2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет51/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Ешмұхаммед Шәкен 
 
АҚЫЛ СҰРАЙДЫ 
Мен  көп  жылдан  бері  сауда  һәм  басқа  кәсіппен  тапқан  аз  сомамды  халық  пайдасына 
жұмсауды лайық көріп, өткен 1912 жылы Кент елінің ішіндегі Талды өзенінің бойынан 20 
мың сом расход қылып, тоған байлап, бір ауылдас 90 үйге ақыл беріп, егін салдырып едім. 
Жыл сайын 50 мың сомдық пайда көріп, бүл күнде басқалар да егін салуға айналған соң, 
өткен  17-ші  жылы  бес  мың  сомға  тиірмен  сатып  алып,  Қызылкеніш  деген  жердегі 
Найзатасқа сол тиірменді салдырып едім. Жақын жерден тиірмен даяр болған соң халық 
алысқа барып әуре болмай, пайдаланып тұр. Шүкір, жер жақсы, тиірмен даяр, су бар. 
Қызылкеніштегі  тиірменнің  қасынан  жақсы  школ-медіресе  салуға  ниет  қылып,  10  мың 
сом  ақша  шығарып,  бірінші  ауылдың  адамдарына  маслихат  қылып  едім,  баршасы  бір 
ынтымақта  болып,  ризалығын  білдірді.  Шамалары  келгенше  жәрдем  бермекке  де  уағда 
қылды.  Рұқсатсыз  школ  неге  салдың  деп  жүрмес  пе?  Жылдамырақ  газет  арқылы 
білдірсеңіз екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет