Баяндама іле өзенінің сужинау алабының экономикалық белсенділік және климаттың өзгеруін ескере отырып, өзен ағынының өзгергіштігін бағалау іс жүзінде маңызды



бет2/9
Дата29.06.2024
өлшемі31,6 Kb.
#203499
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАЯНДАМА- РЫСКУЛБЕКОВА Л.М. (2)

Ғылыми жаңалығы:
- өзеннің сужинау алабының климаттық және гидрологиялық сипатамаларын салыстыруға және ағынның қалыптасуына дәлелдемелердің әрқайсысының сандық үлесін ескеруге негізделген, өзендердің су режимінің сипаттамаларының өзгеруіне табиғи және антропогендік әсерлерді теңестіруге арналған әдістеме;
- геоморфологиялық және геоэкологиялық зерттеулерді жүргізудің нәтежесінде өзеннің сужинау алабының сумен қамтамасыз ету дәрежесін кеңістіктік-уақыт масштабында бағалаудың теориялық және әдістемелік әдісі ұсынылды;
- суды пайдаланудың аймақтық жүйелерінің сатылық желісі бойынша, олардың қалыптасу жағдайына дәлелдемелік бағалау жүргізу арқылы, қызметіндегі табиғи шарттастық және антропогендік әсер дәлелденген;
- қазіргі кездегі су пайдаланудың қолданбалы көрсеткіштерінің («су стрессі», меншікті сумен қамтамасыз ету көрсеткіші) негізінде Іле өзенінің сужинау алабының геоморфологиялық желілеу бойынша құрылған сушаруашылық бөлімшелерінің сумен қамтамасыз ету бағаламасы ұсынылған;
- жер үсті су ағындарының суларының ластану заттарының концентрациясының шектелген-мүмкіншіллік мөлшерін анықтаудың нақтылығын және шынайылығын жоғарлату мақсатында, өзеннің сулану көрсеткішіне және табиғи жүргілердің сызықтық емес қағидасына негізделген судың ластануының шектелген-мүмкіншілік көрсеткішінің математикалық модельдің ойға қонымдылық, регрессиялық, сызықтық емес теңдеулер табиғи ұқсастық және білімді біріктіру қағидаларының негізінде құрылған.
Жұмыстың негізгі қорғалатын қағидалары:
- Іле өзенінің сужинау алабының су ағынының өзгеруін табиғи және антропогендік дәлелдемелердің әсер етуінің салдарының арасындағы белгіленген сандық қатынастарды анықтау әдістемесі және нәтижелері;
- Іле өзенінің сужинау алабындағы суды пайдаланудың заманауи жүйелерінің қалыптасуы табиғи шарттастыққа ие және антропогендік дәлелдемелердің әсерімен байланыстылығы, олардың кеңістіктік-уақыттық масштабындағы қызметінің ерекшеліктерін анықтайды, су-ресурстық әлеуетінің табиғи және техногендік жүйелерінің қажеттіліктері арасындағы сәйкессіздігін сипаттайды;
- табиғи ұқсастық және білімді біріктіру қағидасының негізінде, антропогендік белсенділікті кешенді бағалауды, қазіргі заманғы суды пайдалану көрсеткіштерін, судың сапасын және өзен алабының гидрохимиялық жүргілерінің өзгеруін бағалауды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.
Іле өзенінің сужинау алабының аймағы, біртұтас қоршаған ортаны құрайтын орта ретінде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Өзеннің 65% суағыны Қазақстан Республикасына іргелес орналасқан Қытай Халық Республикасының Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАР) аумағында қалыптасады (СЛАЙД 3).
Іле өзенінің сужинау алабының аймағына Қазақстан Республикасының Алматы облысының Балқаш, Кербұлақ, Панфилов, Іле, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Талғар әкімшілік аудандары және Қапшағай қаласы орналасқан (СЛАЙД 3).

Іле өзенінің гидрологиялық режимі туралы мәліметтер қорын қалыптастыру кезінде Саньдаохэц мен Ямату (ҚХР аумағы), Қапшағай ГЭС -інен 164 км жоғары және Қапшағай шатқалы гидрологиялық бекеттерінің гидрологиялық қатарларын толықтыру үшін, олардың орташа жылдық су ағынының шығынының Добын гидрологиялық бекетінің тұсындағы орташа жылдық су ағынының шығынының арасындағы байланыс теңдеулері пайдаланылды (СЛАЙД 4).


Іле өзені сужинау алабының гидрологиялық режимінің аймақтық және жергілікті ерекшеліктерін анықтау үшін, су ағыны қалыптасатын Орталық Тәңіртаудағы Музарт мұздықтары және су ағынын (қорлайтын) жинақтайтын Балқаш көлі аралығында орналасқан бес гидрологиялық бекеттердегі су ағынның динамикасына кеңістіктік және уақыттық масштабында талдау жүргізілді (СЛАЙД 4). Іле өзенінің ҚХР аймағындағы Саньдаохэцы және Ямату гидрологиялық бекетінің тұсындағы және Қазақстан Республикасының аймағындағы Добын, Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары және Қапшағай гидрологиялық бекетінің тұсындағы 1928-2017 жылдар аралығындағы су ағынының шығынының хронологиялық сызбасы жеке көрсетілген (СЛАЙД 4).
Іле өзенінің сужинау алабының табиғи-климаттық әлеуетін бағалауға

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет