Сабақ: №20 Тақырыбы: §20. Гүлдің құрылысы



Дата01.04.2017
өлшемі129,71 Kb.
#13059
түріСабақ
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі

Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің

биология пәнінің мұғалімі Курамысова Дина Ашановна
Бекітемін:

6 сынып. Сабақ: №20

Тақырыбы: §20. Гүлдің құрылысы

Сабақтың мақсаты: гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну. Өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып «гүлшоғырлар» деген сөздің мағынасын және оның түрлерін жеке-жеке көрсету. Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал кетіре отырып оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне және гүлшоғырларының түрлеріне толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу арқылы «Өсімдіктің вегетативті мүшелері» тақырыбында білімдері текеріледі: Тест жұмысы.



1.Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын организмнің бір бөлігі.

A. Жасуша B. Мүше C. Ұлпа D. Ағза

 2.Өсімдіктің вегетативті мүшелері.

A. Сабақ, жапырақ, тамыр. B. Гүл жеміс C. Гүл, жеміс D. Тұқым, жеміс

 3. Тамыр бөліміне кірмейді

A. бөліну аймағы B. өсу аймағы C. тамыр оймақшасы D. сору бөлімі



4. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ

А.Сабақ B. Бүршік C. Өркен D. Тамыр



5. Тік сабақты өсімдік

A. құлмақ B. Бақбақ C. Бидай D. Жолжелкен

 6. Түрін өзгерткен сабақ

A. мұртша B. Қызылша C. Тікен D. сояу

 7. Бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру.

A. әріден будандастыру B. айқас тозаңдану

C. телу D. ұрықтандыру

 8.Өсімдіктің жер асты мүшесі

A. тамырсабақ B. сабақ C. тамыр D. Өркен

9. Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді.

A. сору бөлімі B. өсу бөлімі C. бөліну аймағы D. өткізу бөлімі

 10. Асханалық жемтамырлар.

A. қант қызылшасы B. шашыратқы C. Сәбіз D. балдыркөк

 11. жетілмеген жапырақтар қай өсімдіктерде болады?

A. сексеуіл B. пияз C. асбұршақ D. орамжапырақ

 12. Ине тәрізді жапырағы бар өсімдік

A. Бидай B. Жөке C. Жүгері D. Шырша



13.Түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркен.

A. пиязшық B. түбіртек C. түйнек D. Тамырсабақ



14. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса.

A. төбе бүршік B. жанама бүршік C. қосалқы бүршік D. гүл бүршік



15. Сабақтың орталық бөлімі.

A. өң B. камбий C. өзек D. сүрек



ІГруппа 63ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?

Хош иіс Әдемілік Сыйлық
Овал 59

Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер

Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.

Іздену (нені білгіміз келеді?)

Гүлшоғыр деп – гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын айтады.


ІҮ.Топтық жұмыс

  • Оқушылар 6 топқа бөлінеді. Әрбір топ өзіне берілген мәтін бойынша оқулықтан немесе интернет құралдары арқылы ол туралы анықтамасын, сипаттамасын тауып, берілген жұмысты қорғайды.

1 топ тапсырмасы. Өсімдіктің генеративті (көбею) мүшелері. Гүл дегеніміз не?Түрлері.

2 топ тапсырмасы. Гүлдің бөлімдерін көрсет. Сипаттама бер.

3 топ тапсырмасы. Аталық пен аналықтың бөліктерін атап жаз. Сипаттама бер.

4 топ тапсырмасы. Суретке қарап қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл екенін белгіле, сипаттама бер.

5 топ тапсырмасы. Гүлшоғырлар дегеніміз не? Мына берілген гүлшоғырлар сызбасының астына аттарын жазып түсіндір

6 топ тапсырмасы. Күрделі гүлшоғырлар. Мына берілген гүлшоғырлар сызбасының астына аттарын жазып, түсіндіріңдер.


Ү. Қосымша материал. Гүл бөліктерін ағылшын тілінде атап шығу.

Күлте – Petal

Тостағанша – Sepal

Гүл табаны – Receptacle

Гүл сағағы – Peduncle

Аталығы – Stamen

Тозаңқап – Anther

Аталық жіпшесі – Filament

Аналығы – Pistil

Аналық аузы – Stigma

Мойны – Style

Жатыны- Ovary

Аналық жұмыртқа жасушасы - Ovule with Embryo Sac



ҮІ. №14-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Гүл құрылысын қарау

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.



4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Нәтижесі: 1) Гүлдің құрылысын жаз:


1.____________________________________________

2.____________________________________________

3.____________________________________________

4.____________________________________________

5.____________________________________________




ҮІІ. Бекіту. 1. Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).

1



. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі.

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.



11. Мойны бар.

2) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?


Үй тапсырмасы. §22 оқып, гүл бөліктерін түрлі қағаздан әзірлеп, қатты қағазға жапсырып әкелу.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет