«Мұрағаттану» пәні
«Мұрағаттану» курсы 050114 – Тарих (педагогика) мамандығы бакалаврларына арналған.
Қазіргі технократиялық ойдың басымдығы орын алып отырған әлемде көптеген қоғамдық сала өкілдері мемлекет пен қоғамның өткен тарих алдындағы жауапкершілігінің артуын адамзаттық құндылықтардың шарты тұрғысынан бағалауды ұсынып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған мамандықтардың біріне мұрағаттанушы мамандығын жатқызуға болады, себебі бұл мамандық өкілдері тарихшылар сияқты өткенді, қазіргіні және болашақты болжауға мүмкіндік жасайды.
Қоғамдық қатынастардың өсуіне байланысты ақпрараттық ресурстарға деген сұраның күн санап өсуде. Олардың қоғамдағы және мемлекеттегі маңыздылығы мұрағатпен тікелей байланысты, себебі онда ретроспективті ақпараттық мәліметтер сақталған құжаттар кешені сақталған.
Курс барысында мұрағат ісінің тарихы, мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі, мұрағаттардағы менеджмент пен маркетинг сияқты көпбағытты қамтитын мәселелер қарастырылады.
«Мұрағаттану» жеке ғылыми және практикалық пән ретінде осы саламен байланысты пәндердің жетістіктерін толықтыра отырып, «Мұрағаттануға кіріспе», «Мұрағаттанудың теориясы мен әдістемесі», «Іс жүргізуді ұйымдастыру тарихы», «Мемлекеттік мекемелер тарихы», «Деректану», «Информатика», «Құжаттану», қосалқы тарихи пәндерге кіретін «Тарихи хронология», «Дипломатика», «Геральдика», «Палеография», «Тарихи метрология», «Сфрагистика» салаларымен тығыз байланысты.
Курсты оқу барысында студент:
- мұрағат ісі саласындағы терминдерді және нормативтік құқықтық актілерді;
- мұрағат қызметі қалыптасуы мен ұйымдастырылуының негізгі тарихи кезеңдерін;
- мұрағат ұйымдары мен мұрағаттардың атқаратын негізгі функцияларын;
- ведомстволық және мемлекеттік мұрағаттар жұмысының ережелерін;
- болашақ мұрағаттанушы кәсібіне қатысты мамандыққа тән саланың ерекшеліктерін білуі тиіс.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Курстың мақсаты: студенттерге қазіргі заман талабына жауап беретін мұрағат ісі саласына байланысты кешенді және ғылыми пән ретінде мұрағаттанудың теориясы негізіне байланысты білім беру.
Курстың негізгі міндеттері:
- Посткеңестік кезеңде мұрағат ісі саласында орын алған ерекшеліктерге байланысты жалпы мағлұмат бере отырып, олардың әрбір кезеңінің мұрағат ісі саласына тигізген әсерін анықтау;
- мұрағаттану саласына байланысты заңдар және негізгі нормативтік-әдістемелік құжаттармен таныстыру;
- студенттердің мұрағаттарда құжаттарды жинақтау және құжаттардың құндылығын сұрыптауға байланысты, оларға ғылыми-анықтамалық аппарат құру, сақталуын қамтамасыз ету және түрлі мақсаттарда пайдалану, сондай-ақ мұрағаттық құқық, менеджмен және маркетинг туралы түсініктерін кеңейту.
Мұрағаттану кешенді пән ретінде. Мұрағаттанудың өзге де мұрағаттық пәндер арасында алатын орны мен рөлі. Курстың пәні, мазмұны және мақсаты. Мұрағаттану обектісі. Мұрағаттануға тән заңдылықтар.
Мұрағаттанудың өзге де ғылыми пәндермен байланысы.
Мұрағаттану саласына қатысты деректерге, негізгі және нормативтік әдебиеттерге шолу.
Достарыңызбен бөлісу: |