Жүсіпбек Ішкі хабарлар МӘСКЕУДЕН ТЕЛЕГРАМ 29 мартта (ескіше) Мәскеудегі Жиһанша, Халел Досмұхамедовтерден Семейдегі Халел
Ғаббасов атына төменгі телеграм келді:
«(1) Совет хүкіметі әр облыстағы советтерге қазақтың тұтқынға алынған азаматтарын
тегіс босатыңдар деп әмір қылды.
(2) Алашорданың ұсынған шарттарына жақын арада совет хүкіметі жауап бермек болды.
(3) Совет хүкіметінің қасында қазақ комиссариаты ашылатын болды. Бұл комиссариаты
кіретін адамдарды Алашорда өзі сайлап жібереді.
Өзіміз жұмысымыз болып, ел жаққа таман кеттік. Тез арада Семейге келеміз» деген.
Басқарма: Алашорданың совет хүкіметіне қойған 11 шарттары «Capыарқаның» 35
нөмерінде басылған. Сол шарттардың алды қабыл алынып, іске асып жатқан көрінеді.
119
Жуық арада Алашорда автономиясын жария қылар, қазаққа да жарық сәуле күн туар деген
үмітіміз мол, иманымыз зор.