2-КҮн бағалау тапсырмаларының түрлері. Жабық тапсырмалар 1-тапсырма. Өзін-өзі бағалау



Дата12.12.2021
өлшемі30,26 Kb.
#99857
Байланысты:
2,1 тапсырма Бахытхан Әйгерім


Каникулдық мектеп

«Математика» пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау



2-КҮН

Бағалау тапсырмаларының түрлері. Жабық тапсырмалар
2.1-тапсырма. Өзін-өзі бағалау.

Тест: төмендегі сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеңіз.

Сұрақтарды бағамдаңыз: Тапсырма қалай құрастырылған? Кілті бар ма? Дистракторлары қалай анықталған?

Тест

1. Теңдеуді шешіңіз: 5(х – 3) – 7 = 3х – 8.

А) 1

В) 5


С) 7

D) 15


Дистракторлары:

А)1 Оқушы жақшаны қате ашқан жағдайда 1 шығады.

5х-3-7=3х-8

5х-10=3х-8

5х-3х=10+8

2х=20


Х=1
Д)15 Оқушы таңбалардан қате жіберсе

5(х-3)-7=3х-8

5х-15-7=3х-8

5х-22=3х-8

5х-3х=8+22

2х=30


Х=15
2. Карта масштабы 1 : 250 000 00. Картада Алматы және Нұр-Сұлтан қаласының арақашықтығы 5 см. Екі қала арасындағы арақашықтықты анықтаңыз.

А 500 км


В 1250 км

С 1450 км

D 1500 км

Дистракторлары:

Берілгенінің өзінде қателік бар. 250 000 00 – осы жерде оқушы шатасады.

3. Тік бұрышты параллелепипедтің табанының ұзындығы 12 дм, ені – 5 дм. Осы параллелепипедтің көлемінің қыры 9 дм болатын кубтың көлемінен кем болуы үшін, оның биіктігі қандай болуы қажет?

А)

B)

C)

D)

4. Фотоаппарат 25 мың теңге тұрады. Оның бағасы алғашында 20%-ға көтерілді, одан соң 20%-ға төмендеді. Төмендегеннен кейінгі фотоаппараттың бағасы қанша болды?

А) 14 000 теңге

B) 24 000 теңге

C) 25 000 теңге

D) 30 000 теңге



Дистракторлары:

Берілгенінде қателік бар.25 мың деп жазылған. 25 000 деп жазылу керек болған.

5. Қорытынды бақылау жұмысы үшін 8 тапсырмадан тұратын тест құрастырылды. Әр 50 оқушыдан алынған дұрыс жауаптар саны жиілік кестесі түрінде ұсынылған. Кестедегі қалып қойған жиіліктің мәнін табыңыз.

Дұрыс жауаптар саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиілігі

1

2

4

5




12

8

6

3

A) 0,5

B) 9


C) 15

D) 25


E) 60

Қорытынды:

____Дискракторлар бір-біріне өте ұқсас құрастырылған. Жалпы жауаптары өсу ретімен құрастырылған. Берілген тестердің берілгенінде қателіктер бар.Ең алдымен берілгеніне баса назар аудару керек.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.2-тапсырма. Жабық тапсырма әзірлеу

1. Пәннің оқу бағдарламаларын пайдаланып, оқу мақсаттарына сәйкес көп таңдауы бар жабық тапсырма әзірлеңіз:

1) бір дұрыс жауабы бар тест

2) бірнеше дұрыс жауабы бар тест



Пән ________________________________ Сынып__________________________



Оқу мақсаты




Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі



Тапсырма


2. Сараптама жасау.

Тексеру парағын қолданып, жауабында көп таңдауы бар тапсырмаға сараптама жасаңыз.


ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Жабық тапсырма

  • Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?

  • Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы, т.б.)?

  • Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?

  • Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?

  • Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?

  • Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?

  • Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?

  • Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы (кілті) бар ма?

  • Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?

  • Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?




Қорытынды:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.3-тапсырма. Шындық/жалған тапсырмасын әзірлеу.

Пәннің оқу бағдарламасынан (ұзақ мерзімді жоспар) оқу мақсатын таңдап, бағалау критерийлерін анықтаңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіріңіз.

Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтауға арналған тапсырма әзірлеңіз.
Пән ________________________________ Сынып __________________________


Оқу мақсаты




Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі


Тапсырма


2.4-тапсырма. Сәйкестендіру тапсырмасын әзірлеу.

Пәннің оқу бағдарламасынан (ұзақ мерзімді жоспар) оқу мақсатын таңдап, бағалау критерийлерін анықтаңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіріңіз.



Сәйкестендіруге арналған жабық тапсырма әзірлеңіз.
Пән ________________________________ Сынып __________________________


Оқу мақсаты




Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі


Тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет