Химия сабақтарының құрылымы. Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік жэне дағды калыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар: 1) оқушыларды түгендеу;
2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз эдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру; 3) үйге тапсырма; 4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару). Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.
Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дэрістерінің сабақатры алты бөліктен тұрады. Мысалы, дэріс сабағының бөліктері: 1) оқушыларды түгендеу; 2) үй тапсырмасын тексеру; 3) мұгалімнің дэрісі; 4) үйге тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы.
Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар: 1) оқушыларды түгендеу2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі; 3) окушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабықтардың тізімін жасау; 4) жұмыс орнын эзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау жэне есеп жазу; 6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру жэне өткізу.
Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптаурынға айналдыру тиімсіз екенін іс жүзінде де, теория жағынан да дәлелдейді. Сабақ оқу жұмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі жэне біртұтас дидактикалық жүйе. Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі-мақсаттары, мазмұны жэне әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.
Сабақтың жалпы педогогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады. Әр буын өзінен басқаларымен оқу барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың құрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.
Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пэнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әр түрлі қисынды психологиялық тәсілдерді қажет етеді.
Мазмұндық. құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын эдістердің өз-ара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаттары, мазмұны жэне эдістерінен түзілетін үш қүрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.
Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кезкелген сабақ үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім жэне қорытынды бөлім. Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімді отуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне, ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтың негізгі болімінде жаңа материал отіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нотижесі шығарылады.
Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі жэне құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді:
1. Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және лдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;
Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама жэне оқушыларға сэйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;
Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру жэне кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;
Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына, табиғаты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;
Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін эдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға жэне оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін артыру. Оқушылардың жаппай, топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап, тиімді ұйымдастыру;
9.Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды пайдалану;
10.Оқушылардың жаңа материалды игеруін, негізінен, сабақта жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмысбастылықты болдырмау;
11.Сабақта оқушылардың байыпты,ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |