ОРТАҚҚА САЛУ 35 нөмер де «Жаңа уақыт» газеті Түркістандағы советтер хүкіметі үйездердегі жер-су,
мал-мүліктің (атарбаға шейін) ала бастағанын, 15-20 десятина жері барларға шейін есепке
алынатынын жазады. Тегі жерді де ортаққа салмақ қой.
Сыртқы хабар САЛЫҚ ОРНЫНА ФЛОТ БЕРСІН Россиямен бітім жасағаннан кейін Германия газеттері бүй деп отыр: «Россия Германияға
төлемек 9 миллиард салық үшін Балтық теңізі мен Қара теңіздің барлық соғыс кемелерін
(флотын) берсе де болады. Өйткені бәрібір Россия 9 миллиард ақшаны төлей алмайды»
дейді.