Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалалардыпайда болуымен қатар, қалалардың экономиканың дамуындағы ролін көрсету керек.
- қалалар және қала тұрғындары саны
- қалалар құрылымы туралы не білесіз?
- қалалардың болуы нені білдіреді? – деген сауалдардың жауабын қамту керек
Семинар №9 VI-ХI ғ.ғ. Қазақстан экономикасының дамуы.
Жоспар:
1.Көшпелі мал шаруашылығының түрлері
2.Қазақстанның негізгі жер өңдеу аймақтары. Ирригациялық жер өңдеу
3.Қалалар салынуының дамуы
қалалар тууының алғы шарттары
қалалар құрылымы мен тұрғындар саны
қолөнердің дамуы
тұрғындардың экономикалық өміріндегі қалалар маңызы
4.Тауар – ақша қатынастарының өсуі, ішкі және транзиттік сауда
Ұлы Жібек жолы, ирригация, табын құрамы және бағу тәртібі, қалалар
құрлымы, туралы мәселелермен еңбек тәсілдеріне кеңінен талдау жасау керек.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, көшпелі мал шаруашылығының түрлеріне сипатама беру. Екінші сұрақ бойынша, Қазақстанның негізгі жер өңдеу аймақтарынкартадан көрсету. Ирригациялық жер өңдеу тәсілі туралы айту. Үшінші сұрақ бойынша, қалалар салынуының дамуы бойынша:
қалалар тууының алғы шарттары, қалалар құрылымы мен тұрғындар саны,қолөнердің дамуы, тұрғындардың экономикалық өміріндегі қалалар маңызын деректер негізінде ашып беру керек.
Төртінші сұрақ бойынша, тауар – ақша қатынастарының өсуі, ішкі және транзиттік сауда. Ұлы Жібек жолы, ирригация, табын құрамы және бағу тәртібі, қалалар құрлымы, Отырар оазисі, соғдылар отарлары туралы мәселелердің жауабын кеңінен қамту керек.
Семинар № 10 ХV-ХVIII ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
Жоспар:
1.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
жүздердің ру-тайпалық құрамы және географиялық орналасуы.
әлеуметтік лауазымдар
2.Мал шаруашылығы.
көшу түрлері және табын құрылымы
көшу маршруттары.
3.Мал және жер өңдеу шаруашылығының өзара әрекеттері.
4.Қала мәдениетіндегі өзгерістер, қолөнер.
5.Ішкі және транзиттік сауда.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, жүздердің ру-тайпалық құрамы және географиялық орналасуы,әлеуметтік лауазымдар туралы айту. Екінші сұрақ бойынша, мал шаруашылығы:көшу түрлері және табын құрылымы,көшу маршруттарын анықтау.Үшінші сұрақ бойынша, мал және жер өңдеу шаруашылығының өзара әрекеттеріне қатысты қарастыру.Төртінші сұрақ бойынша, қала мәдениетіндегі өзгерістер мен қолөнер кәсіпшілігін айту. Бесінші сұрақ ішкі және транзиттік саудаға кеңінен тоқталып өту.
Семинар № 11 19 ғ. 2-жарт: - 20 ғ. басы Қазақстан шаруашылығындағы өзгерістер.
Негізгі ұғымдар:1860-1890 жж. реформалары, самодержавиенің переселендік саясаты, көшушілерге жеңілдіктер, жатақтың, өндірісттік жұмысшылар, столыпиндік реформалар.
Жоспар:
1.Самодержавиенің аграрлық саясаты.
Жер өңдеулік отарлауы
2.Капиталистік қатынастардың тууы:
өндіріс,
банк – ақша қатынастары,- сауда
3.Столыпиндік реформалардың салдары.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, Самодержавиенің аграрлық саясатытың мәнінне тоқталу.Жер өңдеулік отарлауы қалай жүрді?
Екінші сұрақ бойынша, капиталистік қатынастардың тууы неге байланысты болды?
Қандай өдірістер пайда болды?
банк – ақша қатынастары қалай жүрді? Үшінші сұрақ бойынша, Столыпиндік реформалардың салдары неге әкеп соқтырды? – деген сұрақтарға деректерге сүйеніп жауап беру
Семинар № 12 ХХ ғ. 20-40ж.ж. экономикалық жаңартулар.
Негізгі ұғымдар:“ Әскер коммунизм саясаты ”, ЖЭС, индустриализация.
Жоспар:
1.Кеңестік “ Әскер коммунизм саясаты ”
2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның маңызы.
3.Ауылдарда әлеуметтік – экономикалық жаңартулар.
4.Қазақстан экономикасының лагерлік секторы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, “ әскер коммунизм саясаты ”– бұл қанадай саясат болғндығына анықтама жасау керек.Екінші сұрақ бойынша, ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялаумен қорытындыларна тоқталу керек. Қазақстандағы индустриализацияның маңызына тоқталу керек. Үшінші сұрақ бойынша, ауылдарда әлеуметтік – экономикалық жаңартулар қалай жүзге асуымен нәтижесіне талдау жасау. Төртінші сұрақ бойынша, Қазақстан экономикасының лагерлік секторы оның ролі туралы айту
VI. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
Семинар № 13 Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.
Негізгі ұғымдар: КСРОның ыдрауы, референдум,сайлау,
Жоспар:
1) КСРОның ыдрауы.
2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.
3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық өзгерістер.
4) 1993 – 1995 жылдардағы халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, КСРОның ыдрауының саяси себебтерін анықтап талдау жасау. Екінші сұрақ бойынша, 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы айту керек. Үшінші сұрақ бойынша, 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық жағдайдың өзгеруімен ауыл экономикасының құлдырауының себептерін талдау.
Семинар №14 Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері.
Негізгі ұғымдар: Жекешелендіру, Ұлттық валюта, қаржылық жүйе.
Жоспар:
1) Жекешелендіру және оның нәтижелері.
2) Ұлттық валютаның айналымға енуі және еліміздің қаржылық жүйесі.
3) Өнеркәсіптің дамуының алғашқы нәтижелері.
4) Тұрғын үй құрылысы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, жекешелендіру саясатының жүзегше асуы мен оның кезеңдеріне тоқталу керек. Екінші сұрақ бойынша, ұлттық валютаның айналымға енумен қазақстанның төл теңгесінің экономикадағы тұрақталуна тоқталу керек. Үшінші сұрақ бойынша, өнеркәсіптің дамуының алғашқы нәтижелерін қамту керек. Төртінші сұрақ бойынша, тұрғын үй құрылысы бағдарламасына оның жүзеге асуындағы кедергілер жөнінде талдап беру.
Семинар № 15 Қазіргі Қазақстанның ауыл шаруашылығы.
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік құрылым,зейнет ақы қоры.
Жоспар:
Бірінші сұрақ бойынша, елімізде қалыптасқан әлеуметтік құрылым.
Екінші сұрақ бойынша, қазақ мемлекетінің әлеуметтік қорғау функциялары.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, елімізде қалыптасқан әлеуметтік құрылым жүйесі туралы айту. Екінші сұрақ бойынша, Қазақ мемлекетінің әлеуметтік қорғау функциялары олардың қызметтеріне тоқталу
Ұ с ы н ы л а т ы н ә д е б и е т т е р:
Н е г і з г і :
Берденова К.А., Общая и экономическая история Казахстана. А.,”Экономика” 2000.
Берденова А.К., Коробков Б.Т. и. др. Экономическая история Каахстана (с тестовыми заданиями). Алматы: “Экономика” 2001
Виноградов В.А. Экономическая история России ХІХ – ХХ вв.: Современый взгляд.М., РОССПЕН 2001
Экономикалық реформалар А., “Экономика” 1999
Сәбден О. ХХІ ғ. қандай экономикамен кіреміз. А., 1997
Мамыров Н.К. Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. А., “Дәуір”1998
7.Нұрғалиев Н.Қ. Қазақстан экономикасы. Алматы-1999
8.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикалық 2030 жылдарға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы. Алматы-1997
9. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана.,2010
10.Экономикалық реформалар А., “экономика” 1999
11.Сәбден О. ХХІ ғ. қандай экономикамен кіреміз. А., 1997
12.Мамыров Н.К. Проблемы развития и экономики и образования в Казахстане А., “Дәуір” 1998.
13. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, 1996.
14. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II-том. Алматы, 1998.
15Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, III-том.Алматы, 2002.
Қ о с ы м ш а :
Акишев К.А. Курган Исык. Искуство саков Казахстана. М., 1978
Ахинжанов С.М. Макарова О.А. Нурумов М.Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А., 1992
Кузнецова Э.Ф. Тепловодская Т.М. Древняя металлургия и гончарство Центрального Казахстана. А., 1994
Масанов Н.Е. Кочевая цивилизация казахов (основы жизнедеятельности номадного общества). – А.,-М., 1995
Қозыбаев М.К. Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянсива. А.,1993
Қозыбаев М.К. Ақтандықтар ақиқаты. А., 1992
Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.А.,1997
Мұхатов О.Х. Қазақстанда ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу мәселелері.(1940-1980 жж) // Отан №2/99 53-59 б.
Байтіленов С. “Қазақстан ауылшаруашылығындағы тоқырау”. А., 99
Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары) А., 1991
4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.
Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.
Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
«Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихыны» пәнінен
тест сұрақтары
1 Аграрлық қатынастар тарих пәні нені зерттейді?
елдің әлеуметтік және мәдени өмірін
көрші елдермен дипломатиялық байланысын
елдің экономикалық дамуын, шаруашылық байланысын
экономикалық географияны
этностық қатынастарды
Адамның эволюциялық дамуына әсер еткен тұрақты жағдайдың бірін атаңыз.
сауданың дамуына байланысты тауарлардың көп болуы
адамдардың бір-біріне туысқандық көзқарасының мол болуы
шикізаттың, тұщы судың жеткілікті болуы
шетелдік көмек
қару-жарақ, еңбек құралдарының молдығы
Алғашқы қауымдық құрылыста еңбектің қандай түрі өріс алды?
жеке меншікке негізделген еңбек
ұжымдық еңбек
еңбектің мамандандырылған түрлері
еңбекті қанауға негізделген еңбек
тек шикізаттіқ бағытта
Алғашқы адамдарды Ф.Энгельс өзінің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде қалай деп суреттеді?
мәдениеті біршама жетілген
әлі де «жартылай аң», табиғат алдында әлсіз
шаруашылықты тез құрастыра білгендігін
олардың саны өте көп
физиологиялық жағынан өте жетілген
Адамзат қоғамы даму барысындағы бір кезең неге матриархат деп аталынды?
әйелдердің көп болуынан
қауымда әйелдердің жетекші роль атқаруынан
барлық жұмысты тек әйелдер істеді
олар өте ақылды
сұлулығына байланысты
Қарахан мемлекетінің билеушісі кім деп аталды?
Жабғу
Тамғаш хан
Қаған
Илхан
Идиқұт
Қерамикалық ыдыстарды адамдар қай кезде жасай бастады?
тайпалық одақ кезінде
қола дәуірінде
ертедегі феодалдық мемлекеттерде
таптар пайда болғанда
неолитте
Моңғол жаулап алуынан кейін пайда болған оң құбылыстардың бірі?
қала мәдениетінің тез өсуы
жаппай халық санағы басталды
халықаралық қатынастардың, сауданың дами бастауы
шетелдік мәдениет тез тарады
оқу-білім тез қарқынмен өсті
Академик В. Бартольд моңғол шапқыншылығы туралы не айтты?
стратегиялық жоспарымен қимылдайтын ұйымдасқан әскери бірлестіктер
қалай болса, солай ұрысатын жабайы адамдар тобыры
орыс мәдениетіне үлкен зиян келтірді
бүкіл адамзатқа зиян тигізді
ешқандай да қасірет әкелген жоқ
IХ-ХIII ғ.ғ. қалаларды арабтардың жаулап алуын неден байқаймыз?
қалаларда арабтардың көп болуы
араб тауарларының көптігі
діни кітаптар көбейді
мешіттер салынды
мәдениет орындары ашылды
IХ-ХIII ғ.ғ. натуралдік айырбасты қандай қатынастар ығыстыра бастады?
жеке сауда
көтерме сауда
шетелдік сауда
өнеркәсіптік сауда
тауар-ақша айналымы
12. Шад-түтік дегеніміз не?
1. су жүйелерін реттеуші адам
2. әскери бөлімнің басқарушысы
3. қимақ тайпаларының басшысы
4. керуен басы
5. цирк ойыншысы
Қазақстан тарихының аса бір қиын кезінде, Жоңғар шапқыншылығы уақытында «қайың сауған» деген сөз пайда болды. Оны қалай түсінесіз?
ағаштан түрлі жихаздар жасау
аралас орман аудандарындағы жайылымдарды пайдалану
ағаштан жасалған үлкен ғимараттар
ашаршылықта қайыңның сөлін ішу
қайық жасау
14. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде қазақ даласындағы негізгі өмірді қалай суреттейді?
1. шалқыған байлық, керемет өмір
2. зәулім сарайлар, ғимараттар
3. өте қымбат бағалы, әшекейлі киім киюге құмарлық
4. еріншектік басқан жалқаулар елі
5. негізгі байлығын жылқы деп есептейді
15. Пақыр (факир) дегеніміз кімдер?
1. қоғамның ең кедей адамдары, зекет салығынан босатылғандар
2. діни ұйымның мүшелерә
3. егіншілер қауымы
4. керуен сарайындағы қызметшілер
5. хан ордасындағы жұмысшылар
16. Кяриздік суландырудың егіншілікте алатын орны қандай?
1. егіншілікте негізгі орын алды
2. үлесі өте аз болды
3. өте сирек қолданылды
4. тіптен қолданылмады
5. деректер жеткіліксіз
17. Қазақтың қай ханы өзін «қазақ пен қалмақтың» ханымын деп жариялады?
1. Тәуекел
2. Тәуке
3. Абылай
4. Есім
5. Жәңгір
18. Төлеңгіттер негізінен қандай қызмет атқарды?
1. елшілік қызметке жұмсалды
2. тек қолөнермен айналысты
3. алыс елдермен сауда жасады
4. кіре тасыды
5. сұлтандардың қызметін атқарды
19. ХVI-ХVIII ғ.ғ. Қазақстандағы жерге феодалдық меншіктің ерекшелігі неде?
1. жердің мемлекет қарамағында болуы
2. қауымдық-рулық меншік нысанында болуы
3. жерге белгілі бір иелік болмады
4. тайпалық меншік
5. тайпалық одақтар
20. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелістің ең жоғарғы сатысында кімдер тұрды?
1. билер мен байлар
2. дін нелері
3. негізгі халық
4. шетел адамдары
5. сұлтандар
21. Қазақ хандығының құрылуын тек Керей мен Жәнібектің көшіп келуіне ғана байланысты кездейсоқ тарихи оқиға деуге бола ма?
1. міндетті түрде солай
2. жоқ, олай емес
3. бұл әлі толық зерттелмеген
4. тарихта жеке тұлғаның ролі өте зор
5. бұл талас тудыратын мәселе емес
22. Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?
1. егіннің жақсы шығуы
2. егіс көлемінің мол болуы
3. оның өнімдеріне сұраныстың көп болуы
4. егіншілік ауданындағы халықтың тығыз орналасуы
5. халықаралық сауданың дамуы
23. Көш деген өлшемді түсіндіріңіз.
1. малмен бірге көшу
2. бір маусымда бір жұп өгіздің жырта алатын жері
3. керуен көшінің сипаттамасы
4. қоныс аудару, миграция
5. көшпелі елдерге тән түсінік
24. Қазақ хандығында алғашқы халық есебі қашан жүргізілді?
1. ХV ғ.
2. ХVI ғ. басы
3. ХVI ғ. ортасы
4. ХVI ғ. соңы
5. ХVII ғ.
Ресейдің Қазақстанға қосылғанға дейінгі қазақ даласына қызығушылығын қандай жағдайдан аңғаруға болады?
екі арадағы дипломатиялық қатынастардың жоғары деңгейде болуынан
қазақ даласына фабрика-зауыттардың көптеп салынуынан
қазақ даласында зерттеу жұмыстарының басталуынан
ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінді
мәдениет ошақтары көбейді
26. Қазақ хандығында бір орталықтан басқаратын күшті басқару әкімшілік аппараты болды ма?
1. болған жоқ
2. болды
3. ондай билікке жол берірмеді
4. билік өте жоғары болды
5. деректер жеткіліксіз
27. Қазақ хандығының құқықтық шаралары қандай заң жинағында белгіленді?
1. Ясы
2. Жеті жарғы
3. Шариғат заңдары бойынша
4. Авеста
5. Құран
28. ХV ғ. Қалалар неге қайтадан құлдырай бастады?
1. ұлы Жібек жолы нашар істеді
2. қала әкімшілігінің нашар басқаруы
3. халықаралық қатынастың әлсіреуі
4. салықтың өте жоғары болуы
5. қолөнердің, өнеркәсіптің нашар істеуі
29. Малшылардан жиналатын салық?
1. инджу
2. ұшыр
3. харадж
4. зекет
5. соғым
30. Қазақ хандығы мен шайбанидтер арасындағы ұзаққа созылған күрестің негізгі себебі – Сырдария маңы қалаларының қандай маңызы болды?
1. ең негізгі сауда орталығы еді
2. стратегиялық әскери бекіністер болды
3. өнеркәсібі жақсы дамыды
4. ірі мәдениет орталығы
5. ауа райы өте қолайлы
31. Еуразия кеңістігінде көшпелі өмір салтының дамуы неден?
1. ертеден осындай өмір салты қалыптасты
2. табиғи-климаттық жағдай
3. демографиялық жетімсіздіктен
4. қатынастардың нашарлығы
5. өмір сүруге қолайлы әрі жеңіл болғандықтан
32. Отбасылық қауым қалай құрылды?
1. жақын, қандас туыстардан
2. әр түрлі рулардан, тайпалардан
3. шаруашылық түрлеріне қарай
4. еңбекке жарамды адамдардан
5. қолдағы құлдарды қоса есептегендегі бір отбасы
33. Ғұндардың екінші жаппай қоныс аударуы қашан басталды?
1. Б.э.д. 49 ж.
2. Б.э. 26 ж.
3. Б.э. 49 ж.
4. Б.э. 93 ж.
5. Б.э. 114 ж.
34. Адамның аң аулаудан алғашқы мал шаруашылығына көшуіне қандай жағдай әсер етті?
1. темірді игеру
2. малдың көбеюі
3. алғашқы еңбек бөлінісі
4. еңбек құралдарының жетілуі
5. ақыл-ой, сананың өсуі
35. Академик Н.И. Конрад б.э.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында Орталық Азияда тарихи белсенділіктің жаңа көзі пайда болды дейді. Оның негізгі қозғаушылары кімдер?
1. қолөнершілер
2. егіншілер
3. сауда иелері
Достарыңызбен бөлісу: |