«Жастармәдениетіжәнемәселесі.Шешендіксөздер»бөлімібойыншажиынтықбағалау 11-сынып ҚГБ БЖБ №2 Сыныбы: 11 « » Аты-жөні: Оқу мақсаттары: 11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
11.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу.
11.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Бағалау критерий: Білім алушы:
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдайды
Мәтіндердегі негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазады Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, жазылым Уақыты: 15-20 минут
Тапсырма. Екі мәтінді оқып, автор көзқарасын, стилін, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшеліктерін анықтап, кестені толтырыңыз
1-мәтін Қазіргі жастар тілі Қазіргі жастар тілі, соның ішінде қазақ жастарының тілі кірме сөздердің әсерінен үлкен өзгеріске ұшырады. Себебі орыс тілінен енген жаргон сөздер мен варваризмдерді қолдану арқылы тіл мәдениеті бұзылды.
Мәселен қазір жастар бір-біріне түрлі жағдайда түрлі тілде жауап беріп жатады. Оған себеп – тілге деген немқұрайлылық. Жалпы қазіргі жастардың тіліндегі негізгі бағалаушылық – метфора деп отырмыз. Себебі олардың ауызекі сөйлеу тілінде құрастырып алатын теңеулері ақылға қонымсыз тіпті қызық: «Базар жоқ екен!». Аталған сөздің шығуы тікелей орыс тіліндегі «Базара нет!» сөзінен келген. Дегенмен «Базар» деген сөздің тегі мүлде теңеуге келмейтін заттық құбылыс. Одан бөлек бұл сөздің жанданып кетуіне тікелей әсерін тигізген Тұрсынбек Қабатовтың «Базар жоқ» бағдарламасы. Аталған бағдарламаның мақсаты әзіл-ысқақ театры. Яғни әзіл арқылы көрерменді жаулау. Ал оның атуын «Базар жоқ» деп қойса, сөзді көктен алған жоқ, халық арасындағы, жастар арасындағы тілдік қолданыстан шыққан.
Тіпті бұл жаргон сөз қоғамдық ортада қолданыла бастады. Мәселен
- Саған менің сатып алған көйлегім ұнады ма?
- Мә, базар жоқ екен!
Аталған диалогтан көріп тұрғаныңыздай екеуара сөз арасында да бұл теңеу қолданыла бастаған.
Дәл осы секілді метафоралардың қатары көп. Мысалы, өтірік айтты, жалған сөйледі деген сөзді қазір жастар тіліндеі «құлақтан іліп кетті» немесе «лапша іліп кетті» деп жатады. Бұл сөздердің шығуына, тез тарауына да телеарналар мен түрлі бағдарламалар себепкер.
- Кеше не істедіңдер?
- Ой, кеше олар құлақтан теуіп кетті.
Қазіргі жастар тілін алдыңғы буынның түсінуі қиын. Себебі ХХІ ғасыр көптеген салада нәтиженің нақты болуынан гөрі тез жұмыс істегенін талап етеді. Ал қазіргі жастар бұған үйренісіп алған. Мәселен біз тіл мәдениеті дейтін дүниеге мән бермейміз. Себебі лингвистикалық, лексикалық, стилисткалық тұрғыда оларға талдау жасамаймыз, олардың мәніне жауап бермейміз. Қалай бар, сол қабылдап, сөйлеуге құмармыз.