2 Лекция (сабақтың дәрістері)



бет1/11
Дата19.02.2017
өлшемі1,9 Mb.
#10912
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ПОӘК

042- 16 - 02.01. 18/03-2013





30.09.2013ж.

Беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042- 16 - 02.01. 18/03-2013


«Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені

30.09.2013ж.





ПӘННІҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»
050203»- «тарих» мамандығы үшін

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Лекция (сабақтың дәрістері)

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттің өздік жұмыстары



1 Глоссарий

Қоналға – қызмет бабымен келе жатқан әкімшілік шенділерді жеткізіп салу, қарсы алу және азықтандыру жөніндегі міндеткерлік.

Хараж – алым-салық жүйесіне қатысты термин, өнім түріндегі рента негізінен «хараж» деген атпен мәлім; бұл терминнің синонимі – мал (Абдураимов М. А. Очерки аграрных отношений в Бухарском ханстве в XVI – первой половине XIX века. Ташкент, 1970. Т. 2. С. 148)

Даруға – моңғол билеушісі, ханның қаладағы орынбасары; даруғаның міндеті: жалпы басқару, алым-салықтың дұрыс түсуін және міндеткерліктердің уақтылы орындалуын бақылау. XV – XVI ғасырларда «даруға» терминінің мағынасы әлдеқайда кеңейіп, билеуші, басқарушы, жалпы меңгеруші, қазынаның пайдасына міндеткерлікті өндіріп алу бастығы, губернатор дегенді білдірген (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. М.; Л., 1950. С. 471).

Хәкім – ханның тағайындалуы бойынша әкімшілік және соттық қызметті атқарушы қаланың не облыстың билеушісі.

Нөкер – моңғолша сөзбе-сөз дос деген сөз. Жауынгер, қызметші. Өз көсеміне қызмет етуге міндеттенген ерікті жауынгер дегенді білдіретін термин. Түркі халықтарында «нөкер» термині «жасақ», «әскери қызметші» дегенді білдірген (МИКХ. С. 500).

Аймақ – тайпа, ру деген мағынаны беретін «омақ», «обақ» деген сөзбен теңдес; XV−XVIII ғасырлардағы мұсылман шығармаларында да осылай қолданылады (МИКХ. С. 494). (246 бет)

Ауыл - қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас

жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған.



Ата – аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады.

Айттыру құдалығы - қыз бой жеткенде айттырылады.

Айыр қалпақ - аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі.

Жүз - бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.

Жайлау - селеулі жазық дала мен биік таулардың аралығындағы шалғынды

кеңістік , таза су, отты жер,қоңыр салқын ауа.



Зеңгі баба - сиыр малының пірі.

Киіз үй - жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл

құрама үй.



Кереге - киіз үйдің қабырғасы.

Кимешек - жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім.

Көкірекше - жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім

Кебеже - азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.

Келі - тары, бидай т.б.дәнді дақылдарды түйетін ұнтайтын қатты ағаштан

жасалған құрал.



Кесене - діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

Көген - қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған

қысқа жіптер.



Қамбар ата - жылқы малының пірі.

Құйысқан- ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Құрық - жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы.

Қарын құда - бала анасының құрсағында жатқанда атастырылады.

Қозы күзем - қозылардың күзгі жүнін қырқатын мезгіл.

Тасаттық - құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.

Туырлық - керегені жабатын киіз.

Түндік - шаңырақты жабатын киіз.

Үзік - уықты жабатын киіз.

Шекпен - түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.

Шаңырақ - киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі

Шекшек ата - ешкі түлігінің пірі.

Шопан ата - қой түлігінің пірі.

Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.

Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)

Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе.



Агностицизм – ( грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату.

Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді.

Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.

Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.

Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.

Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.

Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.

Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.

Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.
2 Дәрістер.

1 лекция Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы

Пәнге кіріспе.

Негізігі ұғымдар:пәнге кіріспе, экономикалық аспек, аграрлық қатынастар.

Жоспар:

1) Пәнге кіріспе.Қазақстан әлеуметтік -экономикалық тарихының қамтитын мәселелері , оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны

2)Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихының мәселелері пәнінің мақсатымен міндеттері

3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.



Мазмұны

Пәнге кіріспе. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық

ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды.

Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды.


Бекіту сұрақтары:

1) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері қандай?

2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының пәндік мақсаты неді?

3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы қалай жүреді?.


2 лекция Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы деректемесі мен тарихнамасы.

Жоспар:

Негізігі ұғымдар: аграрлық қатынастар тарихының деректемесі, тарихнамасы

1)Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихының деректемесі.

2)Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихының тарихнамасы.

Мазмұны

ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Моғол жэне Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.

Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады.Низам ад - дин Шальидің Шараф ад - дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай - ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелеген авторлар жазған.

1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз - Абру 4-томдық «Маджма*ат таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады.



Бекіту сұрақтары:

1)Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихының қандай деректемелерін білесіз?.

2)Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз?
3-4 лекция Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.

Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы.

Жоспар:

1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы.

2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.

3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.

4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы.

5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы.

Мазмұны:

Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы. Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған.

2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.

Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп.



Бекіту сұрақтары:

1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды?

2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз?

3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз?

4.Балық аулау тәсілдері қандай болды?
5-6 лекция Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстары

Негізгі ұғымдар: Көшпелі, мал шаруашылығы, Нұра, Атасу, Беғазы- Дәндібай, от өткізу әдісі. Түркі тайпаларының тарихи аренаға шығуы.

Жоспар:

1). Қоланы меңгеру. Ерте металлургия.

2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалы:

- мал шаруашылығы

- жер өңдеу

- үй тұрмысы

3). Қоғамдық қатынастар.

Бекіту сұрақтары:



1). Қоланы игеру тәсілі қандай болды?

2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз?

3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді?

Мазмұны:

Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады. Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi.

7-8 лекция Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы.

Негізгі ұғымдар: Экстенсивті мал шаруашылығы, богарлық жер өңдеу, жоғалған үлгі әдісімен құю.

Жоспар:

1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары.

2. Жер өңдеу және ирригация.

3. Қол өнер.

4. Сауданың дамуы. Дала жолының маңызы

: Бірінші сұрақ бойынша, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары мәселелеріне тоқалу керек. Екінші сұрақ бойынша, жер өңдеу тәсілдерін айту керек. Үшінші сұрақ бойынша, ирригация – бұл тәсілдің ерекшелігін ашу. Төртінші сұрақ бойынша, сауданың дамуы ондағы дала жолының маңызын ашу керек.

Бекіту сұрақтары:

1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары.

2. Жер өңдеу тәсілдері қанада йболды?

3. Ирригация – бұл ненің тәсілі?

4. Сауданың дамуында дала жолының маңызы қанадай болды?
9 -10 лекция Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы.

Негізгі ұғымдар:Қазақтың дәстүрлі егіншілігі, тайпалардың егіншілік мәдениеті.

Жоспар:

1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.


2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы.
3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігі.
Бірінші сұрақ бойынша, ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениетінің ерекшеліктерін ашу. Екінші сұрақ бойынша, орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығыдамыған аймақтарды анықтау. Үшінші сұрақ бойынша, қазақтың дәстүрлі егіншілігінің өзіндік ерекшелігін деректер негізінде ашып беру.
Бекіту сұрақтары:

1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.


2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы.
3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігін қалай түсінесің?
11 -12 лекция Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы.

Негізгі ұғымдар: Ұлы Жібек жолы, ирригация, тайпа құрамы және қор тәртібі.



Жоспар:

1. Тайпа құрлымы және көшу түрлері

2. Отырықшы-жер өңдеу шаруашылығы

3. Біртұтас әлеуметтік – экономикалық мәдениетте көшпелі және отырықшы мәдениеттердің интеграциясы.
Бірінші сұрақ бойынша, тайпа құрлымы неге негізделгеніне талдау жасау. Екінші сұрақ бойынша, көшу түрлеріне тоқталу мен қатар оның шаруашылық маңызын ашу керек. Үшінші сұрақ бойынша, отырықшылық ұғымын түсінік бере отырып оның прогресивтік мәнін ашу керек.
Бекіту сұрақтары:

1.Тайпа құрлымы неге негізделді?

2.Көшу түрлерін атаңыз?

3.Отырықшылық ұғымын қалай түсінесің?
13-14 лекция Қазақ Хандығы: 15-17 ғ.ғ. халқы және шаруашылығы

Негізгі ұғымдар: Жер өңдеу, Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ,
Жоспар:

1). Ұйымның түсінігінің жүздік бөліспен ауысуы

2). Мал және үй шаруашылығы. Жер өңдеу.

3). Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалалары:

- қалалар және қала тұрғындары саны

- қалалар құрылымы, қаланың жер иеленуі

4). Салық жүйесі.Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ,

Бірінші сұрақ бойынша, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, жүздердің ру-тайпалық құрамы және географиялық орналасуы,әлеуметтік лауазымдар туралы айту. Екінші сұрақ бойынша, мал шаруашылығы:көшу түрлері және табын құрылымы,көшу маршруттарын анықтау.Үшінші сұрақ бойынша, мал және жер өңдеу шаруашылығының өзара әрекеттеріне қатысты қарастыру.Төртінші сұрақ бойынша, қала мәдениетіндегі өзгерістер мен қолөнер кәсіпшілігін айту. Бесінші сұрақ ішкі және транзиттік саудаға кеңінен тоқталып өту.
Бекіту сұрақтары:

Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалаларды атаңыз?

- қалалар және қала тұрғындары саны

- қалалар құрылымы туралы не білесіз?

- қалалардың болуы нені білдіреді?

15 лекция XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептерінің алғышарттары.


Негізгі ұғымдар: протектарат, отаршылдық, Қазақ - жоңғар соғыс.

Жоспар:

1) Қазақ - жоңғар соғыстырының негізгі себептері.

2) Ресейдің отаршылдық саясатының басталуы.

3)Қазақ жүздерінің Ресей протектаратын қабылдауы.



Бекіту сұрақтары:

) Қазақ - жоңғар соғыстырының негізгі себептерін атаңыз?.

2) Ресейдің отаршылдық саясаты неден көрінді?

3) Қазақ жүздерінің Ресей протектаратын қабылдауының саяси себебін айтыңыз?


16-19 лекция ХVІІІ - ХІХ ғ. 1-жарт: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: Жер дағдарысы, экономикалық дағдарыс, сыртқы сауда

Жоспар:

1). XVIII ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың экономикалы және демографияның салдары.

2). XVIII ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы.

3). XVII ғ. 60-70 ж.ж. қазақ шаруашылығының кеңейтілген өндіріс жолына түсуі.

4). XVII ғ.соңындағы экономикалық дағдарыс:

5). XIX ғ.20-40 ж.ж. дәстүрлі қазақ қоғамының бүтін жүйесінің талқандалуы.

6). Сыртқы сауда.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет