Байланысты: 2. Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі (дос)
Бизнесті дамыту кезеңдері Бірінші кезең – «Пайда болу» (Courtship). Пайда болу кезеңі ұйымның қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде компания тек қана идея түрінде бар, ол компанияның негізін қалаушының ойында қалыптасқан. Кәсіпорынның қалыптасуының осы кезеңі армандар мен мүмкіндіктерге негізделеді, ал басшының негізгі міндеті идеяны терең ұстануды құру және дамыту болып саналады. Жобаның тәуекелі мен белгісіздігі жоғары болған сайын, нәтижеге деген сенім арта түседі. Осы кезеңде компанияны дамытуда жалдамалы басшылар пайдасыз болады.
Екінші кезең – «Нәресте» (Infancy). Сәбилер сатысы идея иесі компанияны негіздеген және қаржылық тәуекелдер мен міндеттемелерді өзіне алған сәтте басталады. Идея нақты іс-әрекеттерге айналады, талқылау уақыты аяқталады, ал компаниядан нақты нәтижелер талап етеді. Жаңадан құрылған компанияның өнімділігі төмен деңгейде болады, ол салада тиімді жұмыс істеуге бейімделеді.
2-тапсырма Қазір, сіз PAEI бойынша қандай рөлге неғұрлым бейім екенін анықтаған кезде, сіз өз бизнес-жобаларыңызбен одан әрі жұмыс істейтін командаларға бөлінуге болады. Ол үшін сіз командада 4-5 адам есебінен болашақ бизнес-жобалардың көшбасшысы бола алатын және оны қалайтын білім алушылардың арасынан бірнеше кәсіпкерлерді (яғни, егер топта 20 білім алушы болса, 4-5 кәсіпкерді таңдау қажет) таңдауыңыз қажет.
Қазір білім алушылар болашақ ұжымдық бизнес-жобалардың «Негізін қалаушы» болатын кәсіпкерлерді таңдап алуы тиіс. Егер топта үміткерлер көп болса, онда сіз олардың арасында жарыс өткізіңіз – олардың әрқайсысы басқаларды стартап негізін қалаушы рөліне неге сәйкес келетінін сендіру керек. Содан кейін тақтаға үміткерлердің аттарын жазып, басқа білім алушылардан өздері таңдаған үміткердің есімінің жанына смайлик салуды сұраңыз. Көптеген смайликтерді жинаған үміткерлер стартаптардың негізін қалаушылар бола алады. Егер қалаушылар аз болса, сіз топ білім алушыларынан осы рөлге сәйкес келетіндердің есімін атауды ұсыныңыз.