АЛМАТЬІДАН ТЕЛЕГРАМ Семейдегі аш-жалаңаш қазақ-қырғызға жылу жинайтын комитет атына Алматыдан
мынандай телеграм келді:
«Аштық қабағат. Қазақ-қырғыз қырылып жатыр. Адам бір қырғын тауып жатса, жұт
болып, мал екі қырылып жатыр. Алаш партиясының обласной, үйезный комитеттеріне
елден келер көмек болмаған соң, аштарға жәрдемі тие алмай отыр. Хүкіметтен күтерлік
жәрдем жоқ. Аштық жұртқа жайылып тамырлады. Бай біткенді жұт тауысты. Бұның
үстіне зорлық, талау, кісі өлтіру көбейіп барады. Іс қыларлық басшылар абақтыға
жабылды. Бұл жақтың хал-жайымен анық таныс болу үшін жылу жинайтын комитеттер
өкілдерін жіберу қажет».