2-курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар



бет10/13
Дата05.03.2023
өлшемі273,14 Kb.
#171107
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Психология. Практика. 219. Мустафаева Назерке

4-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:
13.02. – 18.02.2023ж.
1. Психикалық процестер ұғымы, түрлері мен сипаттамасы.
Психикалық процестер-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. 3 түрі бар:
- танымдық:зейін,түйсік,қабылдау,есте сақтау,ойлау,сөйлеу ,қиял
-эмоционалды:сезім,эмоция,аффект,стресс
-еріктік:табандылық,жауапкершілік,сенім,жігерлік,батырлық
2. Психикалық күйлер ұғымы, түрлері және сипаттамасы.
Қиял —сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. 4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. 5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын көрсетеді.
Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз - сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау.Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет