№2 кардиология бойынша тесттер Ылғалды перикардиттің рентгенологиялық көрінісі


Д) қажет болғанда жүрек гликозидтерін қосу



бет3/7
Дата29.01.2018
өлшемі1,14 Mb.
#35995
1   2   3   4   5   6   7

Д) қажет болғанда жүрек гликозидтерін қосу

Е) Кальций антагонистері

12. Феохромоцитома кезіндегі гипертониялық кризде қанда анықталады:

А) Лейкоцитоз

В) лейкопения

С) Эозинофилия

Д) ретикулоцитоз

Е) анемия
13. Оқшауланған систолалық артериялық гипертензия тән:

А) тиреотоксикозға

В) Иценко Кушинга ауруына

С Феохромоцитомаға

Д) Қолқа коарктациясына

Е) Жүктілік гипертензиясына


14. Келесі препаратты ұзақ қолдану артериалық қысымның артуына алып келеді:

А. гормондық контрацепция

Б. жүрек гликозидтері

В. Метилксантин туындылары

Г. нитраттар

Д.гепатопротекторлар


15. Реноваскулярлық артериялық гипертензияға келесі гипертензия жатады:

А) Бүйрек артерияларының атеросклерозы кезінде

В) Пиелонефритте

С) Гломерулонефритте

Д) Диабеттік нефропатияда

Е) Жүкті әйелдерде
16. Феохромоцитомаға тән:

А) Артериялық гипертензия қатерсіз ағымды

В) Пароксизмальды триада – қатты бас ауруы, кенет жалпы әлсіздік, жүрек соғуы

С) Қолдардағы қысымның асимметриясы

Д) Қол және аяқтағы қысым асимметриясы

Е) гипотензивтік емнен жақсы нәтиже


17. Жекелеген систолалық артериялық қысымның жоғарылауы тән:

А) Қолқа жетіспушілігі кезінде

В) Қолқа стенозы

С) Бүйректік гипертензия

Д) Митральды жетіспеушілік

Е) Митральды стенозда


18. Реноваскулярлық гипертензияға қандай белгі тән:

А) Артериялық гипертонияның криздік ағымы

В) Зәр анализіндегі айқын өзгерістер

С) медикаментоздық емнен жақсы нәтиже

Д) Қатерсіз ағымы

Е) Бүйрек артерияларының проекциясында тамырлық шу естілуі


19. 33 жастағы ер адам клиникаға тұрақты бас ауруы, бас айналу, көрудің үдемелі нашарлауы, жүрек тұсындағы ауырсыну, аздаан физикалық жүктеме кезіндегі ентігу шағымдарымен келіп түсті. Бір жылдан бері ауырады – артериялық қысым жоғарылауы анықталып, жылдам жоғары цифрлерге жеткен, ем нәтижесі нашар, бүйрек зақымдалу белгілері пайда болып, көру нервісі емізікшесінің ісінуі байқалған. Бұл тән:

А) Иценко-Кушинга синдромына

В) созылмалы пиелонефрит кезіндегі артериялық гипертензияға

С) Нефроптоз кезіндегі артериялық гипертензиға

Д) Қолқа серпінділігі төмендеген артериялық гипертензиға

Е) Қатерлі гипертензияға


20. Артериялық қысымның қолда жоғары және аяқта төмен болуы тән:

А) Такаясу ауруына

В) Қолқа коарктациясына

С) Кон синдромына

Д) Иценко-Кушинга ауруына

Е) Феохромоцитомаға


21. Вазоренальды гипертензияны диагностикалауда ең ақпаратты әдіс болып табылады:

А) Венаішілік пиелография


В) Бас миының компьютерлік томографиясы, қан плазмасында ренин мөлшерін анықтау

С) Радиоизотопты ренография


Д)_ Бүйрек тамырларының ангиографиясы

Е) Бүйрек УДЗ


22. 36 жастағы әйел артериялық гипертензия себебін нақтылау үшін клиникаға келіп түсті. Қарау кезінде анықталды: май қабатының әр текті таралуымен жүрген семіздік бар, май қабаты көбіне дененің жоғарғы бөлігінде, мойын аймағында - «буйволдық тип», беті ай тәрізді, қызыл қоңыр түсті, гирсутизм, сан мен иықтың ішкі бетінде қоңыр стриялар бар. Бұл көрініс тән:

А) Біріншілік альдостеронизме

В) Гипотиреозға

С) Феохромоцитомаға

Д) Иценко-Кушинга ауруна

Е) Тиреотоксикозға


23. 34 жастағы әйел қорқыныш, үрей сезімімен қатар жүретін ұстамалы түрде мазалайтын бас ауруына, тершеңдікке, қол және аяқ саусақтарындағы шаншу сезімі, жүрек қағу, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Ұстама кезіндегі АҚҚ 200/115 мм сын бағ, ЖСЖС 120 рет минутына. Төсектен тұруға әрекет жасағанда естен тану мазалайды. Науқаста болуы мүмкін:

А) Эссенциальды артериялық гипертензия

В) Феохромоцитома

С) Гипертониялық типті нейроциркуляторлық дистония

Д) Иценко-Кушинга синдромы

Е) Конн синдромы


24. 16 жастағы денесінің жоғары бөлігі жақсы дамыған жасөспірімде военкоматта комиссия өту кезінде жоғары артериялық қысым анықталған. Қарау кезінде қол және аяқтың пропорциональды емес дамуы, мойын тамырлары пульсациясының күшеюі, аяқ тамырлары пульсациясының азаяы, жауырын аралығында систолалық шу анықталды. Аяқта қысым төмен. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?
А) Такаясу ауруы

В) Иценко-Кушинга ауруы

С) Қолқа коарктациясы

Д) Біріншілік гиперальдостеронизм

Е) Бүйрек артерияларының атеросклерозы
25. 62 жастағы ер адам, бұрын миокард инфарктісі болған, дәрігерге бас ауру және бас айналу шағымдарымен келді. Қарау кезінде пульс 86 рет мин., артериялық қысым 200/100 мм сын бағ, жүрек шамасыздығы белгілері жоқ, аяқ тамырларының облитерациялық атеросклерозы белгілері бар. Артериялық гипертензияны емдеу үшін науқасқа тағайындау керек:
А) Анаприлин

В) Амлодипин

С) Метапролол

Д) Гипотиазид

Е) Энап
26. 55 жастағы орташа артериялық гипертензиямен ауыратын ер адамда соңғы жылдары АҚҚ жоғары деңгейде (200/100 мм сын бағ) тұрақтанды. Қосымша ауруы: аяқ тамырларының облитерациялық атеросклерозы. Бүйрек зақымдалу белгілері жоқ. Артериялық гипертензия ауырлығының жоғарылауына әкелген себеп:
А) Қолқа серпімділігінің төмендеуі

В) Бүйрек артерияларының атеросклероздық стенозы қалыптасуы

С) нефроптоз қосылуы

Д) бүйрек артерияларының тромбозы

Е) созылмалы гломерулонефрит
27. 45 жастағы тұрақты жоғары артериялық қысыммен ауыратын ер адам қатты бас ауруы, әлсіздік, кезеңді түрде таңертең пайда болатын беттің ісінуі шағымдарымен келді. Қарағанда: пульс 80 рет мин., артериялық қысым 210/120 мм сын бағ. ЭКГ – де: сол қарынша гипертрофиясы, гипокалиемия белгілері бар. Қан анализінде: калий - 2,1 ммоль/л, натрий 149 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы төмен, несептік тұнба өзгермеген, несеп реакциясы қышқыл. Радиоренографияда – бүйрек секрециялық қызметі симметриялық бұзылған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

А. феохромоцитома

Б. Кон синдромы (біріншілік гиперальдостеронизм)

B.созылмалы пиелонефрит

Г. Созылмалы гломерулонефрит

Д. Иценко-Кушинга синдромы





  1. 16 жастағы жасөспірім профилактикалық қарау кезінде артериялық қысымның 170/110 мм. сын. бағ. дейін жоғарылауы, оң жақта бүйрек артериясы проекциясында систолалық шу анықталды. Зәр анализінде: белок іздері, лейкоциттер 0-2 к/а, эритроциттер 0-1 к/а. Бүйрек артериясы ангиограммасында: бүйрек артерияларының көптеген тарылулары, стеноздан кейінгі кеңеюі (бусы жіпшелері немесе тасбиық тәрізді)

Артериялық гипертензия қай аурумен байланысты?

А) Созылмалы латентті пиелонефрит

В) Созылмалы гломерулонефрит

С) Бейарнамалы аорто-артериит

Д) Бүйрек артерияларының фибромускулярлық дисплазиясы

Е) жедел гломерулонефрит


29. 49 жастағы әйел артериялық гипертензия бойынша қаралды. АҚҚ 200/140 мм сын бағ дейін көтеріледі. Тамақтануы жоғары, беті «ай тәрізді», бетте түктер көп, кеудеде және санда қызыл қоңыр түсті стриялар бар. Бүйрек үсті безі УДЗ: екі жақты гиперплазия. Артериялық гипертензия қандай аурумен байланысты?

А) Иценко-Кушинга синдромы

В) Иценко-Кушинга ауруы

С) Феохромоцитома

Д) Біріншілік гиперальдостеронизм

Е) Акромегалия



  1. Әйел Р., 50 жаста артериялық гипертензия бойынша қаралды. АҚҚ 240/140 мм сын бағ дейін көтеріледі. Тамақтануы жоғары, беті «ай тәрізді», бетте түктер көп, кеудеде және санда қызыл қоңыр түсті стриялар бар. Бүйрек үсті безі УДЗ: сол жақ бүйрек үсті безі проекциясында домалақ түзіліс бар, капсуласы айқын емес, құрылымы біртекті. Екінші бүйрек үсті безі көлемі азайған. Артериялық гипертензия қандай аурумен байланысты?

А) Иценко-Кушинга синдромы

В) Иценко-Кушинга ауруы

С) Феохромоцитома

Д) Біріншілік гиперальдостеронизм

Е) Акромегалия
40 жастағы ер адам артериялық гипертензия бойынша тексерілу үшін келді. АҚҚ 180/120-200/120 мм сын бағ дейін көтеріледі. Қан анализінде: альдостерон деңгейі жоғары, гипокалиемия, гипернатриемия, ренина мөлшері азайған. Бүйрек үсті безі УДЗ: екі жақты гиперплазия. Артериялық гипертензия қандай аурумен байланысты?
А) Иценко-Кушинга синдромы

В) Иценко-Кушинга ауруы

С) Феохромоцитома

Д) Біріншілік гиперальдостеронизм

Е) Акромегалия


  1. 45 жастағы ер адамда артеиялық гипертензия жиі гипертониялық кризбен жүреді. Кенет бұлшық ет әлсіздігіне, гипертониялық криз кезінде бұлшықеттік салдану байқалады, полиурияға, шөлдеуге, несеп түнгі мөлшерінің көбеюіне шағымданады. Артериялық гипертензия қандай аурумен байланысты?

А) Иценко-Кушинга синдромы

В) Иценко-Кушинга ауруы

С) Феохромоцитома

Д) Біріншілік гиперальдостеронизм

Е) Акромегалия


  1. 36 жастағы әйел тұрақты қан қысымының артуына, жиі гипертониялық криз болуына шағымданады. АҚҚ 200/110 мм сын бағ көтеріледі. Криз кенет дамып, жүрек қағу, жүректің шалыс соғуы, кеуде артындағы ауырсыну, әлсіздік, қолдың дірілдеуі, тершеңдік, бас ауруы, іш ауруы, криз соңында жиі көп мөлшерде несеп бөлінуімен жүреді. Артериялық гипертензия қандай аурумен байланысты?

А) Иценко-Кушинга синдромы

В) Иценко-Кушинга ауруы

С) Феохромоцитома

Д) Біріншілік гиперальдостеронизм

Е) Акромегалия
34. Төменде аталған аурулардың қайсысы артериялық гипертензияға әкелмейді:

А. созылмалы гломерулонефрит

Б. созылмалы пиелонефрит

В. Иценко-Кушинга ауруы

Г. Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

Д. Атриовентрикулярлық саңылау стенозы


35. Бүйректік артериялық гипертензия клиникалық көрінісінде қандай симпом жиі кездеседі:

А) Патологиялық несептік тұнба

В) қол және аяқта артериялық қысымның әр түрлілігі

С) бүйрек артериялары үстіндегі шу

Д) бұлшық ет әлсіздігі және көп мөлшердегі несеп бөлінуі

Е) қолдағы қан қысымының айырмашылығы 40 мм.сын.бағ. жоғары




  1. . Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы симптоматикалық артериялық гипертензияның дамуына жиі алып келеді:

А) созылмалы гломерулонефрит

В) Феохромоцитома

С) Иценко-Кушинга ауруы

Д) Біріншілік гиперальдостеронизм

Е) Гиперпаратиреоз


  1. Қандай симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде тәуліктік несепте 17-кетостероидтар мен 17-оксикортикостероидтар мөлшері жоғарылайды:

А) Конн синдромы

В) Диффузды токсикалық жемсау

С) Феохромоцитома

Д) Иценко-Кушинга синдромы

Е) Альдостерома


  1. Конн синдромымен жүретін симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде болады:

А) Гипокалиемия

В) Гиперкалиемия

С) Дексаметазон сынамасы оң

Д) Верошпирон сынамасы оң

Е) ЖЗА гипоизостенурия


  1. Қолқа коарктациясы кезіндегі артериялық гипертензияға тән:

А) сан артерияларында пульсацияның күшеюі

В) Қолқа үстінен естілетін диастолалаық шу

С) Қолқа үстінде естілетін дөрекі систолалаық шу

Д) жүрек ұшындағы дөрекі систолалалық шу

Е) қолқа үстіндегі диастолалық шу


  1. 40 жастағы ер адам С., бас ауру, бас айналу, шөлдеу, полиурия, бұлшық ет әлсіздігі, бұлшық еттердегі тырысу мен ауырсыну шағымдарымен келіп түсті. Анамнезі бойынша 5 жылдан бері қан қысымы көтеріледі. Тексеру кезінде артериялық қан қысымы – 200/120 мм сын бағ, қан сары суында калий мөлшері 2,0 ммоль/л дейін төмендеген. Жалпы қан анализі қалыпты. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А) Диабеттік гломерулосклероз

В) Феохромоцитома

С) созылмалы гломерулонефрит

Д) Конн синдромы

Е) Вазоренальдыгипертония


  1. Жоғары пульстік қысыммен жүретін систолалық гипертензияны туғызады:

А) Созылмалы пиелонефрит

В) Феохромоцитома

С) Созылмалы гломерулонефрит

Д) қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

Е) Вазоренальды гипертония


  1. Ер адам И. 65 жаста, бүйректік-буындық подагра фонында соңғы 2 жылда артериялық қан қысымының 200/100 мм сын бағ дейін көтерілуін байқаған. Артериялық гипертензияны ұзақ емдеу үшін не тағайындайсыз?

       А) Атенолол

 В) Нифедипин

 С) Пентамин

 Д) Гипотиазид

Е) Фуросемид



  1. Симтоматикалық гипертония туғызатын қай ауру кезінде гипокалиемия және өтпелі парез байқалады?

А) Такаясу ауруы

В) Созылмалы пиелонефрит

С) Феохромоцитома

Д) Конн ауруы

Е) Созылмалы гломерулонефрит


  1. Тәуліктік несепте 17-кетостероидтар мен 17-оксикортикостероидтар мөлшері жоғарылауымен тіркескен симптоматикалық артериялық гипертензия байқалады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет