Оқушыларға аттары жазылған парақтар үлестіріледі, осы оқушының қасиеттері туралы жазу тапсырылады.
«Қош бол кедергілер» жаттығуы
Сіздер 5- сыныпқа барасыздар, қорқыныштарың болады, сол қорқыныштарыңды ақ параққа түсіріңдер. Содан кейін салған қорқыныштарыңды умаждап себетке саламыз. Сөйтіп, қорқыныштарымыздан арыламыз.
«Майшам» жаттығуы
Оқушылар менің қолымдағы сүйкімді ойыншыққа назар аударыңыздар. Қазір ол сендердің қолдарыңнан өтеді, сыныптас достарымызға өз тілектерімізді айтамыз. Мен бастаймын, Бақыт 5 сыныпқа барғанда да сабағыңды жақсы оқып, үлгілі оқушы болуыңды тілеймін.