15
құрымақшы емес. Пұшықты сау, қаражүзді ақ қылып көрсететін айна айна болып та
жарытпақшы емес. Ондай айнаның барынан жоғы жақсы. Ондай айнаны жасау жалғыз-ақ
Көлбайдың қолынан келеді. Пұшықтар сау көрінгісі келсе, қара жүздер ақ көрінгісі келсе,
заказын Көлбайға бере берсін. Басқа айнада түзу көріну үшін бетін жуып, мерезінен
емделіп қараудан басқа шараны білмеймін. «Асқынған ауру дауасы — ащы дәрі» деген.
Тегінде қазақ дәрігерлері «ашытады екен» деп қазақтың «асқынған ауруын» емдемей
қоймақшы емес. Емдесе, ашытады; емдемесе өледі, жұғып қазақтың тұқымын құртады.
Осы екі жолдың қайсысын ұстау керек? Ашытса да емдеу керек. Емдегенде қас болса да,
жазылғанда дос болар.
Және елдің бәрі пұшық пен қарабеттің соңынан жүреді деуге болмайды. Жүрсе, пердесі
ашылып, қарабеттігі көрінбегендігінен жүреді. Ой, тәңір-ай, азар болса Николайдай-ақ
болар! Пердесі ашылып,
қарабеттігі көрініп еді, артынан кім жүрді?!
Газеттің көп мақсатының біріншісі — пердені ашып, сол қарабеттерді халықтың көзіне
түсіріп, ақтық, адалдыққа қарай бұрып алу.
Газет айна бола алмаса, сол беті жаман, пұшық, мерездерге айна бола алмай отыр:
көрсеткендігі үшін. Елдің бәрі пұшық, мерез емес қой. Күнде айнаға қарап, «ананың
бетін» деп күліп, өз бетінің саулығына шүкірлік қылып отырғандар да коп шығар. Тегінде
«рас сөз жағымды болмайды, Жағымды сөз рас болмайды» деген бар той. Жағымды
болуға газет растықтан пұшықтар өкпелейді екен деп айырыла алмаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: