2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет142/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
Ел хабарлары 
ӘМЕҢГЕР ЛАҢЫ 
...  жылы  ...  бас  шенінде  Ә.  ақсақал  дүниеден  өтті.  Марқұмның  бәйбішесінен  жарым 
жандау жалғыз ұлы болған соң бір жас тоқал алып еді. Сол жесір қалды. Жақын әмеңгері 
де,  жанаса  ағайыны  да  Ә.  ақсақалдың  бетін  топырақ  жасырмай  жатып,  тоқал  алуға 
жыбырлай бастайды. Бір орта жасқа келген балалы, малды ағайыны О. мырза жесір қалған 
Р.  келіншекті  айналдыра  бастаған  соң  байғұс  P.  келіншек  О-ның  малына  қызықты  ма, 
басқа  бір  себеппен  бе,  О.  мырзаға  ыңғайланыпты.  Жақын  әмеңгері  оны  біліп,  Ә. 
ақсақалдың  жылы  толар-толмас  кезде  жылын  беріп,  Р.  келіншекті  алуға  ойлаған  соң,  О. 
мырза  қатын  атымен  арыз  бергізіп,  басына  бостандық  сұрап,  келіншектің  төсек, 
шымылдық сықылды нәрселерін астыртын таси бастайды. 
Оны біліп, жақын әмеңгері бұлқан-талқан болып, О-ның жылқысына тиіп, желісін қияды. 
Жақын  ағайын  арасына  кіріп,  О.  мырзаны  бір  ат,  бір  шапанмен  Ә.  ақсақалдың  үйіне 
түсіріп,  шапанын  беріп,  атты  кейін  бермекші  қылады.  Өйткенмен  екі  жағына  да  қатын 
керек. Екі жағы да қатынының төркініне шабады. О. көптен қамданып қойған ба, төркіні 
біздің  қызымызға  зорлық  қылмай  таңдау  беріңдер  дейді.  Оны  естіген  жақын  әмеңгері 
қарап тұрсын ба, ана О. мырза да қатын өзімдікі деп қайта араздасып, бірі-біріне ұрлады, 
зорлады  деп  жала  жауысып,  ұрласады  да,  арыз  да  беріседі.  Онан  кейін  жақын  әмеңгері 
мынау  О.  шыдатпады  деп  Ә.  ақсақалдың  ауылын,  Р.  келіншекті  де  ала  көшіп,  бір 
жамағайынның  қасына  барып  қонады.  Ол  жамағайын  Ә.  ақсақалмен  де,  жақынымен  де 
ниеттес болса керек. Сол себептен Р. келіншекке айтады:  «Сен О-ға қалайша тиемін деп 
жүрсің? Оның аюдай ақырған 4-5 балалы қатыны бар, үйі түскен балалары бар. Олар саған 
күн көрсете ме? Онан да мына жап-жас өз әмеңгерің К-ға тисеңші! Мұның екі қатыны бар 
болсадағы алғашқы қатыны күң есебінде жүргенін білесің. Кейін алғаны болса, о да сенің 
қолыңа  су  құйғыш  боларлық  қана  бір  нашардың  қызы.  Және  К-ға  тисең,  Ә.  ақсақалдың 
жарымес  жалғыз  баласын  алдап,  саған  енші  әпереміз.  Егер  О-ға  тисең  іргеден  шығып 
байға тиген қатынға түк те жоқ» деген соң Р. келіншек О. мырзаны жын соқтырып, К-ға 


122 
 
тиіп-ақ  қойғаны.  О.  мырза  мұны  ести  сала  Р-ның  төркінін  шақыртып  алып,  Р-ға 
сөйлестірсе, бұрын малға сатып, бір шалға бергенсіңдер, енді өзімді өзім билеймін дейді. 
Сөйтіп О. мырза келіншектен айырылғанына әбден көзі жеткен соң көп сүйінші шығарып, 
бағанағы ұрлатқан жылқысының ішіндегі бір атының көзін тауып, ат тұрған кісіден сатып 
алады. Оның алдым деген кісісі келіншекті алған К-ның құдасы болып шығады. О. атты 
әкелісімен  К-ға  «малымды  бер»  деп  кісі  салса,  «мен  ақпын,  алған  жерінен  қусын»  деп 
жүре жауап берген соң, әрі қатыннан, әрі жылқыдан айырылып отырсың ба, бір түнде К-
ның  қақпасын  ашып,  алты-жеті  қара,  екі-үш  қойын  барымта  алады.  Тағы  ара  ағайын 
кірісіп,  барымтаны  қайтарып,  ағайын  берекесіне  салмақ  қылады.  Бұл  жұмыс  осы  күнде 
осы қалыппен тұрса керек. Бірақ соттағы арыз әлі тексерілген жоқ болса керек. Оның түбі 
не болады, бір Алла өзі біледі. 
Бұл  әңгімені  жазғандағы  мақсатымыз  —  біреуді  қаралап,  біреуді  ақтамақ  емес.  Осыны 
мысал қылып, еркектер де, әйелдер де ендігі ары артын байқап іс қылсын деп ғибрат үшін 
жаздық. 
О.  аламын  деп  азғырмаса,  Р-ның  несі  бар  еді? Р.  жер  соқтыратұғынын  білсе  О-ның  несі 
бар еді? Тегінде теңдік тиді деп әйелдердің де бірден бірге салдабалана бергені жарай ма? 
Еркектер де алды-артын байқамай көрсеқызарланып, ұятқа шалдыға бергені де жарай ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет