2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»


«Оқытудағы Кембридж бағдарламасы»



бет21/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
«Оқытудағы Кембридж бағдарламасы»
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. 
Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына қатысып, білім берудегі Кембридж тәсілі бойынша бағдарлама туралы білім алдым.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. 
Практика барысында Кембридж бағдарламасы бойынша білім алған мұғалімдер орыс және қазақ тіліндегі бастауыш сыныптарына осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттік. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибелеріміздеоқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақтарымызды түрлендіріп өткізуге тырыстық. Ең алдымен бұрын сабақ жоспарланған кезде, өзіміз үшін жаздық, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп жазамыз. Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық:
*Біз үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,
*сабақтың негізгі идеясын анықтау,
*оқушыдан күтілетін нәтиже,
*сабақтың маңыздылығы.
*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін? 
*Өздері өздерін бағалай алама? 
Деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте қиын болды. Жоспар құрған кезде ең түйінді мәселені табуда қиналдық.Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып алдық: « Біздің оқушыларымыз не істей алады?»-деген сұрақтар мазалады.. Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрдық.Тәжірибе барысында алғашқы өткізілген сабақтарымыз оқушыларыммен көп уақыт жұмыс жасауға тура келді. Сабақ кезінде берілген тапсырмаларды орындаған кезде көп дайындықты талап етті, уақыттан ұтылып қалдық. Бірақ күнделікті сабақта жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларымыздың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын байқадық. Оқушыларымыз алғашқы сабақтардағыдай емес, сыныпта өз белсенділіктерін көрсете бастады. Бұдан байқағанымыз оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзіміз жетті. Олай дейтініміз бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.Әр сабақты бастамас бұрын сыныпқа келгеннен кейін оқушыларды топқа бөліп отырдық. Қызығушылықтарын ояту мәселесін ойластырып отырдық: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына түрткі болатындай логикалық тапсырмалар, сурет пен ұлы адамдардың сөздерін пайдаландық. Егер оқушының қызығушылығы оянса, онда ол сабаққа белсенді қатысады. Осы кезеңде АКТ ны пайдаланып отырдық. Оның тиімділігі: әрі көлемді, әрі қызықты болып көрінеді. Тапсырмалардың бәрін айтпай-ақ тақтаға жазып қойса, уақыт үнемдеуге көмектеседі және мұғалімге аз сөйлеуге мүмкіндік береді. Мысалға сабақтарымызда жаңа сабақты меңгерту кезінде оқушыларға интерактивті тақтадан әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындату арқылы , оқушылардың сыни тұрғыда ойлауға үйрету мақсатында төменгі және жоғарғы дәрежедегі сұрақтар бердік. Оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып жаңа сабақтың мақсатын қойғыздық. Сабағымызда оқушылардың ойын қозғау үшін тақырыпқа сай әр түрлі жағдаяттарды тыңдату арқылы оқушыларға ой тастадық. Оқушылар берілген тапсырма бойынша әр түрлі өздерінің болжауын айта отырып өз пікірлерін ортаға салды. Осы жерде оқушылардың сыни ойлауын, есте сақтау қабілетінің, сөйлеу тілінің, сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін байқадық.Жаңа тақырыппен танысқан кезде жигсо әдісін қолдандық.Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар мәтінмен толық танысты, топтағы жолдастарымен пікірлесті, содан соң ойларын қорытып, ортаға салды. Ақпараттарды бір-бірімен салыстырды, нәтижесін шығаруға тырысып бақтыМағынаны тану барысында мәтінмен жұмыс жасағанда сын тұрғысынан ойлауға үйрету жобасының стратегияларын пайдаландық. Бұрын тапсырманы жалпы сыныпқа берсек, енді қазір мәтінді топтарға бөліп, бірін бірі үйрететін, біріне бірі ықпал жасайтын жағдай жасадық. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды.Бұнда өзімен өзі диалог жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе Олар шағын топта пікірталастарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылады: сурет салу, өздерінің жобаларын қағазға түсіріп таныстырылым және оны топ болып қорғау жұмыстары.Бұл кездері оқушыларымның бойындағы неге қабілетті екенін байқадық. Сабақ барысында үндемейтін оқушылар көп белсенділік таныта қоймайтын , бірақ осындай оқушылар топта таныстырылым салу кезінде сурет салу қабілетінің жақсы деңгейде екенін көрдік. Ой толғау кезінде тақырып бойынша эссе жазу барысында сыныптағы көптеген оқушылардың өлең шығару қабілеті бар екенін байқадық. Осының нәтижесінде сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушылармен жұмысқа да көңіл бөлетін болдық. Оларға деңгейлік тапсырмаларды бере отырып шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағыттайтын тапсырмалар дайындадық. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түседі. Сабақ соңында бұрын барлығын қорытындылап оқушылардың білімін тек өзім бағалап жүрдік. Ал енді бағалаудың сабақ үстінде формативті мен суммативті бағалау түрлерін қолданатын болдық. Бағалауға оқушыларды да қатыстырылды. Топтық жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне, содан кейін топтағы басқа мүшелерге баға береді. Баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын, ортаға салған жаңа идеяларын ескереді. Сондықтан да оқушылар бағалағанда бір біріне «екі жұлдыз –бір тілек», «үш шапалақ» арқылы өзара бағалап, әділ баға қоя білді. Ол бағаға өзіміздің жиынтық бағалауымызбен бағалап отырдық. Барлық сабақтарымыздың қалай өткенін бақылау үшін оларға үнемі «ой толғау» қағаздарын толтырып отыруын өтіндік. Ой толғау қағаздарын саралап отырғанымызда, оқушылар бұл сабақтың алдыңғы сабақтардан ерекшелігін, өздерін еркін сезінгендіктерін, сабаққа ынтасының оянғанын баса айтып жазбаша түрде өз ойларын білдіріп отырды.Соныменқатар осы бағдарлама бойынша бастауыш сыныпқа сабақ беру кезінде кемшіліктердің көрініс беріпкеткеніне тоқталғымыз келеді. Уақыттың жетіспеушілігі оқушыларымыздыңда біздің де кей сабақты( барлықсабақтарда емес) толық талдауымызға мүмкіндік бермей қалғандайболды.Бірақ, бұл келеңсіздіктер уақыт өте келе шешімін табамыз. Алдағы іс тәжірибиелерімде сыни ойлауға итермелейтін тапсырмалардың қатарын көбейте түсіпжәне балаларды дамыта түсу үшін өзімді де үнемі ізденіс үстінде болатыныма сенімдімін.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 


біліктілігін арттырудың Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасына (бұдан әрі – Үшінші 
деңгей бағдарламасы) негізделген және «Қазақстан Республикасының педагог кадрларды 
даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру 
бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) зерделеуге және меңгеруге көмектесетін негізгі ма-
териал болып табылады. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе 
білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда 
құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshеd, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін 
өрістетудегі негізгітұлға– мұғалім.
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті 
деңгейде кездеседі.
Бұл «Студентке арналған нұсқаулық» Үшінші деңгей бағдарламасының негізін құрайтын 
ғылыми зерттеулер кешенін зерделеуге және талдауға арналған. Сонымен қатар мұнда 
ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, сондай-ақ 
тәжірибелі ұстаздардың көп жылғы тәжірибесіне негізделген. 

39. Газ заңдарына арналған типтік есептерді шығару әдістемесі. Мысалдар келтіріп, шығару әдістемесін түсіндір.


40. Сабақтағы эксперименттік есептердің орны мен маңызы. Эксперимент есептерінің типтері. Заттармен байланысты эксперимент есептерін шығарудың мысалдары мен әдістемесі. Заттардың сапалық құрамын анықтау әдістемесі. Заттарды ажыратып тану есептері. Қоспаны бөлуге берілген есепті шығару. Химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру.
41. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды балаларды анықтау және олардың ерекшеліктері.
Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл- күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Жалпы алғанда, оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жүйесі 4 деңгейде іске асады.
Бірінші деңгей – сабақ үстінде. Қазіргі таңда озық технологиялар оқушылар шығармашылығын, дарындылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып отыр.
Екінші деңгейде- тереңдетіп оқытатын сыныптар, бағдарлы сынып, гуманитарлық, жаратылыстану бағытта арқылы дамыту. Бұл сыныптарда негізгі даму компоненті ретінде авторлық бағдарламалар арқылы жүргізілетін арнайы курстар болып отыр. Үшінші деңгей- сыныптан тыс жұмыстар, факультатив, үйірме, қосымша қызметтер арқылы дамыту.
Төртінші деңгей- оқушылардың ғылыми қоғамы. Қоғамға олимпиадаға дайындық жұмыстары жүретін клубы, оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ғылыми жобалар клубы, шешендік өнерін қалыптастыратып, арттыратын дебат клубы және республикалық «Дарын» сырттай оқитын оқушылар кіреді.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында оқушының дарындылығын дамытудың бірнеше жолдарын қарастыруға болады. Дарындылықты дамытудың басты идеясы жеке тұлғаны дамыту механизмі болғандықтан, дарынды оқушының субъектілігінің қалыптасуына септігін тигізеді. Дарындылықты дамыту жолдарының тәжірибелік маңыздылығы жеке тұлғаның субъектілік негізінде дарынды оқушының шығармашылық даралығын дамыту, білім беру процесіндегі субъектілерді психолог, ата-ана, оқушы, және мұғалімнің өзара әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың жұмысын тиімді етеді. Дарындылықты дамыту жолдары 6 бөлімнен тұрады:

  1. Бала туралы жалпы мәлімет.

  2. Жеке тұлғаның дамуын және оқушы дарындылығын анықтау.

  3. Психологиялық бақылаулар нәтижесі.

  4. Оқу іс-әрекеті. Рейтинг жүйесі.

  5. Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар.

  6. Шығармашылық жұмыстар мен жетістіктер.

Сонымен бірге талантты және дарынды балаларды дамыту, оларды анықтау 4 кезеңді қамтиды:
1-кезең. Мәліметтер жинау және қорытынды жасау. Осы кезеңде оқу процесінің барлық субъектілері қатыса отырып, жеке тұлғаның әлді және әлсіз жақтарына толық сипаттама беріледі.
2-кезең. Әрекет жоспары. Талантты және дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.
3-кезең. Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-әрекеті қарастырылады.
4-кезең. Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалау. Талантты және дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Талантты және дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білу, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін. Мектептегі күрделі пәндердің бірі-математика. Психологиялық-педагогикалық зерттеу көрсеткендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің ірі-баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар мынаны білуге тиісті:
- Санау, сандық және реттік сандарды дұрыс пайдалану; 
- 10-ға дейінгі сандарды салыстыру, қайсысы көп, аз екенін ажырата білу, тең емес заттардың санын теңестіре білу;
- Заттардың пішінін ажырата білу;
- 10 затқа дейін көлеміне қарай салыстыра және реттік өсуі, кемуіне қарай орналастыра білу керек. Осыған орай, бастауыш сыныптан бастап логикалық ойлау қабілетін дамытатын кеңейтілген тапсырмаларды орындатуға дағдыландырған жөн. Мысалы, «Аңдардың үйі» жаттығуы. Бұл ойын үшін 6 аңның көлемін анықтай алатындай (мысалы: піл, арыстан, сиыр, қоңыз, қасқыр. кірпі) суретер керек. Әр аңға үй салып, қарындашпен шаршының көлеміне қарай отырып, аңдарға өз үйіне баратын жол салу керек. Талантты және дарынды балалармен жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың қажеттілігі қазіргі өмір талабы. «Ол қандай болу керек?» деген сұрақтың толғандыратыны даусыз. Талантты және дарынды балаларға арналған біріншіден, бағдарламалар болу керек және талаптар сипаттамасы төмендегідей:
- оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы; 
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
- абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
- жаңа ой таба білуге ынталандыру; 
- алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру; 
- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшеліктерін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
- әр түрлі критерийлермен жұмыс нәтижелерін, жұмысын бағалай білу. Талантты және дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Екіншіден, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу. талантты және дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Терендетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуіне көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды. Талантты және дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандылық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гёте, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с) ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана талантты және дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ. Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Өкінішке орай, талантты және дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан, еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін қарастырмаған. Талантты және дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақталған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл таланттылық, дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады. Талантты және дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады:
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- талантты және дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
- талантты және дарынды оқушылармен жұмысқа нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- талантты және дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- талантты және дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
2. Мұғалімінің біліміне қойылатын талаптар:
- пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі; 
- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі; 
- оқушы дарындылығының моделін білуі;
- жеке түгел теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі; 
- таланты және дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі; 
- талантты және дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- талантты және дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- талантты және дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеуді жүргізе алуы;
- талантты және дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқытудың инновациялық технологияларын қолдануы;
- оқушылармен қарым –қатынасын сауатты орната білуі, 
- талантты және дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
- талантты және дарынды оқушының ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;
- дарындылық оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;
- талантты және дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі. Талантты және дарынды балалармен жұмыс істеуді төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.
1. Бала бойындағы қабілеттіктерді бақылау. Жалпы, дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу үшін белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданылады. Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекеттеріне бақылау жүргізіледі. Әдіс шарттары: 1) байқау ұзақ мерзім жүргізіледі;
2) мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы, есеп шығаруда неге мән береді;
3) бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі. Әңгімелесу. Мұнда алдын ала жоспарланған сұрақтармен қатар жанама сұрақтар ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып отыру керек.
2. Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.
- Есте сақтауы. Аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болу керек. Аралығы жарты секунд. Әр сөз тек бір рет айтылады. Жауапты баллмен қорытындылайды. Көзбен көріп есте сақтау. 16 түрлі сурет көрсетіледі. 30 секундтан кейін оларды алып тастайды. Бала суреттерді еске түсіріп айтып беру керек. Жауапты баллмен қорытындылайды.
- Көзбен шолып анализ-синтез жасау. 4 суреттен береді. Осылардың ішінен артық сурет сызылып тасталады. Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Баллдық жүйемен бағаланады. Бала сұрақ орнына қойылатын суретті іздейді. Мұндай салыстырмаларды әр түрлі тақырыптардан алған дұрыс.
- Сөзден тікелей анализ-синтез жасау. 4-5 санның ішінен басқалармен сәйкестігі жоғын алып тастау керек. - Салыстыру. Бірінші екі сөз айтылады. Мысалы, бұрыш-транспортир. Екінші, бір сөз айтылады. Мысалы, градусник – ?. Содан кейін мүмкін сөздер тізбегі беріледі.
- Ойлауы. 6-дан кейін қай сан тұру керек? 2 , 4, 6, ...? 6, 7,8. - Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ айтылатын сөздерде 2-3 әріпке айырмашылық болсын.
- Пікіріндегі дәлдік, толықтық, жүйелілік. Сұраққа жауап беруінде немесе әңгімелесу кезінде әрбір сөйлемге мән беруі, орынды пайдалануы, сөйлемді толық құруы ескертіледі.
3. Дарындылықты дамыту шаралары. Жеке ерекшеліктері анықтап болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құралады. Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімдік білім алуға жетелеу. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болу керек. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін. Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру керек. Тесттік формада тапсырма беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады. Дербестік дегеніміз - оқушының алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолын өз бетінше таба білетін, шешімдерін, кез келген қиындықтарды жеңе отырып баратын жолы. Оқушы дарындылығы айқындаудың 6 баспалдығы бар. Осындай қиындығы мол баспалдақтардан өту үшін, оқушыға біраз жылдар қажет болуымен қатар, олардың алдына үлкен міндет жүктеледі. Ал мұғалімге, ата-анаға сол дарындылық пен дербестікті баулитын жолды қалт жібермей тәрбие берген жөн. Қорыта келген кезде, жалпы талантты және дарынды баланы анықтау және қолдау алдындағы оқытушы мен психологтың шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі таңдағы зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен, бұған біз, ұстаздар қауымы, әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.
42. Химиялық формулалар
бойынша есептер шығару әдістемесі. Салыстырмалы молекулалық массаны есептеу алгоритмі. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынасын, массалық үлесін есептеу алгоритмі.
43. Химияны оқыту құралдарының негізгі мақсаттары, функциясы және жіктелуі. Оқу-материалдық, дидактика-әдістемелік, психолого-педагогикалық оқыту құралдары. Табиғи (пәндік-көрнекілік), бейнелік және символикалық-графикалық оқыту құралдары. Химияны оқытудағы танымдық тапсырмалардың формалары.

  • Химияны оқыту құралдары: мәні, жіктелуі

Химиялық білім берудің заманауи мәселелерін шешу оның құралдарын және оларды қолдану әдістемесін жаңартумен тығыз байланысты. Білім беру мәселелерін тиімді шешу көбінесе химия мұғалімінің оқу құралдарының дидактикалық мақсатын түсінуіне, олардың оқу процесінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігіне және әртүрлі оқу құралдарының ерекшеліктерін ескеру қажеттілігіне байланысты болып келеді. Егер химиялық білім беру процесінің негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мақсатты, құралдарды және оның кепілдендірілген нәтижелерін алатын болсақ, онда пәндік оқыту құралдарына (дидактикалық құралдарға) мазмұн, білім беру технологиялары, әдістемелік әдістері, формалары және нақты оқу құралдары (материалдық және идеалды) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет