«Мұрағаттану» пәні



бет4/12
Дата28.10.2022
өлшемі47,93 Kb.
#155478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мурагат лек

Франциядағы мұрағат ісі
1790, 1794 жж. қабылданған мұрағат туралы декреттер және Ұлттық (мемлекеттік) мұрағаттың құрылуы. Мемлекеттік мұрағат жүйесін қалыптастырудағы орталықтандыру принципі. Мұрағат құжаттарын жариялау прициптері.
Термидорлық төңкерістен кейінгі мұрағаттардың жағдайы. Империя мұрағаты және департементтік мұрағаттар. Коммуналдық және госпиталдық мұрағаттар. ХІХ ғ. екінші жартысы ХХ ғ. басындағы Франция мұрағаттары. 1884 ж. қабылданған мұрағаттар туралы заң. Мұрағаттар жүйесі және құрылымы. Мұрағат құжаттарын сыныптау мәселелері. Мұрағаттарда ғылыми-анықтамалық аппараттың құрылуы.
А.Бордье, Г.Ригну, Ш.Ланглуа, А.Штейн еңбектері және олардың мұрағаттанудың дамуына тигізген әсері. Мұрағаттық білім. Париждік хартия мектебі.


Бельгиядағы мұрағат ісі

Француз буржуазиялық революциясынан кейінгі Бельгиядағы мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің құрылуы. ХІХ ғ. ірі мұрағаттанушы Проспер Гамардың мемлекеттік мұрағат ісінің дамуына қосқан үлесі.
Король мұрағатының құрамы және провинциалдық мемлекеттік мұрағаттар. Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасау әдістері. Мұрағаттардың басылымдық қызметтері. Бельгиядағы мұрағатшылар, кітапханашылар және мұражайшылар кәсіби біріккен ассоциациясының құрылуы.


Голландиядағы мұрағат ісі


Мемлекеттегі тарихи білімнің дамуына тән ерекшеліктер және оның мұрағат ісіне тигізген әсері. Голландияда мұрағат ісінің орталықтандырылуы. 1814 ж. мұрағат туралы заң және мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің ұйымдастырылуы. Корольдік бас мұрағат және провинциалдық мұрағаттар. Мұрағаттардың құрылымы және құрамы. Мұрағаттану мәселелерінің ғылыми негіздері.


Англиядағы мұрағат ісі


Англияның ежелгі қоймалары (Вестминистрлер сарайындағы патшалық мұрағат; Тауэр мұнаралары; Мемлекеттік қағаздар мұрағаты). Ұлттық тарих ескерткіштерін зерттеу комиссиясының қызметі (1800, 1836). 1838 ж. Англияның мемлекеттік мұрағатының құрылуы. Мемлекеттік мұрағаттың құрамы мен құрылымы. Тарихи қолжазбалар комиссиясының қызметі. Мұражай мен кітапханалардың қолжазба бөлімдері. Шіркеулік және жеке мұрағаттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет