Бекіту сұрақтары:
1). XVIII ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың болуына не себеп болды?
2). XVIII ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы неге әкеп соқтырды?
3). XVII ғ. 60-70 ж.ж. қазақ шаруашылығының кеңейтілген өндіріс жолына түсуі.
4). XVII ғ.соңындағы экономикалық дағдарысқа не сбеп болшды?
5). Дәстүрлі қазақ қоғамының бүтін жүйесінің талқандалуына не әсер етті?
6). Сыртқы саудны кімдермен жүргізді?
№20-21 лекция ХІХ - 2-жарт: - ХХ ғ. басы Қазақстанның шаруашылығындағы өзгерістер.
Негізгі ұғымдар:1860-1890ж.ж.реформалары, самодержавиенің переселендік саясаты, көшушілерге жеңілдіктер, жатақтың, өндірісттік жұмысшылар, столыпиндік реформалар.
Жоспар:
1.Самодержавиенің аграрлық саясаты.
Жер өңдеулік отарлауы
2.Капиталистік қатынастардың тууы:
өндіріс,
банк – ақша қатынастары,- сауда
3.Столыпиндік реформалардың салдары.
Бекіту сұрақтары:
1.Самодержавиенің аграрлық саясатытың мәнін айтыңыз?
Жер өңдеулік отарлауы қалай жүрді?
2.Капиталистік қатынастардың тууы неге байланысты болды?
Қандай өдірістер пайда болды?
банк – ақша қатынастары қалай жүрді?
2.Столыпиндік реформалардың салдары неге әкеп соқтырды?
Бірінші сұрақ бойынша, Самодержавиенің аграрлық саясатытың мәнінне тоқталу.Жер өңдеулік отарлауы қалай жүрді?
Екінші сұрақ бойынша, капиталистік қатынастардың тууы неге байланысты болды?
Қандай өдірістер пайда болды?
банк – ақша қатынастары қалай жүрді? Үшінші сұрақ бойынша, Столыпиндік реформалардың салдары неге әкеп соқтырды? – деген сұрақтарға деректерге сүйеніп жауап беру
№11 лекция ХХ ғ. 20-40ж.ж. экономикалық жаңартулар.
Негізгі ұғымдар:“ Әскер коммунизм саясаты ”, ЖЭС, индустриализация.
Жоспар:
1.Кеңестік “ Әскер коммунизм саясаты ”
2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның маңызы.
3.Ауылдарда әлеуметтік – экономикалық жаңартулар.
4.Қазақстан экономикасының лагерлік секторы.
Бекіту сұрақтары:
1“ Әскер коммунизм саясаты ”– бұл қанадай саясат?
2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның маңызы неде?.
3.Ауылдарда әлеуметтік – экономикалық жаңартулар қалай жүрді?
4.Қазақстан экономикасының лагерлік секторы дегенді қалай түсіндіресің?
№12 лекция ХХ ғ. 50-80 жж. Ауыл шаруашылығы.
.
Негізгі ұғымдар :Ауыл шаруашылығы.
Жоспар:
1)Ауыл шаруашылығына сипаттама.
2)Тың және тыңайған жерлерді игеру.
3) 1970-80 жж. Ауыл шаруашылығы.
Бекіту сұрақтары:
1) Ауыл шаруашылығының дамуына баға беріңіз?
2) Тың және тыңайған жерлерді игеру табыстары мен зардаптары туралы не білесіз?
3) 1970-80 жж. Ауыл шарауашылығындағы өзгерістер туралы не білесің?
VI. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
№13 лекция Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.
Негізгі ұғымдар: КСРОның ыдрауы, референдум,сайлау,
Жоспар:
1) КСРОның ыдрауы.
2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.
3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық өзгерістер.
4) 1993 – 1995 жылдардағы халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы.
Бекіту сұрақтары:
1) КСРОның ыдрауының себебі?
2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы неайтасыз?
3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық жағдай қандай болды?
№14 лекция Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері.
Негізгі ұғымдар: Жекешелендіру, Ұлттық валюта, қаржылық жүйе.
Жоспар:
1) Жекешелендіру және оның нәтижелері.
2) Ұлттық валютаның айналымға енуі және еліміздің қаржылық жүйесі.
3) Өнеркәсіптің дамуының алғашқы нәтижелері.
4) Тұрғын үй құрылысы.
Бекіту сұрақтары:
1) Жекешелендіру неше кезеңнен тұрды?
2) Ұлттық валюта айналымғақашан енді?
3) Тұрғын үй құрылысы қандай жүйе ьойынша қаржыландырылды?
№15 лекция Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы.
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік құрылым,зейнет ақы қоры.
Жоспар:
1) Елімізде қалыптасқан әлеуметтік құрылым.
2) Қазақ мемлекетінің әлеуметтік қорғау функциялары.
Бекіту сұрақтары:
1) Елімізде қалыптасқан әлеуметтік құрылым қандай?
2) Қазақ мемлекетінің әлеуметтік қорғау функцияларын атаңыз?
Лекция сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
№1 лекция Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәні
Пәнге кіріспе.
Негізігі ұғымдар:пәнге кіріспе, экономикалық тарих, аграрлық қатынастар.
Жоспар:
1) Пәнге кіріспе. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны
2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының мәселелері пәнінің мақсатымен міндеттері
3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
Мақсаты: Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орнымен таныстыру курстық пәннцң мақсатымен міндеттерін айқындау.
Мақсаты:Қазақстан орта ғасыр тарихы пәнінің мазмұнымен мақсат міндеттерімен таныстыру.
Лекция
1.Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық
ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды.
Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды.
Екінші кезең. Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды. Ежелгі қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Тоны көктің, Күлтегіннің руникалық жазулары Орхон-Енисейдің құлпытастарында таңбаланды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні X ғасырда "Манас" эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты. Үшінші кезең. ХІІ-ХІҮ ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл ел экономикасының дамуын тежеді. Бұл кезенңің басыңда атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағаңда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.
Бар қазақтық басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды.
Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.Әр рудың таңбасы болды. Малдарына өз таңбаларын соғу арқылы танымал етіп отырды.
Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүзден жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт, Орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі –Алшын –От-ана болса, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.
Дәл осы кезенде халықтың әзі – Шыңғысхан әулетінің бұғауына іліккен еді. Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы – шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына дейін түсінілмей қалған бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу білмес тегеурінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының ұстынына тірек, ұстынына көрік болған рухтың революциясы еді.
Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қадды.
Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ екілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғүрпын, дәстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.
Төртінші кезең. XV-XVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды. Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. "Қобыланды батыр", "Қамбар батыр" сияқты батырлар жырында, "Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу", "Қыз-Жібек" және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы тұп тамыр ретінде негізге алынды.
Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды.
Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі –Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би –Тәуке ханмен бірге "Жеті жарғы" атты тарихи қүжатты қабыддайды. Бұл киелі "жеті" санын нысан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді.
Ел экономикасы осы кезеңдердің барлығында дәстүрлі көшпенді шаруашылық сипатында қалыптасып дамып отырды.
2. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.
Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арыс ка жүзге белінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының экономикасының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, үлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі танда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін біддіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің үлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі. Ұлттың экономикасының тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам - өзімді-өзім тану деген соз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.
Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің үясын тапқан қүс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай үлттың окілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді.
Сонымен, үлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің ор-нынды, ортанды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде гана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт.
Егер ұлттық сезім болмаса онда үлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де – барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа үлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты.
Ал ондай сезімді тудыратын нәрселер – өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану.
3. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
Тарихи деректанудьщ жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен және басқа да тарихи зерттеулердің ара қатынасына зер салу керек.
а) Қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы.
Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-дан асады:
– эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар;
нумизматика – теңгелердегі жазулар;
сфрагистика – мөрлердегі жазулар;
геральдика – ел таңбаларындағы жазулар;
полиграфия –жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу;
папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу;
текстология – әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу;
дипломатика – заң актілерін зерттеу;
хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау;
метрология – өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу;
арихи география – өткеннің географиялық тарихын зерттеу;
генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б.
Бұл пәндердің даму барысында олардың зерттеу шеңбері де кеңіп отырады.
Дегенмен, арнаулы тарихи пәңдердің қай-қайсысы болсын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан әддеқайда шектеулі.
Деректану ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар, т.б.) ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған мағлұматтарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосымша пәндерден әлдеқайда кең.
Қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады.
1. Теориялық-әдіснамалық проблемалар:
– тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі;
тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, оңдағы субъек-тивтіліктің ара қатынасы;
тарихи деректерді жіктеу;
– деректердің ғылыми қүндылығын анықтау принциптері мен тәсілдері жоне т.б.
2. Нақты-қолтаңбалық проблемалар:
– деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау және екшеу;
нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;
– деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи індеттерді шешуге пайдалану тәсіддері және т.б.
Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және өдіснамалық саласынан білім беру;
пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жүмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және едістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады.
Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
2. Қазақстандағы аграрлық қатынастар қандай кезеңдерге бөлінеді?
3. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәні қай кезеңдердің аралығын қарастырады?
Бекіту сұрақтары:
1) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері қандай?
2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының пәндік мақсаты неді?
3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы қалай жүреді?.
№2 лекция ) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының мәселелері
тарихының деректемесі мен тарихнамасы.
Жоспар:
Негізігі ұғымдар: Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері қандай?
2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының тарихнамасы
1) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының деректемесі.
2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының тарихнамасы.
Мақсаты: Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының деректемелерімен оның пәнге байланысты деректік маңызын көрсету.Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихының тарихнамалық негіздеріне мінездеме беру.
Лекция.
ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Моғол жэне Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.
Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады.Низам ад - дин Шальидің Шараф ад - дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай - ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелеген авторлар жазған.
1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз - Абру 4-томдық «Маджма*ат таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың екінші жартысындағы щығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар - Раззақ Самарқандидің «Матла*ас-са дайн ва маджма*әл-бахрайны» бар. Он да Иран мен Орта Азиянын Хулагу жэне Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XV ғасырлар шебіндегі Ак Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Ұлықбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың өзара қатынастары туралы мәліметтер мен басқа да деректемелердің ынта - ықылас туғызатыны күмәнсіз.
XVI ғасырлардағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Та*рих - и Рашиди» деген шығармасы ХIV-ХIІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек - Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме.
Қазақ және өзбек билеушілерінің XVII ғасырлардағы Онтүстік Қазақстан йен Ташкенттің маңызды сауда экономикалық орталықтары жөніндегі тайталастары туралы, Мүхаммед Юсуф Муншидің «Тарих-и Муким-хани» деген шығармасында айтылатын Имамкули ханның Ташкенттегі көтерілісті аяусыз басып - жаныштауы туралы мағлұматтарды атап өткен жөн.
Түркі тілді деректемелер. Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақтан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы кұрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуы және дамуымен, сондай - ак ХУ-ХУШ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісі жаңғыртып көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығының баяндайтын едәуір мәліметтер бар. Тарихшы, ақын, билеуші - Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483-1530) тарихнамада «Бабыр - наме» (Бабыр жазбалары) деген атпен белгі болған еңбегі орта ғасырдың тамаша тарихи - әдеби ескерткіштерінің бірі болып табылады. Жас кезіңде Бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған
Сол дәуірде жалпы түрік ортасында болған шаруашылық, әлеуметтік этникалық және мәдени-тұрмыстық шыңдықтарды көрсететін көптеген қыпшақ терминдері мен лексикалық айналымдар арабша түсіндіріле немесе тура аударылып келтірілетін лингвистикалық еңбектер басқа түпнұсқа деректемелер болып табылады. Адам мекендейтін бүкіл дерлік мұсылман дүниесін шарлап шыққан атақты саяхатшы Ибн Баттутаның (1304-1377) жол
жазбалары - Дешті Қыпшақ тарихы жөніндегі маңызды деректемелердің
бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат нуззар фи ғараиб әл амсар ва аджаиб әл-афсар» («Қалалар ғажайыптары мен саяхат кереметтерін аңғартатындарға сыйлық: жүзінде оның шығармасы емес, қайта оның әңгімелеріне 1356 жылы әл-Қалби жасаған әдеби өңдеу болып табылады.
Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368-1644), ол да тақты «жатжерліктерге» бұл жолы маньчжурларға босатып берді.
Негізгі деректемелер мыналар: «Мин әулетінің тарихы» («Мин ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу»), және «Мин империясына жалпы шабуыл» («Мин хой яо>>). Қалған деректемелер: Монғолия,Моғолстан, Темір мемлекетіне және Орталық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолшыларының, көпестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман көпестерінен алынған мәліметтер қосымша материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өңделген түрінде қытайдын ең басты ресми еңбектерінің бәрі кірген, олардың ерекшеліктері - Мин империясы күйрегеннен кейін жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |