2-курс студенттеріне арналған Семей 2013 ж


«Электр және магнетизм пәні» пәні бойынша СО ӨЖ өткізуге



бет142/181
Дата27.08.2017
өлшемі17,09 Mb.
#29905
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181

«Электр және магнетизм пәні» пәні бойынша СО ӨЖ өткізуге

арналған әдістемелік нұсқау

СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыру:



Студенттердің белгілі бір тақарыпта жасаған конспектісімен жұмыс жүргізулері.Жұмыс барысында оқытушы тақырып материалына қысқа шолу жасайды. Студентпен бірлесе отырып конспектіде жазылған формулалар, анықтамалар мен олардың физикалық мағанасы айқындалады. Сипатталған процестер мен құбылыстардың арасындағы логикалық байланыс нақтыланады.

- Тақырып бойынша типтік есептер шығару. Есептің мазмұнына сәйкес қоданылатын заңдар мен шамалардың ара қатынасы анықталады. Орындалатын іс-әрекеттердің логикалық байланысы тағайындалады.

- Студенттер орындаған лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін,

өңдеу әдістерін талдау. Шамалардың физикалық мағанасын айқындау. Өлшеу нәтижелерін график арқылы көрсету. Алынған графиктер арқылы басқа физикуалық шамаларды өрнектеп, байланыстарын тағайындау.

- Студенттердің пәннің жеке тақырыптарды меңгеру нәтижелерін тексеру, яғни білімдерді бағалау (тест бақылау, жазбаша жұмыс).

- Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Тақырыптарды меңгеру виртуаль компьютерлік демострациялар арқылы көрсетілетін электрондық оқулықтарды қолдану. Есептердің шығару жолдарын айқындайтын электрондық жетекшілірдің көмегін қолдану, яғну үйрету – көмекші программаларды пайдалану.

Студент СОӨЖ жұмыстарын орындау және өткізу графигіне сәйкес, әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып, курстың жеке тақырыптары бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:

1 Электростатика. Кулон заңы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалы

2.Электр өрісінің энергиясы мен жұмысы

3. Әртүрлі орталардағы электр өрісі.Поляризация векторы

4.Тұрақты ток. Ом заңы.Джоуль-Ленц заңы

5. Қатты денелердегі электр тогы. Жартылай өткізгіштер

6. Электролиттердегі электр тогы. Фарадей заңы.

7.Газдардағы электр тогы.

8. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Магнит ағыны

9. Био-Саваар –Лаплас заңы.Толық ток заңы.Лоренц күші

10. Электромагниттік индукция заңы.Құиынды магнит өрісі

11. Магнетиктер. Электромагнит

12. Ығысу тогы.Максвелл теңдеулері

13. Айнымалы ток.Векторлық диаграммалар.

14.Электромагниттік тербелістер мен толқындар

15.Электромагниттік толқынның энергия ағыны.Пойтинг векторы
«Электр және магнетизм пәні» пәні бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.

Біз студенттерге «Электр және магнетизм пәні» пәні бойынша жеке үй тапсырмасы ретінде физикалық есептер ұсынамыз. Мұнда студенттердің тапсырманы өз бетімен орындау дәрежесін арттыру мақсатында олардың әрқайсысына мүмкіндігінше әр түрлі есептерді жеке варианттар бойынша береміз.

Студенттерге есептер шығартудағы мақсаттар мыналар: жаңа білімдерді меңгерте отырып, білімді өз бетімен игеру іскерлігін қалыптастыру, білімді пысықтау және анықтау, білімді практикада қолдану іскерлігін қалыптастыру, практикалық сипатты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық сипатты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Студент шығарған есепті бағалау өлшемін (критериін) анықтау үшін физика есептерін жіктеу (классификациялау) керек.

Физика есептері мына белгілер бойынша жіктеледі: мазмұн, мақсат, мәселені зерттеу тереңдігі, шешу тәсілдері , шарттың берілу тәсілдері, күрделілік дәрежелері және т.б.

Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,

заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.

Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.

Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.

Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.

Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.

Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.

Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:

«Электростатика. Зарядтардың өзара әсерлесуі. Электр өрісінің сипаттамалары » № 17-5,10,15,20,25, 28,33,46,55,65,71, 75,89,93,102,104

«Тұрақты ток. Тізбек сипаттамаларын есептеу. Әртүрлі орталардағы электр тогы» №18-7,10,19,32,34,37,42,56,62,66,68, 19-10,11, 20-2, 10,11, 26,29.

«Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей заңы. Индукция ЭҚК. Магнит өрісі. Магнит өрісінің сипаттамалары» № 21-2,10,12, 17,18, 31, 42,№22-3,9,12,20

«Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Электр тербелістерінің сипаттамаларын есептеу» №23-17,19,20,23,25

«Айнымылы ток. Айнымылы ток тізбегенің сипаттамаларын есептеу » №23-2,4,5,11,14.

Білімдерді бақылау-өлшеу құралдары

@@@ Электр және магнетизм



$$$ 1

Заряды 2е болатын бөлшектің массасы қандай болады? Егер де ол бастапқы тыныштық күйінен а үдеумен кернеулігі 3Е болатын біртекті электр өрісінде қозғалса:








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет