2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»



бет10/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
XIII сынып. Отегі алатын қондырғы. Тұз қышқылының өндірісі. Су тазалайтын станциялар. Дәріхана, өнеркәсіп жэне ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар және өлке тану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электрстанциялары.
IX сынып. Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндіретін заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме кірпіш және шыны өндіретін заводтар. Әк өндіретін завод. Суыту мекемелері.
X сынып.
Мүнай және табиғи газ өндейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық жэне гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы.
XI сынып. Пластмаса. Синтездік және жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермасы.
Мектептің мүмкіндігіне қарай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сағаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу жэне қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын ұйымдастырылу жэне танымдық жұмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мүғалім топсеруен объектісімен жан-жақты танысып, оқу-тэрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғылырды дәл анықтап, олармен таныстырудың әдістемесін анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.
Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен - химия, физика, география, биология, тарих, т.б. ұйымдастырылады. Мұнда бір объект (нысан) әр жағынан қарастырылып, оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады жэне уақыт үнемделеді.
Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін үйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады . Мысалы өндіретін цехқа топсеруен жасау үшін, алдымен, арнайы сабақта оттегін зерханаларда және онеркәсіпте оттегін алу тэсілдері талқыланады. Оттегінің коп мөлшерде ауадан алынатыны, ол үшін ауаның құрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықты пайдалану қажеттігі айтылады.
Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен откізіледі:
1) оттегі алатын шикізат (ауа) жэне дайындау (тазарту);
2) оттегін алудың өндірістік барысы;
3) оттегінің қолданылуы;
4) өндірістік бақылау (цехтың химия-зертханалық жұмысымен танысу).
Оттегін ондіретін цех машина залынан, газгольдер және газ млтыратын бөлмеден, слесарлық шеберханадан тұрады. Бұлардың кұрылысы және жұмыс істеу негіздерімен таныстырғанда топсеруен жүргізуші оқушылардың білімін, жас ерекшеліктерін ескереді. Ол үшін мұғалім топсеруеннің жетекшісімен алдын ала кездесіп, түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алуы қажет, бүл - аса маңызды шарттардың бірі. Әдетте маманы техниканың ұсақ-түйек мәселелеріне мұқият тоқталып айтады да, оқушылар жалығып, топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сонымен топсеруеннің объектісін мүғалімнің өзі (жақсы білетін жагдай) түсіндіргені жөн.
Топсеруеннің алғашқы нэтижесі келесі сабақта шығарылады. Мұғалім топсеруен объектісі (нысаны) бойынша оқушылардың көрген - білгенін нақтылайтын сұрақтар әзірлеп келеді.Оқушылар өздерінің жазып алғандары бойынша жауап қайтарады. Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырадыдосымша мағлүматтар береді. Бұдан соң мүғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ, конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге даярлық жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жазба рефераттар, баяндамалар, өндіріс сызбанұсқасын, макеттер, модельдер, жинақтамалар жэне басқа безендіру материалын әзірлейді, қабырға газетін шығарып, көрме ұйымдастырады. Заводтағы негізгі мамандықтар жөнінде мэліметтер жинайды, конференцияға айтулы мамандарды шақырады. Топсеруеннің материалдарын сабақта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет