Эксперимент есептерінің аталып өткен типтерін шешу жолдары:
1.Сынау және қателесу жасайды;
2.Есте қалғаны бойынша шығару;
3.Анализ және синтез;
4.Гипотеза жасау;
5.Алгоритм тәсілі қолданылады;
Сынау және қателесу тәсілі- оқушылардың білімі жеткіліксіз болғанда қолданылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені қайталап жасай береді. Есепте берілген мәліметтер оқушыларға бұрыннан таныс болса, есте сақталғаны бойынша шығарады. Берілген мәліметтер толық болмаса оқушы алдымен жорамал жасайды, содан соң, тәжірибе арқылы оның дұрыс-бұрыстығы тексеріледі. Ең тиімді кең тараған тәсілі- анализ және синтез, оқушы есептің шартын нақтылы талдау арқылы шешу жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс- әрекеттерді жүзеге асырады.
Есептің мазмұны мен шығару әдістері біркелкі болса, оқушылар жалығып кетеді, сондықтан есептің типін жиі өзгертіп, оқушылардың ынтасын, ойын үздіксіз дамытып отыру керек. Бұл талап химия ғылымында ерекше ескерілуі керек.
Заттың сапалық құрамын анықтау:
Есеп: Заттар салынып нөмірленген сынауықтарда қайсысында кальций хлориді, алюминий хлориді, темір (III) хлориді ерітінділерінің бар екендігін анықтаңдар.
Шешуі: оқушылар бұл есепті мына ретпен шығара алады:
Берілген заттардың химиялық формуласын жазу;
Заттар тұздар класы,аниондары бірдей екенін анықтау;
Қосылыстарға тән реактивтерді анықтау;
Тұздар мен реактивтердің арасында жүруі мүмкін реакцияларды кестеге жазу:
Берілген заттар
|
Реактивтер
|
NaOH
|
СаCI2
|
Аз еритін ақ тұнба
|
AICI3
|
Ерімейтін ақ тұнба
|
FeCI3
|
Қызыл-қоңыр тұнба
|
Кестеге қарап анализдің ретін анықтау;
Үшеуіне де натрий гидроксидін қосқанда түрлі түстегі тұнбалар тұседі, түзілген тұнбаның түстері арқылы анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |