ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МӨЖ тапсырмасы “ Қазіргі жастардың субмәдениеті ” «7M01802 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
1-курс
Орындаған: Төкебай Н
Алматы, 2022 жж
Іскерлік ойын Тақырыбы: «Қазіргі жастардың субмәдениеті»
Мақсаты: жастар мәдениеті, түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастық және мәдени дәстүрлер мен мәдени талғам туралы түсінік қалыптастыру. Ойлау дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Субмәдениет (лат. зи — төменгі, нем. кийиг — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда ектем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
№ 1 Тапсырма: «Сөзжұмбақты шеш» Тақырыбы: «Стандартты білесің бе?»
/ Әр студент стандарт туралы жасырылған сөзжұмбағы бар конверттерді ала отырып шешеді/
№ 2 Тапсырма:
«Геометриялық пішіндерден құрау».
(Әр топқа геометриялық пішіндер беріледі, сол пішіндерден өз ойларынан балаларға не қызықты болатынын бір нәрсе жапсырады, 7 минут уақыт беріледі, уақыт өткен соң не жасағандарын көрсетеді, сипаттап береді).
№3 Тапсырма: «Өзіңді тексер»
Студенттерге жүргізуші бір қатар зат есім сөздер айтады. 15 сөз айтқан соң, педагогтарға осы сөздерді дәл айтылған ретімен жазуға ұсынады).
Тапсырманы орындаған соң, жүргізуші өз парағынан сөздерді оқиды, педагогтар өз жазғандарын тексереді.
№4 Тапсырма: «Серіктесін сипаттау»
Студенттер өз аты - жөнін көрсетпей өз серіктесін сипаттап жапырақшаға жазу керек. Жазып болған соң, жүргізуші бір - бір жапырақтан оқиды. Студенттер сипаттау бойынша студентті табу керек.
№5 Тапсырма: «Тәрбиеші қандай болу керек?» пікірталас.
№6 Тапсырма:Әділқазылар алқасы өздерінің шешімін шығарады.