Оқу жүмысын үйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы. Сабақ туралы түсінік. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жэне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы - ұйымдастыру формалары - сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе кұрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі (кесіндісі) деп есептейді.
Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндетері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен эдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.
Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру жэне дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық жэне әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен жэне творчестволық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сэйкес анықталады, оларға жататындар: а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау; э) жаңа білімді қабылдау; б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту жэне жетілдіру; г) білімді қолдану; д) білімді тексеру жэне бағалау.
Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды жэне теорияларды нақтылайды.
Химия сабактарының жіктелуі. Химияны оқыту эдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту эдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным эрекетінің тэсілдері алынады.
Химиядан сабақ беру эдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:
1) жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);
2) теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;
3) білімді қорыту жэне жүйеге түсіру;
4) бақылау-есепке алу;
5) аралас сабақтар.
Өзге эдістемелерде сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабактары. Негізгі дидактикалық буыны - оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2-тип. Оқушылардың білімімен білігін жетілдіру сабақтары.
Бұған оқушылардың алған білімін қайталау жэне бекіту, қорытындылау жэне жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3-тип. Оқушылардың білімін жте білігін тексеру, есепке алу жэне багалау сабақтарьи Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы, эңгімелес сабағы , кітаппен жүмыс істеу сабағы, үлестіріліп берілетін материалдармен жүмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан әрі дэріс сабағының нұсқаларын - хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына - жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба - нұсқа және кестелер жасау т.б. жатады.
Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |