1. Металл емес материалдар. Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдар. Металл емес материалдар органикалық және органикалық емес заттардың көптеген ассортиментінен тұрады, шыны, керамика, пластмасса, резеңке, ағаш бұйымдары және композициялық заттар. Металл емес материалдар металлды заттармен қатар, оларда жоқ қасиеттер қажет болғанда қолданылады.
Шыны және керамикалық заттар. Металл емес материалдардың ішінде, медициналық бұйымдар жасауда шыны ең көп қолданылады.Химиялық тұрақтығы, беткейлік беріктігі, арзандылығы бойынша басқа заттар арасында оған тең жоқ. Шыныдан лабораториялық ыдыстар, дәрі-дәрмекті қаптауға, сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстар, көзілдірік линзалары, оптикалық және медициналық бұйымдарға қарапайым және талшықты оптика элементтері, шприцтер, термометрлер және т.б. жасалады.