1. Оқу практикасының мақсаты, міндеттері, ережелері мен қойылатын талаптарытуралы сипаттаңыз.
Мақсаты: білім беру мекемесіндегі оқу процесінің психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілуін бекіту, теориялық оқыту нәтижесінде меңгерген білім, білік, дағдыларды студенттердің тәжірибе барысында қолдану қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Студенттердің педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық бейнесін қалыптастыру;
- Студенттерге білім беру процесінде жетістікке жету барысында қажетті психологиялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
- Сабақты психологиялық талдау қабілетін қалыптастыру және дамыту;
- Білім беру процесінде оқушылар пен мұғалімдерге деген этикалық қарым-қатынасты және болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру.
- Нақты міндеттерді шешуге педагогикалық, психологиялық, қоғамдық, саяси және арнайы білімдерін пацдалану тереңдету, нақтылау;
- Болашақ психологтардың дағдысы мен іскерлігін, кәсіптік біліктіліктерін қалыптастыру, дамыту;
- Студенттің болашық мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, педагогикалық қызметке шығармашылық пен қарауға тәрбиелеу;
- Оқу – тәрбие vжұмысындағы бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен танысу;
- Оқу тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан – жақты көмек көрсету.
- Психологиялық қызмет процесінде студенттердің университеттен алған теориялық білімдерін қолдану арқылы іс – тәжірибеде тереңдетіп, бекіту және жан – жақты пайдаланы білу;
- Іс – тәжірибенің мазмұны мен ұйымдастырылуы қазіргі кездегі психологтарға қойылатын талапқа сай болуы керек;
Студент практикаға шықпас бұрын, практиканың өткізілуі бойынша, оқу – тәрбиелік практиканың мақсаты мен міндеттерін, өткізілу кезеңін, есеп беруге арналған жұмыстар түрлері мен есеп беру конференциясының өткізілетін күндерін білуге міндетті, сондықтан студенттерге арналған, практика жайында, конференция өткізіледі.