«№2 лицей» кмм 2013-2014 оқу жылына ОҚу-тәрбие жұмысының ЖҰмыс жоспары


Рухани-адамгершіліктік, эстетикалық тәрбие



бет44/48
Дата06.02.2022
өлшемі2,39 Mb.
#75752
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Рухани-адамгершіліктік, эстетикалық тәрбие
Берілген бағытта жыл ағымында «Забота», «Ақниет» акциялары өткізілді- Крупская ат. балалар үйінің балаларына (Жаңа жыл мерекесіне орай), қамқорлықтағы зейнеткерлерге, еңбек және ҰОС ардагерлеріне (1-қазанда, Мұғалімдер Күні, 8-наурыз, Наурыз, 9-мамыр мерекелеріне орай) бару. Режиссер Н.Н.Сутюшеваның нәтижелі жұмысын атап кеткен жөн. Ол 1 жылдың ішінде үш кіші спектакльдер дайындады: «Дорогая Памелла» ( театр ұжымдарының қалалық конкурсында ойын көрсетіп, ең үздік ерлер роліне диплом жеңіп алды) «По мотивам пьес Чехова» кіші спектаклі, 8-наурыз мейрамында көрсетілді, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы туралы тақырыптағы әдеби-музыкалық композиция (театрлық миниатюралардың қалалық конкурсында ойын көрсету). Былтырғы жылмен салыстырғанда, тақырыптық сынып сағаттарын, саяси ақпараттандыру, тақырыптық жиындар өткізу сапасы жақсарды. Көшбасшылар клубының(өзін өзі басқару) сапалы жұмысын атап өтуге болады, әсіресе жаңа топтардың лицеистерімен жүргізілген жұмыс жақсы жүргізілді, әр түрлі іс-шарларға дайындық бойынша міндеттер бөлінді.
Лицеистерге пссихолгиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге оңтайлы жағдайлар жасауда психолог Придыбайло И.Л. қолодау жасады, қызметінің талдауы негізінде оқушыларға, ата-аналарға көмек көрсетті, жыл ағымында екі тақырыптық Акция –«Цветное настроение» және «Большое сердце» өткізді. Сонымен қосса Придыбайло И.Л. 7 және 8-сыныптардың сынып жетекшілеріне ұжымды ұйымшылдандыру бойынша жәрдем берді, қазан айында «Внеклассное путешествие» атты ойын өткізді. Желтоқсан және сәуір айларында барлық топтың лицеистері «Шалқыма» концерттік залына барды.
Осы бағыттағы жұмыстың бір кемшілігі- рухани-адамгершілік тақырыбында сынып сағаттарын тұрақты өткізілмеуі. Мәселе ретінде қалалық сурет және ән шығармашылығы конкурстарына қатысу нәтижесінің болмауын атап кетуіміз керек
Алдағы уақытта:
- Сынып жетекшілері топтарда нақты мерзімін көрсетіп, әдістемелік ұсыныстарды пайдалан отырып, жас ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тақырыбында әңгімелер, сынып сағаттарын өткізуді жоспарлау. Жаңа топтардың сынып жетекшілері ұжымды ұйымшылдандыру бойынша мақсатқа сай жұмыс жүргізу, лицей психологымен тұрақты қарым-қатынаста болу.
- Облыстық бейнелеу өнері мұражайымен, қала театрларымен ынтымақтастықты жалғастыру.
- Эстетикалық үйірмелердің оқытушылары жаңа оқу жылында оқушыларды қалалық шығармашылық конкурстарға неғұрлым сапалы түрде дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет