Жай ассортимент – тұтынушылардың белгілі бір сан қажеттілігін қанағанттандыратын, топтар, түрлер мен атаулардың азғана санымен берілген тауарлар жиынтығы. Жай ассортимент дәріханалық киоскілерге тән.
Күрделі ассортимент- тұтынушылардың әртүрлі сан қажеттілігін қанағаттандыратын, топтар, түрлер мен атаулардың азғана санымен берілген тауарлар жиынтығы. Күрделі ассортимент әртүрлі тауарлық қажеттілікті қамтамасыз ете алатын үлкен отандық дистрибьютерлерге, дәріханалар мен дәріханалық пунктерге тән.
Топтық ассортимент – бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын, бірдей белгілерімен біріктірілетін ұқсас тауарлар жиынтығы. Көп жағдайда функциональді немесе әлеуметтік белгілері бойынша бріктіріледі. Мысалы, жалпы хирургиялық, урологиялық, офтальмологиялық және стоматологиялық құралдар функциональдік маңызы бойынша біріктіріледі. Топтық ассортимент көптеген фармацевтикалық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымына негіз болып отыр. Сонымен, көтерме фармацевтикалық мекемелердегі тауарларды сақтау бөлеімдері топтық ассортимент бойынша ерекшеленеді. Бөлімдер: құрғақ дәрілік заттар, сұйық дәрілік заттар, улы және наркотикалық заттар, дайын дәрілік заттар, санитария, гигиена, байлап – таңу материалдары және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |