5-сыныпқа арналған Қазақстан Тарихынан тест тапсырмалары Тарих әлемі



Дата28.01.2018
өлшемі159,9 Kb.
#34670
5-сыныпқа арналған Қазақстан Тарихынан тест тапсырмалары

1.Тарих әлемі 


1. «Тарих» сөзін алғаш қолданған 
А) Гректер 
В) Арабтар 
С) Ағылшындар 
Д) Француздар 
2. Батыс әлемінде «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болған 
А) Сыма Цянь 
В) Геродот 
С) Рашид ад Дин 
Д) Аристотель 
3. «Жами ат тауарих» еңбегінің авторы 
А) Сыма Цянь 
В) Геродот 
С) Рашид ад Дин 
Д) Аристотель 
4.Шығыс әлемінде «тарихтың атасы» деп аталады 
А) Сыма Цянь 
В) Геродот 
С) Рашид ад Дин 
Д) Аристотель 

2.Тарихтың қайнар көзі деректер 


1. Ауызша деректерге мыналар жатады 
А) Патшалар мен әкімдердің заңдары 
В) Әр түрлі әдеби шығармалар 
С) Тарихшылардың жазбалары 
Д) Халықтық жыр-эпостар 
2. Жазбаша тарихи деректерге мыналар жатады 
А) Мифтік аңыз әңгімелер 
В) Ертегілер, мақал мәтелдер 
С) Патшалар мен әкімдердің заңдары 
Д) Халықтық жыр-эпостар 
3.Елтаңба тану ғылымы 
А) Геральдика 
В) Нумизматика 
С) Археология 
Д) Антропология 
4. Тиындар, ақша айналымын зерттейтін ғылым 
А) Геральдика 
В) Нумизматика 
С) Археология 
Д) Антропология 

3.Жазбаша деректер 


1.Қазіргі біз пайдаланып жүрген әріптерді ойлап табушылар 
А) Финикиялықтар 
В) Ағылшындар 
С) Гректер 
Д) Қытайлықтар 
2.Ең алғашқы әліпбиді ойлап тапты 
А) Финикиялықтар 
В) Ағылшындар 
С) Гректер 
Д) Қытайлықтар 
3. Иероглифтер қазіргі күнге дейін қолданылады 
А) Қытай мен Жапонияда 
В) Грекия мен Түркияда 
С) Қытай мен Үндістанда 
Д) Үндістан мен Францияда 
4.Түріктер б.з-дыңV-IX ғасырларына дейін пайдаланған жазу 
А) Иероглифтер 
В) Руна жазуы 
С) Сақ жазуы 
Д) Петроглифтер 

4.Заттай деректер 


1.Адамзаттың тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым 
А) Археология 
В) Этнография 
С) Этнология 
Д) Антропология 
2. Халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, әдет-ғұрыптарын зерттейтін ғылым 
А) Археология 
В) Этнография 
С) Топонимика 
Д) Антропология 
3.Дүние жүзіндегі этностардың саны 
А) Екі мыңдай 
В) Үш мыңдай 
С) Төрт мыңдай 
Д) Бес мыңдай 
4. «Алтын киімді адамды» тапқан ғалым 
А) Әлкей Марғұлан 
В) Мир Қадырбаев 
С) Кемал Ақышев 
Д) Ш.Уәлиханов 

5.Өлкетану дегеніміз не 


1.Атаулар тарихын зерттейтін ғылым 
А) Мұрағаттану 
В) Онамастика 
С) Теономия 
Д) Космономия 
2.Көне замандардан бері жинақталған аса маңызды құнды жазба құжаттар, қолжазбалар сақталатын орын 
А) Мұрағат 
В) Қоғамдық кітапхана 
С) Мұражай 
Д) Шипажай 
3.Көшпелілер өркениеті қалыптасты 
А) Ніл өзенінің бойында 
В) Далалық аймақта 
С) Хуанхэ өзені бойында 
Д) Шығыс Еуропада 
4.Отырықшы өркениет қалыптасқан аймақтардың бірі 
А) Ніл, Тигр, Евфрат өзендерінің бойы 
В) Далалық аймақта 
С) Дунай өзені бойында 
Д) Шығыс Еуропада 

6.Тарих және уақыт 


1.Қазақ халқында күн райын болжай білетін адамдарды атады 
А) Есепшілер 
В) Абыздар 
С) Жылнамашылар 
Д) Билер 
2.Алғаш рет уақытты жылмен есептеді 
А) Мысырда 
В) Грекияда 
С) Финикияда 
Д) Қытайда 
3.Қазақтар өте көне заманда уақытты осы ханның есімімен байланыстырған 
А) Абылай хан 
В) Алаша хан 
С) Әбілқайыр хан 
Д) Тәуке хан 
4.Қазақша жыл санаудабір мүшелдегі жыл саны 
А) Жеті жыл 
В) Тоғыз жыл 
С) Он екі жыл 
Д) Он үш жыл 

7.Тарих және кеңістік 


1.Сақтардың түсінігінше әлемдегі үш құрылым 
А) Жоғарғы,төменгі, орта 
В) Биік, төмен, аласа 
С) Қызыл, жасыл, сары 
Д) Сол, оң, орта 
2. Күнге табынудың қазақ жеріндегі тамаша сақтардан қалған ескерткіштері 
А) «Патша қорғандары» 
В) «Алып қорғандар» 
С) «Мұртты қорғандар» 
Д) «Тас қорғандар» 
3.Ежелгі түріктердің ертедегі табынған діні 
А) Ислам 
В) Тәңір 
С) Будда 
Д) Христиан 
4.Қазақ халқы құт береке, ұрпақ беруші ие деп атаған 
А) Тәңірді 
В) Ұмайды 
С) Үңгірді 
Д) Ағашты 

8.Тарихи карталар 


1.Карта сөзінің немісше беретін ұғымы 
А) «Жазу папирусы 
В) «Түпнұсқа» 
С) «Шартарап» 
Д) «Кескіндер» 
2.Карта сөзінің грекше беретін ұғымы 
А) «Жазу папирусы» 
В) «Түпнұсқа» 
С) «Шартарап» 
Д) «Кескіндер» 
3.Қазақ жерінің саяси-этностық тарихы туралы дерек беретін,XI ғасырда жасалған картаны жасаған 
А) Геродот 
В) М.Қашғари 
С) М.Х.Дулати 
Д) Ж.Баласағұн 
4.Ыстықкөлді алғаш рет картаға түсірген ғалым 
А) Ә.Марғұлан 
В) М.Х.Дулати 
С) Ш.Уәлиханов 
Д) М.Қашғари 

9.Қазақстан-әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі 


1.Қазақстан республикасы орналасқан құрылық 
А) Еуразия 
В) Австралия 
С) Антарктида 
Д) Америка 
2.Жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым 
А) Археология 
В) Топономика 
С) Мұрағаттану 
Д) Онамастика 
3.Тарихи оқиғалармен байланысты қойылған жер-су аттары 
А) Аюлы, Маралды 
В) Қарағайлы, Қарқаралы 
С) Аңырақай, Қалмаққырған 
Д) Жетісу, Жезді 
4.Қазақстан Республикасы оңтүстік шекерасында шектесетін мемлекет 
А) Ресей 
В) Үндістан 
С) Әзірбайжан 
Д) Түрікменстан 

10.Біздің отанымыз-Қазақстан 


1.Қарағанды облысында орналасқан таулар 
А) Қарқаралы 
В) Баянауыл 
С) Хан-Тәңірі 
Д) Қаратау 
2.Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттерінің шекарасының түйіскен жерінде орналасқан шың 
А) Эверест 
В) Қызыларай 
С) Хан-Тәңірі 
Д)Көкше 
3.Қазақстанда кеме жүзетін өзен 
А) Талды 
В) Есіл 
С) Жайық 
Д) Шу 
4.Төрт мемлекеттің жерінде орналасқан, төрт жағынан да қазақтар мекендейтін тау 
А) Қарқаралы 
В)Алтай 
С) Алатау 
Д) Қаратау 

11.Қазақстан халқы 


1.Қазақстан Республикасын мекендейтін диаспора 
А) Қазақтар 
В) Орыстар 
С) Сақтар 
Д) Франктер 
2.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді 
А) Кәрістер 
В) Поляктар 
С) Өзбектер 
Д) Немістер 
3.Жер шарындағы мемлекеттердің саны 
А) 200-дей 
В) 300-дей 
С) 100 шақты 
Д)) 500-дей 
4.Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этнос 
А) Қазақтар 
В) Орыстар 
С) Ағылшындар 
Д) Өзбектер 

12.Қазақстан қалалары 


1.Түркі халықтарының саяси және рухани орталығы 
А) Астана 
В) Алматы 
С) Ташкент 
Д) Түркістан 
2.1959 жылы ірге тасы қаланған,портты қала 
А) Астана 
В) Атырау 
С) Орал 
Д) Ақтау 
3.Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы 
А) Тараз 
В) Қызылорда 
С) Шымкент 
Д) Қаратау 
4.Қасынан Тобыл және Обаған өзендері ағып өтетін қала 
А) Қарағанды 
В) Атырау 
С) Орал 
Д) Қостанай 

13.Адамды кім жаратты 


1.Алғашқы адамдар осыдан 3 миллиондай жыл бұрын өмір сүрді 
А) Еуропа мен Азияда 
В) Африка мен Азияда 
С) Австралия мен Еуропада 
Д) Африка мен Еуропада 
2.Алғашқы питекантроптың сүйегі 1890-1892 жылғы қазба жұмыстардың нәтижесінде табылды 
А) Ява аралынан 
В) Оңтүстік Азиядан 
С)Германиядан 
Д) Франциядан 
3. Синантроп адамның қалдығы 1927 жылы табылды 
А) Ява аралынан 
В) Қытайдан 
С)Германиядан 
Д) Франциядан 
4.Саналы адам (кроманьондық адам) қалыптасты 
А) Осыдан 1 миллион жыл бұрын 
В) Осыдан 500 мың жыл бұрын 
С) Осыдан 40-35 мың жыл бұрын 
Д) Осыдан 12 мың жыл бұрын 

14.Тас дәуірі (палеолит) 


1.Өте ұзаққа созылған дәуір 
А) Палеолит 
В) Мезолит 
С) Неолит 
Д)Энеолит 
2.Ежелгі адамдардың қатты тастан жасалған, кескіш құралы 
А) Чоппер 
В) Чоплинг 
С) Болас 
Д) Бумеранг 
3.Орта тас ғасыры 
А) Палеолит 
В) Мезолит 
С) Неолит 
Д)Энеолит 
4.Неолиттің басты жаңалығы 
А) Болас 
В) Жебелі садақ 
С) Саз балшықтан ыдыс жасау 
Д) Балық аулау 

15.Қола дәуірінің қоныстары 


1.Мысты қолдана бастаған дәуір 
А) Палеолит 
В) Мезолит 
С) Неолит 
Д)Энеолит 
2.Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп шоғырланған жері 
А) Солтүстік қазақстан 
В) Орталық Қазақстан 
С) Оңтүстік Қазақстан 
Д) Батыс Қазақстан 
3.Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан ғалым 
А) К.Ақышев 
В) Ә.Марғұлан 
С) К.Байпақов 
Д) С.Самашев 
4.Қола дәуірінің ерекшеліктерінің бірі 
А) Мал шаруашылығы басты шаруашылық саласына айналды 
В) Құмыра жасау басты шаруашылыққа айналды 
С) Балық аулау басты шаруашылыққа айналды 
Д) Металл игеру кәсібі басты салаға айналды 

16.Сақтар 


1. «Тарих атасы» Геродот сақтарды атаған 
А) Көшпелілер 
В) Далалықтар 
С) Скифтер 
Д) Сақтар 
2. Парсы деректеріндегі шошақ бөрікті сақтарының атауы 
А) Хаумаварга 
В) Тиграхауда 
С) Парадарайа 
Д) Массагет 
3.Сақ қоғамындағы адамдар табынды 
А) Отқа, күнге, жылқыға 
В) Айға, әруаққа, әйелге 
С) Құдайға, сиырға 
Д) Түйеге, қойға 
4.Сақтар өмір сүрген дәуір 
А) Мезолит 
В) Ерте темір ғасыры 
С) Неолит 
Д) Орта ғасырлар 

17.Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 


1.Сақтардың қоғамдық өміріндегі маңызды рөл атқарған 
А) Ерлер жиналысы 
В) Әйелдер жиналысы 
С) Халық жиналысы 
Д) Мәжіліс 
2.Сақтардағы жауынгерлердің дәстүрлі түсі 
А) Жасыл 
В) Қара 
С) Қызыл 
Д) Сары 
3.Б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшасы 
А) Кир 
В) Томирис 
С) Спаргапис 
Д) Мөде 
4.Парсыларды алдап апарып, шөл далада қырғынға ұшыратқан сақ малшысы 
А) Мөде 
В) Зарина 
С) Анахарсис 
Д) Шырақ 

18. «Алтын киімді адам» 


1. «Алтын киімді адамның» мүрдесі табылды 
А) Есік қорғанынан 
В)Есіл қорғанынан 
С) Берель қорғанынан 
Д) Тасмола қорғанынан 
2. «Алтын киімді адамның» бөркінде бейнеленген 
А) Қанатты еліктер 
В) Қыран 
С) Қанатты тұлпарлар 
Д) Шөккен түйе 
3. «Алтын киімді адамның» жас шамасы 
А) 15-16-да 
В) 17-18 де 
С) 20-21-де 
Д)25-30-да 
4.Алтын киімді адам безендірілген әшекейлердің саны 
А) 1 мыңға жуық 
В) 3 мыңға жуық 
С) 4 мыңға жуық 
Д) 8 мыңға жуық 

19.Мөде- ғұн мемлекетінің негізін салушы 


1.Ғұндар б.з.б IV-III ғасырларда қоныстанды 
А) Орталық Азияны 
В) Шығыс Азияны 
С) Оңтүстік Азияны 
Д) Еуропаны 
2.Ғұн билеушісінің лауазымы 
А) Патша 
В) Хан 
С) Князь 
Д) Шаньюй. 
3. Ғұн мемлекетінің екіге бөлінуі 
А) б.з.б 150 жылы 
В) б.з.б 180 жылы 
С) б.з.б 350 жылы 
Д) б.з.б 56 жылы 
4.Ғұндардың діни түсінігі бойынша үй ошағын сақтаушы 
А) Арыстан 
В) Бұқа 
С) Аққу 
Д) Қыран 

20. Батыс және Оңтүстік ғұн империялары 


1.Ғұндардың б.з-дың 400-453 жылдары аралығында өмір сүрген билеушісі 
А) Еділ 
В) Мөде 
С) Томирис 
Д) Бумын 
2.Еділді бабамыз деп есептейтін халық 
А) Татарлар 
В) Мадиарлар 
С) Славяндар 
Д Гректер 
3.451 жылы Римдіктер мен ғұндар арасында шайқас өткен жер 
А) Бородино 
В) Аңырақай 
С) Каталаун 
Д Қалмаққырылған 
4.Ғұндарға бағынуға мәжбүр болған «мәңгілік қала» 
А) Константинополь 
В) Рим 
С) Афины 
Д Мәскеу 

21.Ежелгі түркілер. Түрік қағанаты 


1. «Түрік» атауы алғаш рет кездесетін дерек 
А) Грек 
В) Қытай 
С) Парсы 
Д Орыс 
2.Түрік қағанатының негізін салушы 
А) Бумын 
В) Мөде 
С) Еділ 
Д Абылай 
3.Генеалогиялық аңызға сәйкес тріктердің алғашқы ата-бабасы 
А) Қасқыр 
В) Қоян 
С) Қыран 
Д Жолбарыс 
4.Түрік қағанаты үлкен бөлігіне иелік еткекн сауда жолы 
А) Көпестер жолы 
В) Саудагерлер жолы 
С) Ұлы Жібек жолы 
Д Түрік сауда жолы 

22.Ежелгі түркі жазулары 


1.Ертедегі түріктердің руна жазуы пайда болды 
А) V-VI ғғ. 
В) X-X ғғ. 
С) VII-X ғғ. 
Д) X-XV ғғ. 
2. Ежелгі түркі жазуы табылды 
А) Ертіс өзенінің бойынан 
В)Орхон өзенінің бойынан 
С) Сырдария өзенінің бойынан 
Д) Нұра өзенінің бойынан 
3.Көне түркі жазу ескерткіштерін тапқан ғалымдар 
А) Н.Ядринцев 
В) Д.Миссершмид пен Ф.Страленберг 
С) В.Томсон 
Д) В.Радлов 
4.Солтүстік Монғолиядан руна жазуы бар үлкен құлыптас тапқан 
А) Н.Ядринцев 
В) Д.Миссершмид пен Ф.Страленберг 
С) В.Томсон 
Д) В.Радлов 

23.Мәдениет және сауда жолдары 


1.Ұлы Жібек жолы қалыптасты 
А) б.з.б V-VI ғғ. 
В) б.з.б II ғ. соңында 
С) б.з.б V ғ. басында 
Д) б.з XII ғғ. 
2. «Әлемнің төрт патшалығы» ұғымы бойынша Түрік қағанаты 
А) Жылқы патшалығы 
В) Адам патшалығы 
С) Құнды байлықтар патшалығы 
Д) Пілдер патшалығы 
3. Әр алуан дінді уағыздаушылар 
А) Абыздар 
В) Миссионерлер 
С) Билер 
Д) Жылнамашылар 
4. «Әлемнің төрт патшалығы» ұғымы бойынша Қытай 
А) Жылқы патшалығы 
В) Адам патшалығы 
С) Құнды байлықтар патшалығы 
Д) Пілдер патшалығы 

24. Әл Фараби- Шығыстың ұлы ғұламасы 


1. Әл Фараби дүниеге келген қала 
А) Түркістан 
В) Отырар 
С) Шымкент 
Д) Тараз 
2.Әл Фараби өз өмірінің соңын өткізген қалалар 
А) Түркістан, Тараз 
В) Дамаск, Халеб 
С) Түркістан, Отырар 
Д) Алмалық, Александрия 
3.Әл Фарабидің әкесі әскер басшысы болған ұлыс 
А) Арғын 
В) Қыпшақ 
С) Қаракесек 
Д) Байбақты 
4.V-XV ғасырларда маңызды сауда, ғылым-білім орталығы болған қала 
А) Атырау 
В) Ақмола 
С) Қарқаралы 
Д) Отырар 

25.Ортағасырлық Қазақстан қалалары 


1.Ортағасырлық қалалардың негізгі орталық бөлігі 
А) Шахристан 
В) Рабат 
С) Цитадель 
Д) Шаһар 
2.Йасы қаласының орнында IV-X ғасырларда болған мекен 
А) Түркістан 
В) Отырар 
С) Шымкент 
Д) Шауғар 
3.XI ғасырдан бастап Қыпшақ мемлекетінің орталығы болған қала 
А) Түркістан 
В) Отырар 
С) Шымкент 
Д) Сығанақ 
4.Есім ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған қала 
А) Түркістан 
В) Отырар 
С) Шымкент 
Д) Шауғар 

26.Отырар-қаһарман қала 


1.Монғол мемлекетінің негізін салушы 
А) Әмір Темір 
В) Шыңғыс хан 
С) Абылай хан 
Д) Еділ 
2.Отырар қаласын монғолдардан қорғанысын ұйымдастырушы 
А) Қайыр хан 
В) Қараша 
С) Тәуекел 
Д) Шырақ 
3.Отырар қаласының қақпасын монғолдарға ашып берген сатқын-қолбасшы 
А) Қайыр хан 
В) Қараша 
С) Тәуекел 
Д) Шырақ 
4.Шыңғысхан бастаған монғолдар Отырар қаласын басып алды 
А) 1218 жылы шілдеде 
В) 1219 жылы ақпанда 
С) 1220 жылы ақпанда 
Д) 1223 жылы қарашада 

27. Қазақ халқының қалыптасуы. 


28. Қазақ хандығының құрылуы. 
1.Ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы одағы 
А) Арғын 
В) Алаш 
С) Албан 
Д) Адай 
2.1227 жылы қайтыс болған Шыңғысханның ұлы 
А) Жошы 
В) Шағатай 
С) Төле 
Д) Үгедей 
3.Қазақ этнонимінің мағынасы 
А) Еркін адам 
В) Бос адам 
С) Жауынгер 
Д) Көшпенді халық 
4.Орта Жүздің құрамына кіретін рулар 
А) Арғындар, Наймандар т.б 
В) Жалайырлар, албандар т.б 
С) Адайлар, Байбақтылар т.б 
Д) Наймандар, Дулаттар т.б 

29. Қазақ хандарының тарихынан 


1.Орта ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің билеушісі 
А) Сұлтан 
В) Хан 
С) Шах 
Д) Патша 
2.Қазақ хандығының негізін салушылар 
А) Керей мен Қасым 
В) Қасым мен Абылай 
С) Керей мен Жәнібек 
Д) Тәуке мен Тәуекел 
3. «Қасқа жол» деп аталатын тұңғыш заңдар жинағын шығарған 
А) Хақназар 
В) Қасым 
С) Абылай 
Д) Тәуке 
4.XVIII ғасырда үш жүздің басын біріктірген хан 
А) Хақназар 
В) Қасым 
С) Абылай 
Д) Тәуке 

30.Қазақ билері 


1 Ұлы Жүздің атақты биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысушы 
А) Төле би 
В) Әйтеке би 
С)Қазыбек би 
Д) Сасық би 
2. Орта Жүздің атақты биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысушы 
А) Төле би 
В) Әйтеке би 
С)Қазыбек би 
Д) Сасық би 
3. Кіші Жүздің атақты биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысушы 
А) Төле би 
В) Әйтеке би 
С)Қазыбек би 
Д) Сасық би 
4.1740 жылдары Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды тұтқыннан босатып әкелген би 
А) Төле би 
В) Әйтеке би 
С)Қазыбек би 
Д) Сасық би 
31.XVII ғасырдағы Қазақ батырлары 
1. XVII ғасырдың 30-жылдары Батыс Монғолия жерінде құрылған, Қазақ хандығына ерекше қауіп төндірген мемлекет 
А) Жоңғар 
В) Ресей 
С) Өзбек 
Д) Шайбани 
2.Қабанбай батырдың шын есімі 
А) Ақжол 
В) Ерасыл 
С) Ақиық 
Д) Ақша 
3.1778 жылы қайтыс болып, Түркістандағы Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген қазақ батыры 
А) Бөгенбай 
В) Қабанбай 
С) Наурызбай 
Д) Баян 
4.Қазақтың ұлы ақыны дастан арнаған, қазақ-жоңғар соғысының батыры 
А) Бөгенбай 
В) Қабанбай 
С) Наурызбай 
Д) Баян 

32.Қазақстан және Ресей 


1.1718 жылы қайтыс болған Тәуке ханның мирасқоры 
А) Абылай 
В) Әбілқайыр 
С) Кенесары 
Д) Қаып 
2. Қазақстанның Ресейге бодан болуы басталған жыл 
А) 1718 жыл 
В) 1720 жыл 
С) 1731 жыл 
Д) 1771 жыл 
3.Жоңғарларға күйрете соққы берілген, Бұланты шайқасы өткен жыл 
А) 1728 жыл 
В) 1726 жыл 
С) 1731 жыл 
Д) 1771 жыл 
4.1726 жылы қазақ жүздерінің құрылтайы өткен жер 
А) Аңырақай 
В) Ордабасы 
С) Қарқаралы 
Д) Кент 

33.Абылай хан 


1.Абылайдың әкесі билеген қала 
А) Түркістан 
В) Шымкент 
С) Отырар 
Д) Тараз 
2.Абылайға Нарқызыл атты тұлпарын сыйға тартқан қазақ батыры 
А) Бөгенбай 
В) Қабанбай 
С) Баян 
Д) Райымбек 
3.Абылай хан таққа отырған жыл 
А) 1711 жыл 
В) 1771 жыл 
С) 1881 жыл 
Д) 1781 жыл 
4.Абылай хан жерленген қала 
А) Түркістан 
В) Шымкент 
С) Отырар 
Д) Тараз 

34.XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары 


1.Абылай ханның немересі, орыс мемлекетіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы 
А) С.Датұлы 
В) И.Тайманұлы 
С) М.Өтемісұлы 
Д) К.Қасымұлы 
2.1836-1838 жылдардағы Орыс мемлекетінің отаршылдық саясатына қарсы халық-азаттық көтерілістің басшысы 
А) С.Датұлы 
В) А.Иманов 
С) М.Өтемісұлы 
Д) К.Қасымұлы 
3.Кенесарыны үш жүздің өкілдері хан көтерген жер 
А) Қарқаралы 
В) Баянауыл 
С) Ұлытау 
Д) Қозыбасы 
4.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар 
А) 1836-1838 жылдар 
В) 1837-1847 жылдар 
С) 1783-1795 жылдар 
Д) 1916-1918 жылдар 

35. Қазақтың ұлы ғалымы-шоқан Уәлиханов 


1.Шоқанның азан шақырып қойған есімі 
А) Ибраһим 
В) Мұхамедханафия 
С) Дінмұхаммед 
Д) Шыңғыс 
2.Шоқан Уәлиханов алғаш рет қағаз бетіне түсіпген қырғыздардың жыры 
А) «Манас» 
В) «Манар» 
С) «Алпамыс батыр» 
Д) «Арқалық батыр» 
3.1847-1853 жылдары Шоқан білім алған оқу орны 
А) Медресе 
В) Орыс- қазақ мектебі 
С) Кадет корпусы 
Д) Гимназия 
4.Шоқанның балалық шағының алғашқы кезеңін өткізген жер 
А) Сырымбет 
В) Қарқаралы 
С) Кент 
Д) Құсмұрын 

36. Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы 


1.Абайдың шын есімі 
А) Ибраһим 
В) Мұхамедханафия 
С) Дінмұхаммед 
Д) Шыңғыс 
2.Абай Құнанбайұлы білім алған оқу орны 
А) Медресе 
В) Орыс- қазақ мектебі 
С) Кадет корпусы 
Д) Гимназия 
3.Бізге жеткен Абайдың қара сөздерінің саны 
А)20-ға жуық 
В) 30-ға жуық 
С) 40-ққа жуық 
Д) 50-ге жуық 
4.Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуына зор еңбең еткен әжесі 
А) Ұлжан 
В) Зере 
С) Ұлжан 
Д) Айғаным 

37.Ыбырай Алтынсарин- ағартушы, педагог 


1.Жетім қалған Ыбырай Алтынсарыұлының тәрбиесімен айналысқан атасы 
А) Құнанбай би 
В) Алшынбай би 
С) Шыңғыс сұлтан 
Д) Балғожа би 
2.1879 жылы Ыбырай Алтынсарыұлы оқу инспекторы болып тағайындалған облыс 
А) Қарқаралы 
В) Қарағанды 
С) Торғай 
Д) Ақмола 
3.Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ қыздарына арнап мектеп ашқан қала 
А) Ырғыз 
В) Торғай 
С) Қарқаралы 
Д) Алматы 
4.Ыбырай Алтынсарыұлы 1857 жылы алтын медальмен бітірген мектеп орналасқан қала 
А) Орал 
В) Орынбор 
С) Отырар 
Д) Ордабасы 

38.Сәулет ескерткіштері 


1.Мық сөзінің мағынасы 
А) Ергежейлі, бірақ күшті адам 
В) Ақылды, алыпа адам 
С) Ергежейлі, бірақ ержүрек адам 
Д) Көшпенді адам 
2.Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты пайда болған үй 
А) Там үй 
В) Киіз үй 
С) Тас үй 
Д) Лашық 
3.Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан, ерте кезден сақталған ғимарат 
А) Қарахан кесенемі 
В) Айша Бибі кесенесі 
С) Алаша хан кесенесі 
Д) Сырлытам кесенесі 
4.Қазақ хандығының тұсында көтерілген зәулім ескерткіштердің бірі 
А) Қарахан кесенемі 
В) Айша Бибі кесенесі 
С) Алаша хан кесенесі 
Д) Сырлытам кесенесі 

39.Наурыз мейрамы 


1.Сәби жаңа туған кезде атап өтетін мереке 
А) Шілдехана 
В) Көкпар 
С) Асық ату 
Д) Бәйге 
2.Наурыз сөзінің қазақша мағынасы 
А)Ескі күн 
В) Қоныс аудару 
С) Жаңа күн 
Д) Жаңа жыл 
3. «Ұлыс» сөзінің мағынасы 
А) Адам 
В) Мемлекет 
С) Жауынгер 
Д) Салт атты 
4. Наурыз күні дайындалатын тамақ мәзірі 
А) Наурыз көже 
В) Наурыз ас 
С) Наурыз көк 
Д) Наурыз сөк 

40.Қазақ халқының шешендік сөз өнері 


1.Мақалды аяқтаңыз «Сөз тапқанға .............. 
А) қолқа жоқ 
В) ештеңе жоқ 
С) бәрі бар 
Д) ақыл бер 
2. «Қаз дауысты» деген атқа ие болған атақты би 
А) Төле би 
В) Қазыбек би 
С) Әйтеке би 
Д) Алшынбай би 
3.Әйгілі Сырым батыр бата алған би 
А) Малайсары 
В) Құнанбай 
С) Төле би 
Д) Әйтеке би 
4.Аңыз-ертегінің кейіпкері 
А) Қазыбек би 
В) Алдаркөсе 
С) Досбол шешен 
Д) Төле би 

41.Қазақ даласындағы ән-күй өнері 


1.Қазақ халқының атақты күйшісі 
А) Біржан сал 
В) Жаяу Мұса 
С) Құрманғазы 
Д) Естай 
2.Шертпе күйдің тамаша үлгісін жасаған 
А) Тәттімбет 
В) Жаяу Мұса 
С) Құрманғазы 
Д) Ықылас 
3.Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы 
А) Асан Қайғы 
В) Жиренше 
С) Құрманғазы 
Д) Қорқыт 
4. «Жалғыз аяқ», «Жарым патша» күйлерінің авторы 
А) Тәттімбет 
В) Жаяу Мұса 
С) Құрманғазы 
Д) Ықылас 

42.Халықтың ауызекі шығармашылығы 


1.Көне замандардан бастап қазақ жерінде жазба тарихи дәстүрі болғандығының дәлелі 
А) Есік қорғанынан табылған алтын тостағандағы сына жазу 
В) Қарқаралы өңірінен табылған қола тостағандағы жазу 
С) Атырау жерінен табылған жауынгердің қасынан табылған ат әбзеліндегі жазулар 
Д) Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы сына жазу 
2.Халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы 
А) Ертегі 
В) Аңыз 
С) Шежіре 
Д) Айтыс 
3.Ауызша тарихқа жатады 
А) Эпос 
В) Жылнама 
С) Роман 
Д) Баллада 
4. «Қазақ шежіресін» хатқа түсірген атақты ғұлама ғалым 
А) М.Ж.Көпеев 
В) Ш.Құдайбердіұлы 
С) А.Құнанбайұлы 
Д) Ш.Уәлиханов 

43.Қазақ халқының наным-сенімдері 


1.Ежелгі түріктердің діни нанымының негізі 
А) Аруаққа табыну 
В) Тәңірге табыну 
С) Құдайға табыну 
Д) Айға табыну 
2.Дінді зерттейтін ғылым саласы 
А) Теология 
В) Биология 
С) Онамастика 
Д) Археология 
3.Заратуштра дінінің қасиетті кітабы 
А) Құран 
В) Інжіл 
С) Таурат 
Д) Авеста 
4.Қазіргі Қазақстан аумағында тараған негізгі дін 
А) Христиан 
В) Мұсылман 
С) Иуда 
Д) Будда 

44.Қазақ халқының материалдық мәдениеті 


1.Киіз үйдің шаңырақ пен керегесін байланыстыратын бөлшегі 
А) Уық 
В) Кереге 
С) Сықырлауық 
Д) Туырлық 
2.Қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі 
А) Тон 
В)Бөрік 
С) Сәукеле 
Д) Тақия 
3.Кигіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі 
А) Уық 
В) Кереге 
С) Шаңырақ 
Д) Туырлық 
4.Кигіз үйдің сыртына жабатын кигізі 
А) Уық 
В) Кереге 
С) Сықырлауық 
Д) Туырлық 

45.Кеңес үкіметі билігінің орнауы 


1.Ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін билік 
А) Демократия 
В) Монархия 
С) Автократия 
С) Империя 
2.Бірінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды 
А) 1914 жылы 
В) 1915 жылы 
С) 1917 жылы 
Д) 1918 жылы 
3.Ресей империясының соңғы патшасы 
А) Николай 2 
В) Иван 1 
С) Иван 8 
Д) Александр 2 
4.КСРО құрамындағы республикалардың саны 
А) 1 
В) 5 
С) 15 
Д) 20 

46.Алаш қозғалысы 


1.XX ғасырдың басында Қазақстанның жеке мемлекет болып құрылуын аңсаған саяси партия 
А) «Руханият 
В) «Алаш» 
С) «Азат» 
Д) «Отан» 
2.Алашорда үкіметінің баспасөз орталығы болған газет 
А) «Алаш» 
В) «Айқап» 
С) «Қазақ» 
Д) «Дат» 
3. «Алаш» партиясының жетекшісі болған 
А) Ә.Бөкейханов 
В) С.Әбділдин 
С) М.Дулатов 
Д) О.Сүлейменов 
4.1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі жарияланған қала 
А) Семей 
В) Орал 
С) Орынбор 
Д) Қарқаралы 

47.1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы 


1.Ресейде Азамат соғысы болған жылдар 
А) 1914-1916 жж. 
В) 1914-1918 жж. 
С)1918-1920 жж. 
Д) 1922-1930 жж. 
2.Қазақстанда индустрияландыру жылдары салынған ең алғашқы құрылыс 
А) Түрксіб темір жолы 
В) Орынбор-Ташкент темір жолы 
С) Шу-Мойынты темір жолы 
Д) Қапшағай су қоймасы 
3.Қазақстанда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізген 
А) И.Сталин 
В) А.Гитлер 
С) Ф.Голощекин 
Д) Е.Ерназаров 
4.Қазақстандағы аштық туралы И.Сталинге ашық хат жазған 
А) Т.Рысқұлов 
В) С.Мұқанов 
С) М.Әуезов 
Д) Ғ.Мүсірепов 

48.1920-1930 жылдардағы білім мен мәдениеттің дамуы 


1.Қазақ жазуы кириллицаға ауыстырылған жыл 
А) 1925 жыл 
В) 1930 жыл 
С) 1935 жыл 
Д) 1940 жыл 
2.1928 жылы Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны 
А) Қарағанды мемлекеттік университеті 
В) Қазақ педагогика институты 
С) Алматы медицина институты 
Д Қазақ мемлекеттік университеті 
3.1925 жылы Парижде ән шырқаған қазақ әншісі 
А) Ақан сері 
В) Үкілі Ыбырай 
С) Әміре Қашаубаев 
Д) Мәди Бәпиұлы 
4.Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды 
А)1920 жылы 
В) 1926 жылы 
С) 1928 жылы 
Д) 1935 жылы 

49.Ұлы Отан соғысының басталуы 


1.Екінші дүниежүзілік соғыс басталды 
А) 1918 жылы 
В) 1920 жылы 
С) 1933 жылы 
Д) 1939 жылы 
2.Ұлы Отан соғысы басталды 
А) 1939 жылы 1 қыркүйекте 
В) 1940 жылы 22 маусымда 
С) 1941 жылы 22 маусымда 
Д) 1945 жылы 9 мамырда 
3.Ұлы Отан соғысы жылдары күріш өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған 
А) Ж.Қуанышбаев 
В) Ы.Жақаев 
С) Ш.Берсиев 
Д) Т.Күзембаев 
4.Гитлерлік Германияның КСРО-ға қарсы соғыс жоспары 
А) «Буратино» 
В) «Барбаросса» 
С) «Шлиффен» 
Д) «Рейн» 

50.Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда 


1.Мәскеуді қорғауға қатысқан 316 атқыштар дивизиясының командирі 
А) Б.Момышұлы 
В) И.Панфилов 
С) Г.Жуков 
Д) Т.Бигелдинов 
2.900 күн бойы неміс-фашистердің қоршауында болған қала 
А) Мәскеу 
В) Сталинград 
С) Калининград 
Д) Ленинград 
3.Ленинград үшін шайқаста жау пулеметін кеудесімен жапқан батыр 
А) М.Мәметова 
В) С.Баймағамбетов 
С) Р.Қошқарбаев 
Д) Ә.Молдағұлова 
4.Мәскеу үшін шайқастарда ерлік көрсеткен батыр 
А) ) М.Мәметова 
В) С.Баймағамбетов 
С) Т.Тоқтаров 
Д) Р.Қошқарбаев 

51.Ұлы жеңіске қосылған үлес 


1.Ұлы Отан соғысы жылдары Невель қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан батыр қыз 
А) Ә.Молдағұлова 
В) Ұ.Алтайбаева 
С) К.Дөненбаева 
Д) М.Мәметова 
2.Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ 
А) Ж.Елеусізов 
В) С.Баймағамбетов 
С) Р.Қошқарбаев 
Д) Ә.Молдағұлова 
3.Рейхстагқа ту тіккен қазақ жауынгері 
А) ) М.Мәметова 
В) С.Баймағамбетов 
С) Т.Тоқтаров 
Д) Р.Қошқарбаев 
4.1992 жылы Халық Қаһарманы атағын алған 
А) Ж.Елеусізов 
В) С.Баймағамбетов 
С) Р.Қошқарбаев 
Д) Б.Момышұлы 

52.Тың көтеру 


Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды 
А) 1945 жылы 
В) 1954 жылы 
С) 1956 жылы 
Д) 1961 жылы. 
2.Алғашқы тың игеруші механизаторлардың бірі, Социалистік Еңбек Ері 
А) К.Дөненбаева 
В) Ы.Жақаев 
С) Ш.Берсиев 
Д) Т.Күзембаев 
3.Қазақстанда тың жерлер игерілген облыстардың саны 
А) 1 
В) 3 
С) 5 
Д) 6 
4.Тың игеру жылдары желге ұшқан топырақтың құнарлы қабаты 
А) гумус 
В) шірік 
С) саз 
Д) балшық 
53. Ғарышты игеру 
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері 
А) Ю.Гагарин 
В) Т.Әубәкіров 
С) Т.Мұсабаев 
Д) Т.Бигелдинов 
2.Қазақстандағы ғарыш айлағы 
А) Байқоңыр 
В) Орынбор 
С) Сарыөзек 
Д) Сарыарқа 
3.Т.Әубәкіров дүниеге келген облыс 
А) Қарағанды 
В) Орынбор 
С) Қызылорда 
Д) Алматы 
4. Адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер 
А) Ю.Гагарин 
В) Т.Әубәкіров 
С) Т.Мұсабаев 
Д) Т.Бигелдинов 

54.Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы 


1.Тұңғыш қазақ академигі 
А) Қ.Сәтбаев 
В) О.Сүлейменов 
С) Ә.Марғұлан 
Д) А.Затаевич 
2.Жыл сайын Қазақстанда өткізілетін жас орындаушылардың эстрадалық байқауы 
А) «Азия дауысы» 
В) «Жас қанат» 
С) «Шабыт» 
Д) «Шалқыма» 
3.2000 жылы 1500 жылдығы атап өтілген қала 
А) Отырар 
В) Түркістан 
С) Алматы 
Д) Тараз 
4.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс туралы жазылған І.есенберлиннің романы 
А) «Жанталас» 
В) «Айқас» 
С) «Қаһар» 
Д) «Аласапыран» 

55.Қазақстан-егемен мемлекет 


1.Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған жыл 
А) 1918 жылы 
В) 1920 жылы 
С) 1922 жылы 
Д) 1930 жылы 
2.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті 
А) С.Әбділдин 
В) Н.Назарбаев 
С) Ә.Қажыгелдин 
Д) Д.Қонаев 
3.Қазақстанда тұңғыш бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті 
А) 1986 жылы 1 желтоқсанда 
В) 1990 жылы 25 қазанда 
С) 1991 жылы 1 желтоқсанда 
Д) 1991 жылы 16 желтоқсанда 
4.Қазақстанның Тәуелсіздік туралы заңы қабылданды 
А) 1986 жылы 1 желтоқсанда 
В) 1990 жылы 25 қазанда 
С) 1991 жылы 1 желтоқсанда 
Д) 1991 жылы 16 желтоқсанда 

56. Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы 


1.Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды 
А) 1991 жылы 16 желтоқсанда 
В) 1993 жылы 28 қаңтарда 
С) 1995 жылы 30 тамызда 
Д) 2000 жылы 1 желтоқсанда 
2.Демократия сөзінің мағынасы 
А) Халық билігі 
В) Халық 
С) Билік 
Д) сайлау 
3.Қазақстанның Ата Заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы 
А) Шекарасы 
В) Табиғат байлықтары 
С) Адам және оның құқықтары мен бостандықтары 
Д) Өзен-көлдері 
4.Конституция бойынша мемлекет басшысы болып табылады 
А) Президент 
В) Премьер министр 
С) Мәжіліс төрағасы 
Д) сенат төрағасы 

57.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 


1.Елтаңбаларды зерттейтін ғылым 
А) Виксикология 
В) Геральдика 
С) Онамастика 
Д) Теология 
2.Туларды зерттейтін ғылым 
А) Виксикология 
В) Геральдика 
С) Онамастика 
Д) Теология 
3.Қазақстанның елтаңбасының авторы 
А) Ш.Уәлиханов 
В) Ж.Нәжімеденов 
С) Ш.Ниязбеков 
Д) Ш.Қалдаяқов 
4.Қазақстанның туының авторы 
А) Ш.Уәлиханов 
В) Ж.Нәжімеденов 
С) Ш.Ниязбеков 
Д) Ш.Қалдаяқов 

58.Ұлттық теңге- мақтанышымыз 


1.Ақша айналымын зерттейтін ғылым 
А) нумизматика 
В) геральдика 
С) виксикология 
Д) онамастика 
2.20 теңгелікте бейнесі салынған 
А) Әл Фараби 
В) Құрманғазы 
С) Шоқан 
Д) Абай 
3.Ұлттық валюта- теңге айналымға енді 
А) 1991 жылы 
В) 1993 жылы 
С) 1995 жылы 
Д) 2000 жылы 
4.Жапониядағы ақша бірлігі 
А) рубль 
В) иен 
С) сум 
Д) сом 

59.Астана-Қзақстанның бас қаласы. 


Астаны қаласының тарихы көне заманнан басталатынын дәлелдеген ғалым 
А) К.Ақышев 
В) К.Байпақов 
С) С.Аманжолов 
Д) С.Төлеубаев 
2.Астана қаласының орнында орналасқан орта ғасырлық қала 
А) Отырар 
В) Бозоқ 
С) Аяққамыр 
Д) Басқамыр 
3.1920-1924 жылдар аралығындағы Қазақстанның астанасы 
А) Отырар 
В) Ақмешіт 
С) Орынбор 
Д) Алматы 
4.Астана қаласының бұрынғы атауы 
А) Орынбор 
В) Целиноград 
С) Ақмешіт 
Д) Жезқазған 

60.Бүгінгі Қазақстан 


1.Жер көлемі жағынан Қазақстанның дүние жүзі мемлекеттерінің арасында алатын орны 
А) Бірінші 
В) Екінші 
С) Бесінші 
Д) Тоғызыншы 
2. «Қазақстан дейтін менің бар елім, жатыр алып жарты дүние көлемін» деген өлең жолдарының авторы 
А) М.Мақатаев 
В) Қ.Аманжолов 
С) Т.Жароков 
Д) С.ақсұңқарұлы 
3. Қазақстанда тұрып жатқан этнос өкілдерінің саны 
А) 100 
В) 200 
С) 130 
Д) 500 
4.Бүкіл дүние жүзіндегі қазақтардың саны 
А) 5 миллион 
В) 12 миллион 
С) 20 миллион 
Д) 30 миллион

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет