«Мин ши» Қытайдың 25 әулеттік тарихының дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы жазған және 1645-1735 жылдарды қамтиды.
«Мин шилу» - көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар.
«Мин хой яо» - тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама
еңбектің үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар.
Қытай деректемелері белгілі мұсылман деректемелерін өзінің жүйелігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.
Орыс деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде ХІУ-ХУП ғасырлардағы орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларында орыс князьдарының Орданың билік орындарымен қарым-қатынастарының көптеген жақтары көрсетілген. Оларда Орданың ішкі, қоғамдық саяси жағдайы туралы, атап айтқанда, XIV ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларының түркі топтарының өзара қырқысқан күресі туралы айтылады.
Қазақстан және Орталық Азияның шектес аумақтары халқының тарихын зерттеудегі орыстың деректі материалының маңызы XVII ғасырда барған сайын арта түсті. Сол ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым белгілі бола түсті.
2. Соңғы орта ғасырлардағы Қ азақстанның тарихнамасы XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И.Рычков, И.Г.Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал
Кеңестік дәуірдің 80-90 жылдарындағы отандық тарихнамада революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Қазақстан тарихының зерттелу мәселесін қарастыруда 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. 50-70 жылдары бұл мәселенің кейбір қырларын зерттеудің негізін салып, оны жан-жақты қарастыруға атсалысқан қазақстандық тарихшылар Д. Дулатов, В. Галиев, Ж. қасымбаев, Ж. Махашев, И. Ерофеева, В. Толочко және т.б. өзінің бұл саладағы ізденістерін одан әрі жалғастыра түссе, орыс тарихнамасының ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ Қазақстан тарихына қатысты жекелеген, әлі де сөз болмаған жайларын зерттеуге, осы кезеңде басқа да тарихшылар атсалыса бастады. Аталған кезеңде қарастырып отырған мәселеге, қазақстандық ғалымдар В.Басин, Р.Киреева да көңіл аударды. Олар өз ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдар аралығындағы Ресей тарихнамасының қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнады. Өзінің алғашқы орыс дворяндық революционерлері – декабристердің қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнаған ғылыми ізденістерін ілгері жалғастырып В.Галиев 90-жылдардың басында «Декабристы и Казахстан» атты монографиясын жариялады. Бұл еңбек ХІХ ғ. Бірінші ширегіндегі алғашқы орыс азаттық қозғалысы өкілдерінің Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап еліміз тарихшыларының тыңғылықты және жан-жақты зерттеу тақырыбына айналғаны және бұл мәселені алғаш рет отандық тарихнамалық зерттеулердің негізін салушылардың бірі Д. Дулатова «Чокан Валиханов о присоединении Казахстана к России» (1963) деген мақаласында көтергені баршаға белгілі. Бұдан кейін 80-90 жылдары бұл мәселенің түпкі аспектілері , атап айтқанда, ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы дворяндық-буржуазиялық тарихнамада Қазақстанның Ресейге қосылуының жалпы мәселелернінің зерттелуі Ж.Махашевтң, Е.Ерофееваның мақалаларында; революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Орта жүздің Ресейге қосылу процесінің жекелей қарастырылуы П. Қайсарбековтің зерттеу объектісі болды. 60-70 жылдары еліміздің кейбір тарихшылары (В.Толочко) және қазақ-орыс әдебиеттері байланысын зерттеуші белгілі әдебиетші ғалым К.Кереева-Канафиева Қазақстан тарихының революцияға дейінгі Ресей баспасөзінде зерттелу мәселесін көтерген болатын. 80 жылдардың екінші жартысында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы орыс журналдарының беттерінде Орта Азия мен Қазақстанға қатысты мәселелердің зерттелуі А.Алексеенконың докторлық монографиясы тақырыбы болды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей тарихнамасы өкілдерінің Қазақстан тарихының нақты мәселелерін зерттеуі аталған кезеңде А.Абилевтің де назарын аударды. Ол өзінің мақаласында 1768-1874 жылдары өткізілген Екінші академиялық экспедиция мүшелерінің еңбектеріндегі қазақ халқының тарихы мен этнографиясының зерттелуін қарастырады. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы зерттеушілердің революциияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын талдауға арналған мұрасын зерттеуге 80 жылдары көпетеген тарихшылар өз еңбектерін арнады. ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресеймен сауда-саттық орталығы ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И.Ерофеева мен Ж:Қасымбаевтың мақалалары, РЕсей университеттері мен ғылыми қоғамдарының және елдің өз ішіндегі түрлі аймақтардағы (мысалы, Шығыс Қазақстан қалаларындағы) ғылыми және ағарту мекемелерінің ХІХ ғасырда Қазақстанның мәдени дамуындағы рөлі тарихшылардың ерекше назарын аударды. Бұл проблема жөнінде С.Зимоновтың, Ж:Қасымбаевтың зерттеулері бар.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Сібір баспасөзінің материалдары бойынша Қазақстан өлкетануының кейбір мәселелерін және ежелгі кезден бастап, 1917 жылға дейін нақты Шығыс Қазақстан өлкетануын зерттеу Р.Федорованың кандидаттық жұмысының объектісі болды. Кеңес уақытындағы (1980-1990) Отан тарихнамасында ғалымдардың жеке тұлғасына, яғни революцияға дейінгі Қазақстан тарихын қарастырған орыс ғалымдарының бір тобының немесе жекелеген тұлғаларының шығармашылығын зерттеуге арналған ңбектер көптеп жарияланды. ХVІІІ ғасырдағы жергілікті Түркістан өлкетанушысы И.Андреевтің қазақ халқын зерттеу тарихы мен орыс ғалымдары мен мен саяхатшыларының еңбектері мен жазбаларында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихы мен царизмнің Орта жүздегі жүргізген нақты саясатының зерттелуіне М.Ерофеева мен С.Урашевтың мақалалары арналды. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасындағы Ішкі Орданың сипатталуы жас зерттеуші к. Кобландин мен тарихшы ғалымдар Э. Масанов пен Ж.Қасымбаевтың зерттеу тақырыпытары болды. Қазақстан тарихының кейбір мәселелерінің зерттелуіне арналған әскери тарихшы М.И.Венюковтың еңбектеріне талдау Н.Алексеенконың «Хранители памяти» (1988) кітабында берілді; Қазақстан өлкетанушысы Н.Ивлев өз еңбегін А.Ф.Голубевтің еңбектерін зерттеуге арнады. 80 жылдары П.Рычковтың Қазақстан туралы мұрасын; қазақтардың дәстүрлі құқығының зерттеушісі ретінде А.Левшиннің еңбектерін; революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеу үшін дерек ретінде Г.Генстің қолжазбаларын тарихшылар А.Абилев, Н.Ахметова. Р.Бекназаров пен С.Шакиров зерттеді. Кеңес дәуіріндегі тарихшылардың тарихнамалық еңбектерінің ішінде Д.Дулатованың 1984 жылы жарияланған «Историография дореволюционного Казахстана» (1861-1917ж.ж) деген монграфиясын еркше бөліп айтқым келеді. Онда Ресей тарихнамасының реформадан кейінгі кезеңінен 1917 жылға дейінгі аралықтағы қазақ халқын зерттеуінің қорытындылары шығарылған. Бұл еңбек аталған мәселені зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады.
Қарастырылған мәселерді тұжырымдай келе айтарымыз, біздің пайымдауымызша, орыс тарихи ойының Қазақстанды зерттеуі Кеңес, сонымен қатар отандық тарих ғылымының қалыптасу мен дамуына бүтіндей сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезең –ХХ ғасырдың 20-50 жылдардың аяғын қамтитын, кеңестік тарихнаманың марксистік-лениндік бағытқа өтіп, тарихи мәселелерді зерттеуде крнцептуалдық ережелерді қайта қарауымен сипатталады. Бұл кезеңдегі кеңестік тарихнамада орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы мұрасы арнайы тарихнамалық зерттеу объектісі болған жоқ. Ғалымдар (орыс зерттеушілерінің еңбектерін) қазақ халқының тарихына қатысты аса құнды дерек ретінде ғана зерттеді. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуы мен Тарих институтымен Шығыстану секторының ашылуынан кейін елімізде республиканың тарих ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады. Көптеген тарихшылар орыс тарихнамасының Қазақстанды зерттеуге қосқан зор үлесін тереңірек қажеттілігін өткір сезіне бастайды. Мәселен, Қазақстан тарих ғылымының 40 жылдардың екінші жартысына дейін атқарған жұмыстарының қорытындылары мен болашағы жайлы айта келіп Х.Айдарова: «Некоторые итоги и перспективы развития исторической науки в Казахстане» деген бағдарламалық мақаласында нақты тарихнамалық зерттеулердің қажеттілігін атап көрсетті. Сөйтіп, 50-ші жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында отандық тарихшылар тарихнаманы және оның ішінде Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге бет бұра бастайды. Бұл мәселенің Кеңес дәуіріндегі отандық тарихнамада зерттелуінің екінші кезеңін 60-91 жылдармен шектеуге болады. Мәселенің Қазақстан тарихы көлемінде бөлініп, дербес қарастырылуы оның алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда біз сөз еткен ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында революцияға дейінгі орыс тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу мәселесін қарастыруды кеңестік тарихнамада 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. Үшінші кезең – 1991 жылдан басталып жалғасып келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшылары кеңестік идеологиялық қыспақтан, тарихқа деген таптық, формациялық көзқарастардан арылып, деректік негіздерін кеңейтіп тақырыптың жекелеген нақты мәселелерін қарастыруды тереңдетіп жатыр. Алайда, 50 жылдардың аяғы мен 1991 жылдың аралығында отандық тарихнамада ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей тарихнамасында Қазақстанның зерттелуінің тарихын түрлі дәрежеде қозғайтын бірқатар еңбектердің пайда болғанына қарамастан, бұл күрделі мәселені толық және тұтастай қамтып байыптаған ғылыми зерттеу әлі туған жоқ. Бұл – біздің өкінішіміз.
Бекіту сұрақтары:
1)Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?.
2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз?
№3-4 лекция Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.
Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы.
Жоспар:
1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы.
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.
3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.
4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы.
5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы.
Лекция
1.Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы.
Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған.
2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.
Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.
Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi.
3.Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды.
Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған.
4.Неолиттік ревалюция-адамзаттың экономикалық ұмтылысы. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi.
5.Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеніңдегі мыс құралдарының пайда болуы.Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған.
Мақсаты: Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект тақырыбына байланысты тас ғасырының еңбек құралдарының қарапайымнан бастау алып,бүгінгі күнгі технократиялық дамуға дейінгі жетілдірудің эволюциясы негізімен экономикалық дамуға қол жеткізген адам баласының қабілетінің шексіз дамуы туралы проблемалық ой қозғау.
Лекция.__Бекіту_сұрақтары'>Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды?
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз?
3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз?
4.Балық аулау тәсілдері қандай болды?
№5-6 лекция Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығымен қоғамдық қатыныстары.
Негізгі ұғымдар: Көшпелі, мал шаруашылығы, Нұра, Атасу, Беғазы- Дәндібай, от өткізу әдісі. Түркі тайпаларының тарихи аренаға шығуы.
Жоспар:
1). Қоланы меңгеру. Ерте металлургия.
2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалы:
- мал шаруашылығы
- жер өңдеу
- үй тұрмысы
3). Қоғамдық қатынастар.
Мақсаты: Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстарының экономикалық даму тарихы туралы біліктіліктерін дамыту.
Лекция.
1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады.
Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ, тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады.
Бекіту сұрақтары:
1). Қоланы игеру тәсілі қандайболды?
2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз?
3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді?
№7-8 Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарынын шаруашылығы.
Негізгі ұғымдар: Экстенсивті мал шаруашылығы, богарлық жер өңдеу, жоғалған үлгі әдісімен құю.
Жоспар:
1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары.
2. Жер өңдеу және ирригация.
3. Қол өнер.
4. Сауданың дамуы. Дала жолының маңызы
Лекция
1.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қоғамдық қатынастар.Темiр дәуiрiнде (б.з.б. 7 ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал ш-ның негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры дәуiрiнде (б.з.б. 1 — мыңжылдық ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңт., шығыс және орт. аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына (қ. Сақтар), ал батыс, солт. аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археол. деректер бұл бiрлестiктерде мемл. нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңт. өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi олардың мәдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары болып табылады. Шығ. Қазақстандағы тайпалар материалдық мәдениетi майәмiр (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар), құлажорға (б.з.б. 3 — 1 ғ-лар) кезеңдерiне бөлiнедi. Майәмiр кезеңiндегi Шiлiктi обасы, Берел кезеңiндегi осы аттас обалардан алынған мағлұматтардан сақтардың әлеум. жағдайын, тұрмысқа қажеттi заттардан олардың шаруашылығы мен дүниетанымын аңғаруға болады. Орт. Қазақстан тайпалары Тасмола мәдениетiн қалдырды (жазба деректерi бойынша бұлар массагет тайпалары не исседондар). Мұны тастардың тiзбектеле, мұртқа ұқсай орналасуына байланысты “мұртты обалар” деп те атайды.
“Мұртты” обалардың архит. кешенi қола дәуiрi тайпаларының табынушылық құрылыс өнерiнiң дәстүрлерiн айқын бейнелейдi. Савромат-сармат ескерткiштерi, әсiресе, Елек өз. бойында көп шоғырланған. Мұндағы Бесоба қорымы, Целинный қорымы, Сынтас қорымы, т.б. ескерткiштердiң құрылысы мен олардан табылған заттар бұл тайпаларда қолданбалы өнердiң жоғары болғандығын көрсетедi. Ертедегi көшпелiлердiң дiни нанымында отқа, күнге, от басы, ошақ қасы, ата-баба аруағына табыну орын алды, пұтқа, керемет күшке сенушiлiк сақталды. Қолданбалы өнерде скифтiк-сiбiрлiк аң кескiнiн бейнелеу нақышы кең тарады. Бат. және Солт. Қазақстандағы савромат мәдениетi тайпалары — аландардың арғы тегi, Шығ. Қазақстанды аримаспылар, Жетiсу мен Оңт. Қазақстанды тиграхауда сақтары, Арал маңын массагеттер қоныстанды. Темiр дәуiрiндегi ежелгi тайпалар бiрлестiгi жөнiндегi жазба деректемелердi екi топқа бөлуге болады: 1) көне деректермелер (Геродот, Ксенофонт, Птолемей, т.б.); 2) ахамен әулетi (ежелгi парсы) сына жазбалары. Соңғы деректемелерде сақтардың үш тобы: хаумаварга сақтар, тиграхауда сақтар, тиай-парадрайа сақтар аталады; (қ. Қазақстанның ежелгi тайпалары).
Мақсаты: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы туралы толыққанды мағұлұмат беру. Жеке меншік қатынастарыдың пайда болуыныңдағы өндіріс құрал жабдықтарының маңызын дәлелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |