Байланысты: 2. Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі (дос)
3-тапсырма Біз бәріміз бірге ағынның жағдайына кіруге тырысайық. Бастау үшін әркім өз орнында тұруы қажет. Қозғалыңыз, қолды айналдырыңыз, бірнеше отырып-тұру, бүгіліп-жазылу жаттығуларын жасаңыз, керіліп созылыңыз. Үстелде отырған кезде пайда болған дененің кернеуін шығарып тастау қажет.
Білім алушыларға бірнеше дене жаттығуларын жасау үшін біршама минут беріңіз. Сіз оларға мысал ретінде көрсету үшін, өзіңіз олармен бірге жаттығу жасаңыз. Алғашқы болып шыныққанға көпшілік алдында мақтау білдіріңіз.
Білім алушыларға отыруға, демалуға, өзіне ыңғайлы жағдайды қабылдауға уақыт беріңіз. Бір минут ішінде олар көздерін жұма отырып, еркін дем алуы тиіс. Сіз олардың еркін дем алуына: «Бетті, маңдайды, көзді, ерінді бос ұста. Иықты, қолды, саусақтарды бос жібер. Терең және баяу демалыңыз: демал, дем шығар» деп айта отырып көмектесіңіз.
Білім алушыларды командаға бөлу үшін барлық продюсерлерді бір жерде, басқалары да – барлық әкімшілер, кәсіпкерлер мен интеграторлар бір жерге жиналсын. Әрбір кәсіпкер кезек бойынша әр топтан бір білім алушыдан өз стартапына таңдау керек. Таңдау кезектілігін ауыстырып отырыңыз. Егер А кәсіпкер бірінші болып продюсерді таңдаса, онда Ә кәсіпкер бірінші болып интеграторды таңдап алсын және т.б. Егер қандай да бір командада білім алушылардың саны көп болса қорқатын түгі жоқ – ең бастысы топтың барлық білім алушылары командаға бөлінуі тиіс. Білім алушыларға енді олар таңдаған команда бойынша келесі барлық сабақтардың кезінде бірге жұмыс істейтінін ескертіңіз.