты өткізу уақыты және орны



бет2/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,82 Mb.
#18994
1   2   3   4

СИЛЛАБУС


«Вокал класы» пәні бойынша

050106-“Музыкалық білім» мамандығының студенттері үшін

Оқу түрі : күндізгі

Курс: 3. семестр 5,6. кредит 2

Жеке сабақ: 30 сағат.

СӨЖ: 30 сағат.

ОБСӨЖ : 30 сағат.


Барлық сағат саны: 90 сағат.

Қорытынды бақылау: емтихан 6 семестр.


Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша ) 1.

Барлық балл саны: 100 (кредитке)


Жетісай - 2005

Құрастырған : аға оқытушы Ү.К. Сейілбекова

Оқу-әдістемелік кешені

“Вокал класы” пәні бойынша 050106- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған

Типтік бағдарлама индексі:


Оқу - Әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хаттама________ “______” 2005 ж

Кафедра меңгерушісі _______________________

Факультет әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ Хаттама _______ “ _____ ” 2005 ж

Әдістемелік кеңесінің төреғасы : ____________________

Факультет кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ______ “_____ ” 2005ж

Факультет кеңесінің төрағасы ________________

1. Оқытушылар: Ү.К.Сейілбекова

“Ән және саз” кафедрасы, орталық корпус, 15, 06 кабинет

Телефон: - 207.

Кафедрада болу уақыты:



2. Жеке сабақты өткізу уақыты және орны.




Аты-жөні

Жеке сабақты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ

Телефон

1

Сейілбекова Үрәлхан Каналбайқызы

Жеке


Уақыты_____

Ауд________



Уақыты_____

Ауд________


Тел:_______

Каб:_______

Корпус:______



3. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
“Вокал класы” пәнін меңгеру үшін студенттер “Сольфеджио”, “Музыка теориясы” «Негізгі музыкалық аспап» т.б. пәндерінің бағдарламаларын білу керек.

Аталған пәнді оқып үйрену “Хор класы” және «Вокалдық ансамбль» т.б. пәндерін меңгеруге көмектеседі.

МАЗМҰНЫ


  1. Абстракт .......................................................................................5

  2. Курстың мақсаты .........................................................................5

  3. Курстың міндеті ...........................................................................5

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме...............................................6

  5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет........................6

  6. Студентке арналған ережелер......................................................6

  7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.............................................................................................6

  8. Жеке сабақтарының мазмұны......................................................8

  9. СӨЖ-жоспары, мазмұны..............................................................23

  10. ОБСӨЖ – жоспары, мазмұны......................................................25

  11. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі..................................................26

  12. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:....................... .28



  13. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..............................................................................................29

  14. Пән бойынша оқу процесінің картасы.........................................30



  1. А Б С Т Р А К Т.

Оқу-әдістемелік кешені “Вокал класы” пәні бойынша 050106- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделіп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: ЖС-жеке сабақтар.

СӨЖ студенттердің өзіндік жұмысы.

ОБСӨЖ- студенттің басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде. Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындау қажет.

Тапсырмалармен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысы, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруды пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ, емтиханды алуға арналған.


2. «ВОКАЛ КЛАСЫ» пәнінің мақсаты мен міндеті:



Жан-жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, музыка-педагогика факультеттерінде кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерінің барлық саласынан білімдер мен оларды өз шәкірттеріне толыққанды жеткізе алатын, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті музыка мұғалімдерін даярлау.

  • Әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауыста вокалды –техникалық жағынан жетілдіру, резонаторлар мен артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана алу;

  • Студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету ;

  • Вокалдық музыка арқылы оқу тәрбие процесінде іс-шараларды өткізе алуға дайындау ;

  • Балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесін үйрету ;

  • вокалды – техникалық дағдыларды жетілдіру;

  • орындауға арналған ән репертуарын меңгеру;

  • ән салудың теориялық негіздерін игеру;

  • әнші педагогтың тікелей бақылауы арқылы студенттердің вокалды- техникалық және көркем –орындаушылық шеберліктерінің дамуын жүйелі түрде қалыптастыру;

  • аспаптың сүйемелдеуімен ән салу ;

  • басқалармен қосылып бір дауыста, сондай- ақ ансамбльде (дуэт, трио) орындай алу.


3. Оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды

Жеке сабақ

ОБСӨЖ

СӨЖ

2

90

30

30

30

6

емтихан


  1. Оқу сағаттарының құрылымы:


Жеке сабақтарда – сдудентке шығарманы игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеу қажет.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.


ОБСӨЖ- оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмсы. Матералды сабақ үстінде оқытушынының көмегімен оқып мегеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тек середі, бақылайды.


  1. Студентке арналған ережелер (Rules):




  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқушының кестесіне сәйкес өтілінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



7. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі.



Тақырыптың аты

Жеке

сабақ

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Студенттің дауыс мүмкіндіктері тексеріліп, дауыспен жұмыс істеу жолдары. Вокалдық техника мен көркем-орындаушылық шеберлікке баса назар аудара отырып, әншілік тынысты шыңдау.

15

15

15

2

Дүниежүзілік вокалды музыканың асыл мұраларымен таныстыра отырып, мүмкіндігінше шығармаларды сол елдердің өз тілінде орындатқызу. Түрлі бағыттағы вокалдық шығармалар мен стильдер, жанрлармен танысу.

15

15

15




Барлығы

30

30

30

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті


«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы

«Вокал класы» пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін

ЖЕКЕ САБАҚТЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ


7. ЖЕКЕ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

№1.
Тақырыбы: «Вокал класы» пәніне кіріспе. Вокалдық техникамен көркем-орындаушылық шеберлікке баса назар аудара отырып, әншілік тынысты шыңдау.
Студенттің дауыс мүмкіндіктері тексеріліп, дауыспен жұмыс істеу жолдары.

Сабақтың мақсаты: Студентті әншінің дауысымен және оның түрлерімен таныстыру. Ән айту ережелерімен таныстыра отырып ән айтудың жолдарын, тәсілдерін үйрету.



Әншінің дауысы-табиғаттың берген сыйы. Бірақ дегенмен өнердің басқа түрі секілді дауыста жаттығулар жасап, еңбектене отрып дамып, деңгейін өсіруді талап етеді. Әншілерде бұл дауыс қою деп аталады. Қандайда болмасын аспапты игеру үшін орындаушы ұзақ уақыт гаммаларды ойнап, жаттығулар жасауы қажет. Сол секілді әншіде өзінің табиғат силаған аспабында ойнай білуі керек. (дауыс).

Дауыс өзінің тембірі мен диапазонына қарай бөлінеді. Күшті де жарқын дауыс – драмалық дауыс деп аталады. Бұдан гөрі жеңіл жұмсақ естілетін дауыс – лирикалық дауыс. Ал әндегі иірімдерді жеңіл келтіретін ойнақы дауыс – колоратуралық дауыс. Бұл дауыс көбіне сопраноларда кездеседі. Диапазонына қарай дауыс мына төмендегідей болып топтасады:

Әйелдердің жоғары (жіңішке) даусы – сопрано.

Әйелдердің төменгі (жуан) даусы – альт

Ерлердің жоғары (жіңішке) даусы – тенор

Ерлердің төменгі (жуан) даусы – бас

Балалардың жоғары (жіңішке) даусы – сопрано

(Балалардың даусы дискант деп те аталады).

Балалардың төменгі (жуан) даусы - альт

Ән өнері. Ән-яғни вокалдық шығарма музыка өнерінің ең көне және кең тараған жанры. Ән өнері адамзат қоғамының алғашқы кезеңдерінде бала уату, жауынгерлік ұран тастау және бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып, бірте-бірте дами келе мазмұны да, нышаны да, күрделеніп қазіргі кездегідей өзіндік сипатқа ие болды.

Вокалдық өнер - әншінің дауысты меңгеру шеберлігіне негізделген музыканы орыдау түрі. Вокалдық орындаудың жеке (сольное), ансамблдік және хор түрлері болады. Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыканы атаймыз. Құрылымына байланысты жеке дауыста орындалатын халық әндері және композитор шығарған әндері аспаптың сүймелінсіз немесе сүйемелмен орындалатын әндер деп бірнеше топтарға бөлінеді.
«Вокал класы» пәнін оқып үйрену барысында, бастапқы кезеңде студенттердің дауыс мүмкіндіктері тексеріліп, дауыспен жұмыс істеу жолдары белгіленеді. Ән айту ережелері мен таныстыра отырып, ән айтудың жолдары, тәсілдері үйретіледі. Сонымен қатар дауыстың тембірі анықталады, дыбысты үндеудегі кем-кетістіктер: дыбысты мұрыннан шығарып айту, тремоляция, форцасия (дыбыстың күшін шектен шығармай ату) түзетіліп, әрдайым оқытушы тарапынан бақыланады.

Студентті дауыс аппаратының құрылысымен және оның жұмысымен таныстыра отырып, дауыстың регистрлік бірыңғай шығуы қадағаланады.

Жоғарғы регистрде және төменгі регистрде ән салу жолдары қадағаланып дыбыстың дұрыс шығуы тексеріледі. Оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде тыныс алу, дем шығару, дыбыстың тірегі, бас, кеуде, аралас резонаторларының есту, тыңдау, сөйлеу функцияларының, артикуляциялық аппарат жұмыстары бір-біріне байланыстырыла отырып атқарылуы қажет.

Әншілік тыныс алудың ережелері.

Студент ән айтқанда тынысты дұрыс ала білмесе ән айту мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда қиналмай, еркін айтуына көмектеседі. ән айтарда иықты көтермей, демді іште ұстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.

Ән айту барысында студент демді үнемдеп пайдаланып, тынысты әр фраза сайын алу қажет. Ән салғанда демді кеудеге емес, ішке қарай алған дұрыс. Мысалы: хош иісті гүлді иіскегенде демді ішке аламыз, дәл сол сияқты әнге тыныс алғанда да осыны іске асырған жөн. Бұл үшін студентке мынадай шағын жаттығулар жасатамыз:

Ішке демалып С немесе Ш дыбыстары арқылы соңғы демге дейін үнемдеп шығару.

Әншінің дауыс шығырушы дене мүшелерінің құрамына ауыз, мұрын қуыстары, тіл, жұтқыншақ, дыбыс желбезектері бар көмей, кеңірдек, бронхалар, өкпе, диафрарма және дем алуға қатысатын кеуде қуысының бұлшықтары, қарын бұлшықтары кіріп, дауыс аппаратын құрайды. Ән салу күрделі психофизиологиялық процес болғандықтан оның қызметі орталық нерв жүйесі арқылы атқарылады. Әнші даусының аккустикалық қасиеттеріне дауыс биіктігі, дауыс күші, тембрі және дыбыс ұзақтығы жатады. Әрбір әнші өз дауыс құралын (аппаратын) жақсартуға өз даусын күтіп , баптауға көңіл бөлгені дұрыс. Осыны негізге ала отырып студентті дауыс аппаратының құрылысымен таныстыру мақсатында төмендегі суретті беріп отырмыз. Ал, дауысты дыбыстарға жаттығулар айту үшін мына суреттермен таныс болыңыздар:

«Вокал класы» пәнінің әр сабағында дауысты ән айтуға дайындау үшін жаттығулар жасалынады. Бастапқы кезде мынадай жеңіл жаттығулардан бастаған жөн:


______________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ барысында берілген шығармаларды орындауда ең алғаш вокализден бастаймыз. Бұл да дауысқа арналған жаттығудың бір түрі.

Вокализ (франсуз vocalize, латынша vocaliz-дауысты дыбыс) – дауысқа арналған текссіз айтылатын музыкалық жаттығу немесе этюд. Вокализ әншінің орындау шеберлігін, оның дауыс мәнерін жетілдіреді.

Вокализдер айтқызу арқылы вокалды техникалық дағдыларды игеру көзделенеді. Ол үшін студентке алдымен жеңіл вокализдер орындатқызудан бастаймыз. Әр студенке вокализ дауыс тембрі мен диапазонына қарай беріледі.

Мысалы:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________



_______________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қазақстан композиторларының әндері

Қазақ әндерінің басты ерекшеліктерінің бірі халықтығы, оны жасаушы композитор әркез халықтық ладтан шықпаған.

Композитор (латын compositor - құрастырушы) – музыкалық шығармалардың авторы, музыка жазумен шұғылданатын адам. Композитор термині ХVІ ғасырда Италияда кең тарады. Композитор мамандығы музыкадан табиғи дарынмен композициядан арнай білімі болуды талап етеді.


  • Қазақстан композиторларының әндерін орындап игеру үшін студент вокалды педагогикалық процесте әнді шығарушы композитордың өмірімен шығармашылығы жайлы мағлұмат алуы тиіс. Қазақ композиторларының әндерін үйренуде мына композиторлармен таныс боламыз. Б.Байқадамов, А.Жұбанов, С.Мұхамеджанов, М. Төлебаев, Л.Хамиди, Ш.Қалдаяқов.

  1. Халық әндерін игеру

Студент халық әндерін игеру барысында оның идеялық көркемдік мазмұнын түсінуі қажет. Әннің шығу тарихы және бұл әндер не үшін халық әндері деп аталуы жайлы студент толық мағұлмат алуы қажет. Халық әні дегеніміз атадан балаға мирас болып келе жатқан, ерте заманда шығып, композиторы ұмыт болып қалған әндерді айтамыз. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың басты өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында.

Халық әндерінің үлкен қазына екендігіде осы қасаиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында. Халық әнін орындауда әннің сөздерінің мағынасын жете түсініп айтуы қажет, өйткені ертедегі әндер тарихи оқиғалармен сабақтасып жатады. (Елім-ай, Самалтау, Бір бала, Дүние-ай).



  1. Мектеп әндері

Студентті мектеп әндерімен таныстыру. Алынған шығарманың ноталық текстін айтып беру. Балалар мен жастар әндерінің бәріне тән ерекшекліктері олардың ойнақылығы, эмоциялық көңіл күйінің көтеріңкілігі, дидактикалық мән-мағынасы күнделікті оқу тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасайды. Мектеп әнін игеру барысында студенттерді балалардың дауыс диапазондарымен таныстыру керек. Балалар даусының диапазоны мынадай болып келеді:

1-2-сынып дауыс диапазоны ре 1 октава – си 1 октава

3-4 сынып дауыс диапазоны до 1 октава – ре 2 октава

5 сынып дауыс диапазоны до 1 октава – ми, фа 2 октава.

Сондай ақ вокалды-педагогикалық процеске, студенттерді

өзінің даусымен және шығармаларды орындау үшін, өз бетінше жұмыс істей алуға тәрбиелеу ісі табиғи ұштастырылады. Өз бетінше жұмыс жасау түрлері:



  • таныс емес шығарманың әуенін аспапта орындай алу;

  • шығармаға музыкалық, теориялық, вокалдық талдау жасау;

  • Пәннен бірінші оқу жылында алған теориялық білімін, техникалық дағдыларын тиісті деңгейде қолана білу.

Сабақтың мақсаты: Студенттің вокалдық техникамен көркем-орындаушылық шеберлігіне баса назар аудара отырып, әншілік тынысын шыңдау, дауыс диапазонын кеңейту, шығарманы легато, стаккато арқылы айтып үйрету.

Әншілік тынысты шыңдау үшін алдымен дауыс шығару, тыныс алу жолдарымен таныс болғанымыз жөн. Жоғарыда біз әншінің дауыс шығару мүшелерімен жалпылама таныстырып өткенбіз. Ал енді осыған тереңірек тоқталайық.

Дауыс шығару мүшелері. Дауыс шығару мөлшері көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын қуыстары, тіл, тіс, таңдай , дауыс жарғағы, кеңірдек, трахия, бронха, окпе, кеуде, қарын қуысы, диофагма бұлшық еттері жатады.

Адам көмекейінің негізгі табиғи атқаратын қызметі дем алмастыру, дыбыс шығару, қорғану, жұтыну. Бұл міндеттер шартты рефлекс бойынша орындалады. Ал жауыс жарғағы көмей қуысына орналасқан серпімді тармақтардан тұрады. Көмей еттерінің жиырылуының салдарынан дауыс жарғағы керіліп, сыртқа шығатын ауа қысымы арқылы тербеліске келеді. Дауыс жарғағы дем алғанда, дыбыс шығарғанда әр түрлі формада болады. Дауыс жарғағы терең дем алғанда барынша тең ашылады, жай дем алғанда үшбұрыш формасында болады, ән айтқанда тең түйіседі. Трахия, бронха түтікшелері өкпеге ауаны алмастырып тұру қызметін атқарады. Олар тарам-тарам болып, кеуде қуысының ішін алып жатады.

Көмейден жоғары ауыз қуысы орналасқан. Ауыз қуысына үлкентіл, тіс, кіші тіл, таңдай, бет қуысы, бет сүйектерібар. Одан жоғары мұрын, кеңсірік шеміршектері, маңдай сүйектері жатады. Мұрын қуыстары арқылы ауа ортамен алмасады.Өкпе-кеуде қукысында орналасқан, көпіршік масса, ол өздігінен созылып жиырыла алмайды.

Өкпе көпіршіктері кеуденің қабырғаларының арасындағы еттер жиырылып, созылып қозғалысқа келтіріледі.



Әншілік тыныс алудың кейбір әдістері.

Қарын қуысының жоғарғы жағында диафрагмма орналасқан. Бұл бұлшық еттері дамыған орган. Демалғанда диафрагмма еттері керіліп, кеуденің көлемі ұлғайады.

Ән айтуда диафрагмма еттері алған демді ұзақ уақытқа дейін ұстап тұруға жағдай жасайды.


  1. Тыныс алу әдістері әртүрлі: иықпен дамалу кезеңінде кеуденің жоғарғы жағы көтеріледі де, диафрагмма жұмыссыз қалады. Бұл әдіс әншілер үшін жарамсыз, себебі, дем көлемі аз және тұрақсыз.

2. Кеуденің төмегі бөлігімен диафрагмманың толтыра тыныс алу әншілердің көп қолданатын әдісі және әншілер тәжрибесінде дәлелденіп шешімін тапқан

Әйелдер дауысын тәрбиелеуде кеуде, диафрагмма әдістері қолданылады. Тыныс алу тез, дем шығару баяу болады.

Студенттің дауыс диапазонын кеңейту үшін біз оның мүмкіндіктеріне, диапазонына көңіл бөлуіміз керек. Диапазон сөзі (dia pason) грек тілінен алғанда “барлық дыбыстар арқылы” деген мағына береді. Диапазон ұғымына вокалдық тұрғыдан қарағанда ол ең төменгі және ең жоғарғы белгілі дауыс көлемі. Диапазонына қарай барлық музыкалық дыбыстарды (аспаптық, вокалдық) регистр тұрғысынан үш түрге бөлеміз-төменгі, ортаңғы, жоғарғы. Жалпы музыкалық дыбыста диапазонына қарай ең көп пайдаланылатын – ортаңғы регистр. Міне сіздер диапазон сөзімен таныс болдыңыздар, ал енді сол диапазандарыңызды мүмкіндіктеріңізге қарай кеңейту үшін жаттығулар жасаған жөн. Осы мақсатта мына жаттығуларды ұсынып отырмыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
“Вокал класы” пәнінде біз тек қана бір сарымды ән салып қана қоймай, шығарманың мазмұнына қарай дыбысты құбылтып, легато, стаккато тәсілдерін игеріп айтуымыз қажет.

Легато- музыкалық шығармалардың дыбыстарын жеке-жеке бөлмей, бірімен-бірін байланыстырып орындауын көрсететін таңба. Легато таңбалары биіктігі әр түрлі дыбыстардың астына не үстіне қойылады.

Саккато- (италянша.staccato-жеке, дара)- музыкалық шығармалардың дыбыстарын

бірімен – бірі байланыстырмай, жеке-жеке бөлектеп, үзіп-үзіп айту немесе ойнау. Мына жаттығулар оған мысал бола алады:


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әншілік өнердің тағы бір қырымен таныс болыңыздар, бұл кантиленалық ән салу. Кантилена латынның cantilena сөзінен шыққан (жаттыға ән айту) – кең, еркін төгілген әуен деген мағынаны береді. Бұған М.И.Глинканың, П.И.Чайковскийдің опералары, италиян композиторларының шығармалары және де қазақтың халық әндері, қазақ композиторларының көптеген шығармалары үлгілі мысал бола алады. Мұндай кең еркін төгілген әуенді орындау бізден дыбысты таза биік нысанымен үндеуімізді талап етеді. Дыбысты таза биік нысанамен үндеуді меңгеру мақсатында, біз сіздерді дыбыстың пайда болу кезеңі және оның бастамасының түрлерімен таныстырайық.

Дыбыс пайда болу кезеңі. Ән айту-демалудан басталады. Ми қабатын нерв жүйелерімен импульс сигналлы арқылы дауыс сіңірлерін түйістіріп, дауыс желбезектері жабылады. Бұл кез дем шығару кезеңімен дәл келеді. Ал түйіскен дауыс желбезектері ауаны сыртқа шығармай ұстап қалады. Ауа дауыс еттері қабаттарын қуысында сыртқа ауа шығаратын еттердің күшімен қысымға келеді. Қысымға түскен ауа дауыс желбезектеріне қайта әсер етіп, күш түсіреді. Сол кезде дыбыс пайда болады.

Дыбыс бастамасы және олардың түрлері.

Дыбыс пайда болған мезгіл, дыбыс бастамасы, не дыбыс “атакасы” деп аталады. Дыбыс бастамасы үш түрлі болады:

а) қатаң

ә) жұмсақ

б) үзік

Қатаң дыбыс бастамасы дауыс сіңірлерінің өте қатаң түйісуінен пайда болады. Жиі қолданған қатаң дыбыс бастамасы дауысты бұзып, зақым келтіруі мүмкін.



Шығармаларда кездесетін драматизм кезеңдерінде, не марштар орындағанда қатаң дыбыс бастамасын қолдануға болады.

Жұмсақ дыбыс бастамасы кезінде дауыс сіңірлері жұмсақ, жеңіл түйісіп, дыбыстың еркін жұмсақ шығуына жағдай жасайды. Жұмсақ дауыс атакасы дауысты жаттықтырғанда , лирикалық шығармалар орындағанда қолданылады.

Үзік дыбыс бастамасы кезінде дыбыс желбезектері тегіс түйіспей, ішке өткен ауа толығымен дыбысқа айналмай, дауыс желбезектерінің арасын өтіп шығады. Бұл кезде дауыс таза шықпай қосымша “ысылдаған” үн қосыла шығады.Үзік дауыс атакасы дауысты бұзып, үнін таза естіртпейді.

Сонымен қатар дыбысты таза , биік нысанамен үндеу вокалды жаттығуды күрделендіруді талап етеді. Сол себепті біз бұл семестрде вокалдық жаттығуды күрделендіреміз.

Берілген шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын ашу, сөздерді анық табиғи түрде жеткізу қажеттігін тудырады. Ол үшін біз әншілердің дикциясымен жұмыс жасаймыз және ән айтудағы вокалдық орфоэпиялық заңдылықтарын сақтай білуін талап етеміз.

Ән айтқанда, әннің сөзін таза, дұрыс айтылуын “дикция”-дейміз. Вокалдық дикция дауыс өнері сияқты бірінен-бірін толықтырып тұратын ұғым. Ән сөзін таза және анық нақты айту екі элементтен тұрады: “творчествалық” және “техникалық”.

Творчествалық элемент дегеніміз әншінің орындайтын шығарманы мазмұны мен сөзінің ұғынықты, көркемдік жағын тыңдаушыға толық және анық, таза жеткізе білу.

Техникалық элемент дегеніміз әншінің орындалатын белгілі екпінде түрлі гамма, пассаж, трелль, фаршлаг сияқты шығарманың баяу дыбыстарын таза, әрі дұрыс айтып жеткізе білу.

Орындайтын вокалдық шығармамыз әсерлі болу үшін композитордың сомдаған бейнесіне сүйене отырып, орындауға өзіндік рең, көрік бере білу керек. Музыкада шығарма өмір көріністерін дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейді, адам баласының сезім мүшесімен түрлі дыбыс қасиеттерін тыңдап олардың бірінен-бірін ажырата білетін бойға біткен ерекше дарындылығы бар. Адам музыканы тыңдағанда өзіне одан ләззат алады, музыканың көркем әсем шығаруында музыкалық көптеген заңдары ерекшеліктері, көркемдік қасиеттерінің бір салада бір бағытта үн қосып , адамға рухани азық беруі-өзінше бір табиғи құбылыс. Сондай ақ музыкада заттардың сезім арқылы қабылданатын кейбір белгілері ассоциация (құс әніне орман суретін көру), аналогия (әуеннің байсалды, кең тынысты қозғалысынан жазық дала көрінісін елестету) және есту, көру сезімдері байланысының көмегімен қиялда қайта жаңғыру арқылы бейнеленеді.

“Вокал класы” пәнінің бұл семестрде алған білімін студент өз бетінше ізденушілік жұмыстарында жалғасын табуы қажет. Пәннен өткізілетін оқу-әдістемелік семинарларға, сонымен қатар вокал пәні ұстаздарының сабақтарына қатыса отырып қажетті тәжірибелік теориялық дәріс алуы тиіс. Вокалды білімді нығайтуға өз бетінше талаптану, оны мектептерде өткізілетін лекция-концерттерде,тәрбие сағаттарында тиімді қолданғаны жөн. Ән салу негіздері бойынша қысқаша конспект дайындау. Тақырыптық – музыкалық кештерге қатысу.

2.

Тақырыбы: Дүнижүзілік вокалдық музыканың асыл мұраларымен таныстыра отырып, мүмкіндігінше шығармаларды сол елдердің өз тілінде орындатқызу.

Түрлі бағыттағы вокалдық шығармалар мен стильдер, жанрлармен танысу.
Сабақтың мақсаты: Студентті дүниежүзілік вокалды музыканың асыл мұраларынан хабардар ету, опера, ария, романстармен толығымен таныстырып, вокалдық орындау шеберлігін меңгерту.Студенттің вокалдық білімін дамыту үшін түрлі бағыттағы шығармалармен, музыкалық стильдермен, вокалдық әдебиеттермен, мектеп әндерімен оны сүйемелдеу және балалар дауысымен таныстыру.
Дүниежүзілік вокалдық музыканың асыл мұраларымен таныстыруды Батыс Европадан бастағанды жөн көріп отырмыз. 17-ғасырда музыкада жаңа дәуір пайда болды. Шіркеу музыкасынан арылып өзіндік формасы , бояуы, мәнерлік құралы бар жанр дүниеге келді. Бұл жолда маңызды қадам операның дүниеге келуі, яғни вокалдық музыкада жаңа жолдың ашылуы. Дүниежүзілік вокалдық музыканың асыл мұралары дәл осы кезеңмен астасып жатыр, сол себепті вокалдық өнердің өркендеуіне өзінің септігін тигізген композиторлардың шығармашылығы және өмірімен таныс болыңыздар. Опера жеке жанр болып 16-17 ғасырлар аралығында қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік идеялары ықпалымен көптеген европалықтар ұлттық мәдениетте музыкалы –драма спектакльдердің жаңа түрі туа бастады. Бұл әсіресе Италияда кең өріс алды. Опера жанрының Батыс Европадағы көрнекті өкілдері: К.Монтеверди, А.Скарлатти, Дж.Россини, Дж.Верди, Дж.Пуччини (Италия):Г.Ф.Гендель, (Англия); Ж.Б.Люлли, Ш.Гуно, Ж.Бизе (Франция), В.А.Моцарт (Австрия); Л.Бетховен, К.М.Вебер, Р.Вагнер (Германия).

Қайта өрлеу дәуірінің өнер зиялылары сұлулықты, әуеннің мәнерлігін, жеке ән орындаудағы ғажап әншілікті (бельканто-итальянша bel canto вокалдық орындау стилі ), адам сезімінің байлығын бірінші орынға қойды. 1637 жылы Флоренция мен Рим князь сарайынан алғашқы опера театры Венецияға келді. Сол кезеңдегі италия операсының шыңы – музыкалық драманың негізін салушы Клаудио Монтеверди шығармашылығы. “ Коронация Поппеи” операсы бұған дәлел, сол замандағы әлеуметтік сұрақтарды көтерді.

Францияның опера мектебінің негізін салушы Жан Батист Люлли (1632-1687)- Флоренцияда дүниеге келген копозитор, дирижер, скрипкашы, клавесинст және дарынды музыкант болған. Өз заманындағы творчестволық және өмірлік жолы бір қалыпты болмаған, ол кезде патшалық билік мықты еді. Экономикамен мәдениетке буржуазияның енді әдебиет пен өнерге де әсер етіп, биліктегі бюрократтың басқару аппаратындағы белгілі тұлғаларды айқындап берді. Люллидің орындаған әдемі әуенге ие болған музыкалары өз замандастарының есінде. Люлли дирижер ретінде күштісептігін тигізді.операллық творчествасы өмірінің соңғы он бес жылында 70-80ші жылдадамыды. Осы уақыт ішінде 15 опера жазды. Солардың ішінде белгілі болған “Гезей” (1675ж) , “Атис” (1677ж), “ Персей” (1682), “Роланд” (1685ж) және”Амрида” (1686ж).

17-ғасырда классикалық театрдың әсерімен Люллидің операсы драматургиямен тығыз байланыста болды.ортағасырлық батырлар эпосынан үзінді Египеттік “Изиды” операсы, трагедиялық шиеленістардіөнерлі түрде жазды. Люллидің операсы, даматург Филиппкиноға класскаклық бағыт берді. Кино махаббат тақырыбына тоқталды. Бірақ , Отан алдындағы борышыәскер басшыларының ерлігі (Персей), батырлардың жауменкүресі (Армида) соғыс туралы (тезей) өзін өзі өлтіру (Альцеста) жайында жырлау

Люлли композитор ретінде классикалы театрдың күйші әсерінде болды. Өзінің либретасының әлсіз жағын көре отырып, оны өзінің музыкаменжеңуге тырыстырды. Люллидің операсын лирикалық трагедия деп атады. Бес актлы орындауда кеңінен ацланыстырылған композицияны қолданды. Киноның махаббат тақырыбындағы жоғалып бара жатқан дүниесін люлли әуенін жетілдіре отырып, интонациялыққатарын бұзбай музыкалы опера түзді. Француздық операда музыкамен ақындардың тақырыбы басқаша қалыптасты. Композитор мәтінді пластикалықозғалысқа енгізуді көздеді. Ең белгілісі “Армида” операсының юесінші сцена екінші актегісі.

Бұл лирикалы трагедияның либреттосы “Торквато Тассо” азат етілген Иерусалим” эпикасы поэмаданүзідісі ретінде кино жазды. Люлли ансамбльдеде күштіболды. Күлдіргі кейіпкерлерді ойнауды жақсы көрсете білді. Лирикалы трагедияда- хор әскери діни қиял-ғажайып ертегілерде өз орындарын белгіледі. Үлкен сахналарда бұлардың орны декоративті түрде болды.

Өте нәзік жүректің түбінен орын алатын, ешкіммен салыстырмайтын лирикалық опера үлгісі болып ағылшын композиторы Генри Перселл (1659-1695) музыка тарихында орын алды. Копозитордың шығармасы халық музыкасына өте жақын, ол өте нәзік, адамның жанын баурап алады, тұйық та салмақты. 1710 жылы Лондонға Георг Фридрих Гендель (1685-1759) немістің ұлы композиторы келді. Ол көптеген опералар қойды, солардың арасында “Юлий Цезарь в Египте”. Шіркеу бұл шығармалардың орындалуына қарсы болды, бірақта Генделдің шығармалары өзін мойындатқызды. Оның шығармашылығы Кристофа Виллибальда Глюкпен (1714-1787) Людвиг Ван Бетховенге үлекен септігін тигізді.
Людвиг Ван Бетховен (1770-1827) неміс халқының композиторы

Әкесі Людвигтің музыкаға зеректігін байқап, оны 6-7 жасында

фортепианоға үйрете бастайды, 11жасқа жеткенде фортепиано

мен органда тамаша ойнайтын болады. Жас композитор 11-12

жасында фортепианолық варияциялар, сонаталар жаза

бастайды. Франция; Италия композиторларының операларымен,

Шекспирдің шығармаларымен оқып танысады. 1792 жылы композитор Бонн қаласына Австрияның орталығы Венаға ауысады, осы жерде ол өзінің “Фиделио” операсын жазады.


Вольфганк Амадей Моцарт. (1756-1791)-Австияның

ұлы композиторы. Ол 50 симфония, 19 опера, соната, квартет, квинтет, реквием және т.б. әр түрлі жанрлардағы көптеген шығармалар жазды. Оның “Фигароның үйлену тойы”, “Дон Жуан”, “Сиқырлы сыбызғы” опералары күні бүгінге дейін дүние жүзі театрлары репертуарынан түспей келеді. Сондай ақ А.Моцарттың аспаптық шығармалары мен симфониялары қай кезеңде де тыңдаушылар жүрегіне жол тауып, тамсандырып келеді.



Шарль Гуно (1818-1893) – Парижде дүниге келді.Ш.Гуноның бастапқы музыкамен шұғылдануының өзіндік (характері) болған жоқ. Париж кансерваториясында Антон Реих класында дәріс алды.1839 жылы Ш.Гуноға Рим империясының премиясы беріліп Италия мен Германияда 1842 жылға дейін өмір сүруіне мүмкіндік берілді. Осы Италия елінің көркем әдебиеті мен мәдениеті, табиғаты оған үлкен сезім қалдырды. Ш.Гуноның бірінші операсы 50 жырлдары дүниеге келді. Олар “Сафо”, “Окрававленная монахиния”, “Фуаст”. 1859 жылы Ш.Гуно лирикалық театрда “Фауст” операсының қойылуы француз опера мәдениетінде жаңа бағыттың тууы болды. Композитордың лирикалық операды соңғы жеткен жетістігі-“Ромео Джульетта”.

Иоганн Штраус (1825-1899) музыканттар жанұясында дүниеге келді. Баласының музыкаға деген қызығушылығын сезген анасы өз жолдасынан әрең дегенде рұқсат алып роялда ойнауын сұрайды. Кішкентай Иоганның алдында көптеген міндеттер болды. Сонымен қатар ол үйінің басшысы болды. Композитордың ең алғаш вальс шығармасы “Молодость венцы”. И. Штраус опереттасы “Индиго и сорок разбойников”, “Карнавал в Риме”, “Летучая мыщь”.

Франц Шуберт (1797-1828) композитордың қысқа өмірі ауыр саяси жағдай кезеңінде

Венада өтті. Шуберт ең алғашқы романтик-композитор. Композитордың музыкалық шығармаларынан жалғыздықты, мұңды қайғы-қасіретті, көңілсіздікті байқауға болады. Жас кезінен ақ композитор өзінің мәнерін музыкалық тілін таба білді. 17-18 жасында ол мынадай “Форель”, “Гретхен за прялкой”, “Лесной царь” секілді керемет әндерді жазды, бұл шығармаларды композитордың шығармашылығының маржаны деп айтуға болады. Шуберт өте көп шығармалар жазды 1815 жылдың өзінде оның 140 тан астам әні дүниеге келді.

Батыс Европаның вокалдық музыка өнеріндегі жаңа буын, жаңа қарқын біртіндеп Ресей музыка мәдениетінің өсуіне, дамуына өзінің септігін тигізді.18 ғасыр Россия елінде үлкен білімділіктің кезеңі болды. 1 Петрдың реформасы мемлекеттің нық өсіп дамуына және шіркеулік емес өнердің дамуына бағытталған еді. Барлық жерде жаңа жанр, музыканың жаңа формалары кең етек жайды. Петр1-шінің бұйрығы бойынша мерекелік шерулерде ойнайтын духовой оркестр құрылды. Орыс композиторлары біртіндеп батыс европа өнерінен жаңа жанрларды өздеріне меңгере бастады. Олар шетел музыкасынан көшірме жасамай өз ұлтының салт-дәстүрімен мәдениетін негізге ала отырып шығармалар жазды. 18 ғасырдағы негізгші жанр – комедиялық опера. Алғашқы орыс опералары18-ғасырдың 70-жылдары пайда болған.

Михаил Иванович Глинка. (1804-1857). Ең алғашқы орыс музыкасының мінезін терең сезіммен бере алған композитор, орыстың классикалық музыкасының негізін қалаушы. Оның музыкаға әуестігі өте ерте кезінен басталды. 1817 жылы оны Петербургтегі дворян балаларына арналған пансионға орналастырды, 1822 жылы оқуын аяқтады. Глинка бітірер қарсаңында музыкалық шығарма жазуға кіріседі. 1820 жылдардың соңында бірнеше шығармалардың авторы болды. Өз шығармашылығын жетілдіру мақсатымен шетелге сапар шегеді.

Италиямен Германияда төрт жыл болып, ондағы компазиторлар өмірімен шығармашылығымен танысады. Глинка бірінші болып “Иван Сусани” операсын жазды. Бұл операның алғашқы қойылымы Петербургте үлкен театр сахнасында 1836 жылы 27 қарашада өтті, бұл күн тарихта орыс классикасының туған күні болып қалды. Осыдан кейін “Руслан және Людмила” операсы дүниеге келді.




Сергей Василевич Рахманинов (1873 жылы 1 апрельде Новгородской губернясында дүниеге келді. 1892 жылы Рахманинов консерваторияны алтын медалмен бітірді. Емтихандық жұмысында Пушкиннің “Цыгандар” поэмасынан бір актылы “Алеко” операсын жазды. Сол шақта осы опера Москвадағы үлкен театрдың сахнасында қойылды. Көп уақыт өтпей автор Киевтік опера театрында дирижер ретінде жұмыс істеді. Ол фортапианоға 24 перелюдия, 6 музыкалық момент, 15 этюд-сурет, 4 концер жазды. 80-нен астамроманстарда және “Франческа да Римини” операсында терең сезім ұшқыр қиялымен ерекшеленді “Өлілер аралында” атты симфониялық поэмасы трагедиялық сезімге толы.

“Паганини тақырыбына рапсодия”, “Симфониялық билер” сияқты оркестірлік шыңармаларын шетелде жүріп жазды.



Дмитрий Дмитриевич Шостакович. (1906-1975) – орыс халқының ірі музыка қайраткері, композитор. Ал соңына 15симфония, 30 квартет, екі опера, үш балет, оннан астам кино жәнедрамалық қойылымдарға арналған музыка, фортепиноға арналған кантаталар, симфониялық сюиталар. Пушкин, Лермонтов, Шекспир, Блок сөздеріне жазылған ән-романстар, фортепиано, скрипка, виолончельдерге арналған концерттер, квинтеттер қалдырды.

Д.Шостакович Мәскеу, Санк- Петербург консерваторияларында дәріс берді. Шәкірттері арасынан Г.Свиридов,К.Караев, Р.Гаджиев, Б.Чайковскийлерді ерекше атауға болады.



Александр Сергеевич Даргомыжский. (1813-1869) болашақ композитордың балалық шағы ата-анасының жанында Смоленский губерниясында өтті.

Даргомыжский 6 жасынан пианинода ойнай бастаған. Ал 11-12 жасында өз бетінше шығармалар жаза бастады. 1830 жыл басында жас композитор Петрбургқа ең мықты әдеби-көркемдік салонына қатысты. 1834 жылы Доргомыжский Глинкамен ең алғашқы кездесуі болатын, Глинканың сол уақытта шетелден оралған кезі. Бұл танысу Даргомыжскийге көп нәрсені шешуге көмектесті. Бұл кезде музыкалық шығармамен таныспады, бірақ кейінірек Глинканың творчествасымен танысуы оны шығармашылық ерліктерге жетеледі.

Осы жылдарда Доргомыжыский бірнеше романстардың, өлеңдердің фортепианолық пьессалардың және симфониялық “Болеро” шығармамен атақты композитор болды.

Оның басты шығармаларында вокалдық музыка, романстар, ариялар, әндер, дуэттер орын алады. Ең бірінші кезекте үлкен көркемдік жағынан бағаланған романс Пушкиннің сөзіне жазылған: “Я вас люблю”, “Юноша и дева”, “Ночной Зефир”. 1830 жылыдың соңында Глинканың көмегінсіз Даргомыжский опералық шығарма жазуға ой туындайды. “ Эсмеральда” операсынмен жұмыс жасау үш жылға созылды 1841 жылы аяқтады.




Петр Ильич Чайковский. (1840-1893) орыс халқының дарынды композиторы. Ол-6 симфония, 4-кантата, 5 сюита, көптеген симфониялықувертюралардың (оның ішінде “Ромео мен Джулетта”, “Франческа да Римини” бар) және “Манфред” атты бағдарламалы симфонияның авиоры. Оның “Италияндық Каприччио” атты шығармасыдүние дүзіне әйгілі болды.

П.Чайковский “Евгений Онегин”, “Қарғаның мәткесі”, “Мазеппа”, “Иоланта” сияқты 11 опера, “Аққу көлі”, “Ұйқыдағы ару”, “ “Щелкунчик” атты балеттер, фортепиано, скрипка аспаптарына арналған концерт пьеса, романстар жазып қалдырды.



Сергей Сергеевич Прокофьев (1891-1953) 9 ажсында “Великан” атты опера жазған аса дарындыкомпозитро, дирижер. Ол “Игрок”, “Семен Котко”, “Соғыс және бибітшілік” операларын, “Ромео мен Джульетта”, “Золушка”, “Тас гүл туралы аңыз” балеттерін жазып қалдырды. Оның “Александр Невский”, “Иван Грозный” кинофильмдеріне жазғанмузыкасы, 7-симфониясы-орыс кәісби музыкаөнердің алтын қорына қосылған ірі туындылар.

Георгий Васильевич Свиридов (1915)-орыстың кәсіби музыка өнеріне зорүлес қосқанірі қайраткер. 1935-1940 жылдарда А.Пушкиннің сөзіне жазылған вокалды цикл Г.Свиридов есімін елге тез танытты. Оның “Есенинге” атты поэмасы, революцяға арналған “Патетикалық ораториясы” орыс музыкасының аса құндытуындаларына айналды. Г.Свиридовтың , Б.Пастернактыңсөзіне жазылған “Қар жауғанда” және “Курс” әндеріатты кантаталары, Р.Бернстің аөзіне жазылған әндері, С.Есениннің сөзіне жазылған вокалды циклдері- кәсіби музыка қорына қосылғ ан, қайталанбас, құнды шығармалар.


Узеир Гаджибеков (1885-1948) У.Гаджибеков-әзірбайжан ұлттық кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы. Оның “Аршын мал алан” комедиясы, “Көрұғлы” операсы – музыка мәдениетіне қосылған құнды дүниелер. Композитор әзірбайжан ұлттық музыкасының дамуына бүкіл өмірін арнады. Әжірбайжанда алғашқы ұлттық консерваторияның ашылуына мұрындық болды. Ол “Әзірбайжан халық музыкасының негіздері” атты ғылыми еңбек жазды.

Мұхтар Ашрафи (1912-1975) М.Ашрафи - өзбак халқыныңалғашқы кәсібикомпозиторы. Өзбек халық әуендерінен тұратын “Боран”, “Ұлы канал” (С.Василенкоменбірге)операларын алғашқы өзбек симфонияларын жазды. Оның “Бақыт туралы ән” атты акнтатасы, “Сұрапыл жылдар” вокалды поэмасы бойынша жазылған “Дилором” операсы, “Ақын жүрегі”, “Махаббат тұмары” балеттері-өзбек кәсіби музыкаөнеріндегі қайталанбас қымбат туындылар.

Сіздер ойлағанысздарма, опера театрының өз тыңдаушыларын қатты баурап алуының сыры неде екенін? Неге опер театрында толғандыратын атмосфера патшалық құрады? Операның қайталанбас ғажайып сыры неде?

Бұл сұрақтарға жауап беретін операның өзі, оның табиғатында және музыкалық жанрында. Опера өте ертедегі өнердің театр және музыкалық қосылуынан пайда болған.

Опера деген Италия тіліндегі шығарма, “еңбек” деген ұғымнан пайда болған, музыка өнерінң ішіндегі ең көлемді жанрдың бірі. Опера деп көлемді оқиғаны баяндайтын әншілер, хор, оркестр, бишілер т.б. көптеген өнерлердің қосындысынан пайда болған музыкалық драмалы жанрдың түрін айтамыз.Опера жанры 16-ғасырда Италияда пайда болып, кейінрек Европа, Азия елдерінде тарап кеткен. Опера жанрының өмірге келуіне бірнеше себеп болған-өнердің өзіндік музыкалы драмасы. Опера жанрын көлемді жанрлардың қатарына қосу себебі операда ең әуелі либретто болуы шарт, сахна бейімделген драмаға ыңғайлап музыка жазылып, онда ән, ария, ариоза, каватина, дуэт, трио, квартет, оркестр, хор, би өнерлерімен ұйымдар қатысып қоймай, сахналық көріністер (декорациялар), костюмдер, түрлі шұғыла жарықтар арқылы көрсетілетін музыкалық драма пайда болады.

Композитор толғанысын белгілі либреттоға негіздей отырып, оған музыка жазуға кіріседі.

Оперның музыка желісі либреттодағы өмір оқиғаларында ән, ария, ариоза, хор, би, оркестр тілдеріне шеберлікпен түсіріп, тыңдаушымен көрерменді музыкасының әдемілігі, жүрек сырын шертетіндігімен құлаққа жағымды, жүрекке қонымды, адамның жанын тербететін музыка әуенімен еліктетеді. Опера мазмұны үлкен тарихи болған оқиғалардың негізінен құрылып, драматургиялық қайшылықтарды, философиялық ой өрістерін өзек етіп, тыңдаушы менкөреуші қауымын, жеке кейіпкерлердің мінез-құлқын музыка тілімен баяндап отырады.

Музыка тарихында опера жанрына елеулі еңбек сіңірген композитор классиктер көптеген түрлі операларды жазып, өнердің алтын қазына қатарына үлестерін қалдырды. Бұл жөнінде Моцарттың “Свадьба Фигаросы”, Вагнердің “Тангейзері” Россинидің “Цивиль шаштаразшысы” , Вердидің “Аидасы”, Пуччинидің “Чио-чио-саны”, Глинканың “Иван Сусанині” ,Русланмен Людмиласы”, Чайковскийдің “Евгений Онегині”, “Қарғаның мәткесі”, Мусоргскийдің “Борис Годуновы”, “Хованщинасы”, Доргомыжскийдің “Русалкасы”, Бородиннің “Князь Игорь”, Римский-Корсаковтың “Садкосы”, Хренниковтың “Аннасы”, Шаропиннің “Жас гвардиясы”, Бурсиловскийдің “Қыз жібегі” “Дударай”, “Ер Тарғыны”, Төлебаевтің “біржан-Сраасы”, Жұбанов пен Хамидидің “Абайы”, Е.Рахмадиевтің “Қамар сұлуы”, Алпамысы”, С.Мұхамеджановтың “Айсұлу” т.б. көптеген шығармалар сахнадан орын алды.

Ария деп-көлемді драматикалық көтеріңкі шабытпен айтылатын операның, ораториясымен квантатаның бас кейіпкерлерінің жеке дауыспен, оркестр сүйемелдеуімен орындайтын әнін айтамыз. Мысалы: композиторлар: А.Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абай” операсының бірінші және төртінші актысындағы Абайдың ариясы, М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасындағы”Біржанның ариясын, М.И.Глинканың “Русланмен Людмиладағы” Русланның ариясын айтуға болмайды.Қорытып айтсақ, ария- операдағы бас қаһарманның түпкі ойымен мақсатын жинақтап көсететін күрделі идеалы шығарма.

Ария жанры соңғы кезде кейбір музыка аспаптарына да арналып жазылып жүр. Мысалы, композитор А.Жұбанов халық аспабы қобыздың үніне “Ария” жазды. Бұл арияның бас лирикалық методикасы қоңыр дауыспенбасынан аяғына дейін толқындалып, адамның жүрегіне қайғылы мұңын шаққандай болады.

Алуан сиқырлы үні бар қобыз аспабы ерте кезде бақсылардың қолында зарлы үн шығарса, міне , біздің Қазақстан дәуірінде халықтың көңіл-күйін жырлайтын өнерге айналды.Фатима Балғаева секілді қазақ қызының шебер ойнауыменБерлиндегі дүниежүзлік жастар фестивальіндегі Ахмет Жұбановтың “Көктем”, “Ария” атты шығармасыментаныстырған болатын.

Романс-романс деген испан сөзі. Орта ғасырларда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда бола бастаған. 16-ғасырдан бастап романс деген жанр тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. 18-19 ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналып, музыкалық сүйемелдеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармаларда айтатын болған. Романс-музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен бір дауысқа жазылған лирикалық ән.

Романстың әнмен айырмашылығы сол екі-үш бөлімнен құралып, фортепианоның сүйемелдеу партиясы жеке дауыспен таласқан болып айтылады. Мысалы, композитор Шуберттің “Мельникр ручей” деген романс үш бөлімнен құралған. Бұл романстың мазмұнында жас бала бұлаққа келіп, өзінің сүйіспеншілік қайғысын жорытады. Бұлақ суы оны жұбатады . Бұнда композитор адам баласын табиғат пен сөйлестіру түспен салыстыру шеберлігін музыка мелодиясының ырғағы мен көрсете білген.

Қазақстан композиторлары С.Мұхамеджановтың “Жарық етпес қара көңілімне қылсада”, Иванов-Сокольскийдің “Айсұлу”, Д.Д.Мацуциннің “Күтемін сені”, Григтің “Сүйемін сені”, “Түс” және Чайковскийдің “Растворил я окно” деген ромостарының құрылымы мен жоғарғы да айтқанды дәлелдейді.

Романс тек дауысқа ғана жазылып қоймай, соңғы кезде музыка аспаптарына да арналып жазылып жүр. Мысалы, А.Жұбановтың қобызға, К.Күмісбековтың виолинчельге арналып жазылған романстарын естеріңе түсіріңдер. Жәй әндермен романстан басқа көлемді әндер де бар, оларды ария, ариетта, ариоза, каватина баллада деп атайды. Ария ,ариоза, ариетта, каватина терминдері Италия сөздері.

Міне дүниежүзілік вокалдық музыканың асыл мұраларына шолу жасап таныстырып өттік, осы семестрде орындайтын шығармаларымызға теориялық негіз болады деген ойдамыз. Пәннен алған осы кезеңдегі дәріс мектептерде ұйымдастырылатын тақырыптық лекция – концерттерде ән байқауларында, педагогикалық іс-тәжрибе кезінде қорытындыланады. Вокалдық – педагогикалық процестің нәтижелі өтуіне пәннен реферат жазу білім дәрежесіне бағалы үлес қосады.

“Вокал класы “пәнінің соңғы курсында репертуарды кеңейту жұмысы жалғасады, осы мақсатта біз сіздерді музыкалық стильдермен таныстыра отырып, түрлі бағыттағы шығармаларды орындатамыз (опердан ариялар, шетел композиторларының шығармалары, ансамбльдік орындау). Музыкалық стиль – көркемдік әдіс пен тәсілдер жиынтығы.

Көркем шығармада образ жүйелерін құру әдістерінен композитордық шығармашылық манерасын байқаймыз. Музыкалық стиль композитордың өзіндік дара ерекшелігін, қолтаңбасын анықтаумен бірге, өткен дәуірмен қазіргі замандағы көркемдік әдіс-тәсілдер мен бағыт бағдарламасында анықтайды. Музыкалық эстетикада стиль категориясы 16 ғасырдың соңында кәсіби музыкалық шығармалардың мазмұндық ерекшеленуіне байланысты қалыптасты. 16-17 ғасырларда стиль деп жанр ерекшелігі мен әртүрлі бағыттарды атады. 18 ғасырда стиль мағынасы одан әрі кеңіді, қоғамның дамуымен қатар музыкалық стильдер бірнеше кезеңдерге бөлінді. Тарихи кезең стильі, полифониялық стиль, Венаның классикалық мектебі, романтизм.

Өткен семестрде біз музыкалық опера, ария, романс жанрларымен таныс болғанбыз, ал енді вокалдық шығарманың ансамбльдік орындау ерекшелігіне және онда кездесетін дауыс түрлеріне тереңірек тоқталайық. Вокалдық ансамблдің (түрлі дауыстардың) үйлесіп шығуы, дыбыс үндестігінің таза айтылуы (дикция) және түрлі нюанстарын бере алатын дағдыларды меңгеру вокалдық ән айту дағдыларына жатады. Репертурдағы шығармалар вокалдық ансамбальдің орындаушылық шеберлігіне лайық іріктелген және өз мүмкіндігіне сәйкес болғаны жөн.Сондықтан ансамбльдегі әрбір әнші дауыс құралын (аппаратын) жақсартуға, өз дауысын күтіп, баптауға көңіл бөлгені дұрыс.

Жалпы ән айту физиологиялық процесс, демек организмге байланысты құбылыс. Ән айтуда ми, нерв жүйелері, дауыс аппараттары: көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай, кеңірдек, кеуде , өкпе сияқты организмдер өзара байланысып қатысады.

Вокалдық ансамбль құру мақсатында дауыс түрлерімен таныс болыңыздар.

Дауыс әр түрге бөлінеді: ерлер, әйелдер, балалар дауысы. Ерлер дауысы тенор, баритон бас болып бөлінеді.

Тенор. Тенор ерлерді ең жоғарғы деңгейіндегі дауыс. Тенор дауысы өзінің бояуына , дыбысберу күшіне сай үш түрге бөлінеді.



  1. Ең жоғарғы және нәзік үнді естілетін дауыс тенор-альтино. Дауыс шеңбері диапазоны бірінші октаваны “ми” дыбыстары аралығын қамтиды. Тенор – альтенор дауысы өте сирек кездеседі.

  2. Тенор дауысының екінші түрі лирикалық –тенор деп аталады. Бұл дауыс өте жұмсақ, құлаққа жағымды, нәзік үнді дауыс. Сондақтан классик компазиторлардың көпшілігі опералардағы басты кейіпкерлердің лирикалық -тинорға арнап жазған. Дауыс шеңбері диапазоны бірінші октаваны “до” дыбысынан үшінші октаваны “до”дыбысы аралығын қамтиды.

  3. Тенор дауысының үшінші түрі драммалық – тенор деп аталады. Бұл дауыста жиі кездесе бармейді.

Диапазон жағынан лирикалық-тенормен тең, ал дауыс күші жағынан молырақ, кеңірек дыбыс береді.

Баритон. Баритон дауысы ерлердің қоңыр үнді, орта деңгейдегі дауысы. Баритон өте әдемі; дыбысы жағанан көлемді дауыс. Баритон дауысы да опера кейіпкерлерінің басты ролдерінде жүктеледі және ол да екі түрге жіктеледі.



  1. Баритон-лирикалық

  2. Баритон-драмалық.

Дауыс шеңберң диапазоны кіші актавның “соль”, “ля” дыбысынан екінші актаваның “ля” дыбыстары аралығын қамтиды.
Бас.Бас дауысы дауыстардың ішіндегі ең төменгі дауыс. Бас дауысы да екі түрге бөлінеді.

  1. Бас-жоғарғы деңгейдегі

  2. Бас-төменгі деңгейдегі профондо.

1.Жоғарғы деңгейдегі бас дауысының дыбыс шеңбері диапазоны үлкен октаваның “фа” дыбысынан бірінші актаванвң “фа” дыбысатры аралығын қамтиды.

2Бас-профундо төменгі деңгейдегі бас дауысынан дыбыс шеңбері диапазоныүлкен октаваның “ми” дыбысынан бірінші октаваның “ми” дыбыстары аралығын қамтиды. Әсіресе, бас-профунданың төменгі ноталары өте әдемі естіледі.
Әйелдер дауысы. Әйелдер дауысы сопрано, мецо-сопрано болып бөлінеді. Сопрано дауысы күміс үнді жылдам, жүрдек, нәзік үндіестіледі. Өзінің тембрінің бояуына дауыс күшінің көламіне байланысты үшке бөлінеді.

1.Ең жоғарғы жеңіл үнді колоратуралық – сопрано деп аталады. Дыбыс шеңбері диапазоны бірінші октаваның “до” нотасынан үшінші октаваның “ми” нотасы аралығын қамтиды.

2.Сопрано- лирикалық.

3.Сопрано-драмалық.

Бұл дауыстарды, дауыс үнінің нәзіктігі және дауыс күшінің молдығынан ажытатуға болады. Ал, дауыс шеңберлері бірдей, бірінші октаваның “до” нотасынан үшінші октаваның “до” ноталары аралықтарын қамтиды.

Меццо-сопрано. Меццо – сопрано әйелдердің төмен деңгейдегі жуан кеуде резоналары арқылы шығады, барлық үнді құлаққа өте жағымды дауыс. Дауыс шеңбері кіші октаваның “сол”, “ля” ноталарымен”ля-си” – ноталары аралықтарын да қамтиды.

Вокалдық ән айту дағдыларын меңгерумен қатар балалар дауыс ерекшелігін білу, мектен әндерін сүйемелдеу қажет. Көп жағдайда студент орындаушылық қабілетін, үйреніп жүрген мектеп әнін өзін-өзі сүйемелдеу арқылы көрсетеді. Бұл жұмыста екі түрлі қиындық кездеседі: бірі отырып ән айту (әңгіме фортепианолық сүйемелдеу туралы болып отыр). болса екіншісі толық бақылау, олармен қарым-қатынаста болып ән айту. Отырып ән айту - орындаушылықты қиындата түседі, сүйемелдеу барысындаөзінің қабілетін, дауысын, дыбыс күшін айқындап алуға үйрену керек. Өзінің вокалдық мүмкіндіктеріне сәйкес міндетті түрде сабақ алдында дауыс жаттығуларын жүргізу керек.

Сыныпта байланыстыра үзбей, бір мезгілде әрі ән салып, әрі сүйемелдеу үшін әннің барлық құрамдас элементтерін жетік білу керек. Атап айтқанда:

вокал және ән сөзінің жолдарын жатқа білуі, сүйемелдеу кезінде қолайлы аппликатура, ыңғайластырылған педализация, дұрыс ырғақ сүйемелдепотырған партияның естілу күші бірқалыпты болуы керек. Студент ән текстінің сөздерін дәл жеткізуге тырысуы керек. Өйткені нотаға қарап отырған кезде, немесе сыныпқа бұрылған кезде дыбыс ырғағы өзгеріп, ән сөзі бұзылып естілуі мүмкін. Ән текстінің анық, нақты айтылуын жеке-жеке әрі айтып, әрі оқып балалардың дауысын тексеру керек. Баланың дауысы өте нәзік. Организмнің өсуіне байланысты оның дауыс шығару аппараты да өзгеріп отырады. Егер бала кішкентай кезінен дауысына зақым келтіріп алса, бұл бұдан былайғы дауыс аппаратының дұрыс дамуына мүмкіндік бермейді. Сөз жоқ, музыка мұғалімі бала дауысын тәрбиелеуде дауыс аппаратының анатомиялық құрылысымен дыбыс жолдарының физиологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Дауыс аппаратының құрылысын терең білу, жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерісін сезіну, әнге тәрбиелеудің жаңа жолдарымен бағыт бағдарламаларының дүниеге келуіне әсер етеді.

“Вокал класы” пәнін оқып үйренудің қорытындылау кезеңі болғандықтан студент ән айту, оны үйренуге арналған методикалық нұсқаулар, вокалды әдебиеттер, сөздіктермен өз бетінше жұмыс жасауды меңгеру қажет. Вокал өнеріндегі танымал әншілер, орындаушылардың, шетел композиторларының шығармашылығымен тереңірек танысып ол жайында мағлұматтар жинауы керек. Жоғарыда көрсетіліп таныстырылған курс мазмұны студенттердің вокалдық қабілеттерін арттыра отырып, жалпы білім беру мектептерінде кәсіби музыка мұғалімін нәтижелі дайындауда бағалы үлес қосады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті


«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы

«Вокал класы» - пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары

(С Ө Ж)


8. С Ө Ж – Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы




СӨЖ тақырыптары, мазмұны

әдебиеттер

1

1 - Тапсырма:

І. Мектеп әндерін өз бетінше орындау.

Қазақстан композиторларының бір әніне теориялық вокалдық талдау жасай отырып әнді игеру.

25, 6, 22, 21



2

2-Тапсырма.

І. Дүниежүзілік вокалды музыканың асыл мұраларын жинақтау, мүмкіндігінше 1 шығарма орындап беру.

ІІ. Вокал өнеріндегі танымал әншілер, композиторлар өмірімен шығармашылығын топтастыру.

1, 2, 3, 4, 5, 6,21, 22, 23, 24




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет