Баяндама іле өзенінің сужинау алабының экономикалық белсенділік және климаттың өзгеруін ескере отырып, өзен ағынының өзгергіштігін бағалау іс жүзінде маңызды
БАЯНДАМА Іле өзенінің сужинау алабының экономикалық белсенділік және климаттың өзгеруін ескере отырып, өзен ағынының өзгергіштігін бағалау іс жүзінде маңызды, өйткені Іле өзенінің сужинау алабының аймақтары бірнеше ондаған жылдар бойы қарқынды техногендік әсерге ұшыраған трансшекаралық су нысандарына жататындықтан, су ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеу сушаруашылық саласының өзекті мәселесі болып табылады (СЛАЙД 2).
Зерттеудің мақсаты – Іле өзенінің сужинау алабының табиғи-техногендік кешенінің негізгі құрамдық бөліктерін геоэкологиялық талдау, бағалау және дамытудың болжамы және аймақтың орнықты даму тұжырымдамасының негізінде, оларды тиімді пайдаланудың жолдарын айқындау.
Зерттеудің мәселелері:
- Іле өзенінің сужинау алабының табиғи-климаттық жағдайын бағалау арқылы геоморфологиялық желілеуді жүргізу;
- Іле өзенінің сужинау алабының гидрологиялық режиміне климаттық және антропогендік дәлелдемелердің әсеріне сандық және сапалық баға беру;
- Іле өзенінің сужинау алабының аймағындағы экономика саласына суды пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау;
- Іле өзенінің сужинау алабының сушаруашылық бөлімшелері және әкімшілік аудандары деңгейіндегі антропогендік жүктеменің дәрежесі бойынша аудандау жүйесін әзірлеу;
- Іле өзенінің сужинау алабының су ағын ластаушы заттардың өзегеру дәрежесін геоэкологиялық тұрғыда бағалау;
- Іле өзенінің сужинау алабының табиғи-ресурстық әлеуетін тиімді пайдалануды болжау, оны оңтайландырудың негізгі мәселелері мен болашағын белгілеу.
Ақпараттық талдау қорының негізі ретіндеҚазақстан Республикасының Алматы облысының статистикалық мекемелерінің, «Ауа-райы және климат» анықтамалық-ақпаратық порталдың, Бүкіл әлемдік метеорологиялық Ұжымның және «Қазгидромет» РМӨ-тің климаттық және гидрологиялық көрсеткіштерінің мәліметтері, Қазақстан Репсубликасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетінің «Балқаш-Алакөл алабының су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу инспекциясының» су ресурстарын экономика саласына пайдалану туралы көпжылдық арнайы ақпараттық-талдау мәліметтері пайдаланылды.