2. Медициналық тауарларды жіктеу және кодтау Металл емес материалдар. Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдар


Стоматологиялық саймандардың, материалдардың, құрал-жабдықтардың сапасын бағалау



бет30/33
Дата11.01.2022
өлшемі59,3 Kb.
#129232
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
рк 4

Стоматологиялық саймандардың, материалдардың, құрал-жабдықтардың сапасын бағалау

Тіс борлары мен тіс техникалық фрездері

  • Лупаның көмегімен бордың жұмыс бөлігінің кескіш жиегінің бүтіндігі тексеріледі. Кескіш қасиетін шойын пластинканы бірнеше рет (3-5) бұрғылап көру арқылы тексереді.

Қырлары бар түбір инелері

  • Иненің серпімділігін тексеру үшін оны 90°-қа майыстырады және қайтадан қалпына келтіреді. Сынау кезінде және сынаудан кейін ине сынып қалмауы керек.

Экскаваторлар

  • Тіс экскаваторларының беріктігін қатып қалған дентин мен сүйекті қырнап көру арқылы тексереді. Сынау кезінде жұмыс бөліктері майыспау керек, ал кескіш жиегі – үгітілмеуі және өткірлігін жоғалтпауы керек.

Тіс зондтары

  • Зондтардың икемділігін оның жүзіне аздап басып көру арқылы тексереді. Зонд пружиналанбауы керек және қалдық деформация бермеуі керек.

Тіс қысқыштары

  • Тіс қысқыштарының беріктігін диаметрі 8 м болатын мыстан жасалған сымды 20 кг күш жұмсап қысу арқылы арнайы приборда тексереді. Сынаудан кейін құлпы босаңсымауы керек және қысқыштың жұмыс бөлігінде қалдық деформация байқалмауы керек.

Тіс элеваторлары

  • Беріктігін тексеру үшін элеватордың лапкасын ағаш кесіндісіне енгізеді де, ұстайтын жеріне рычаг тәрізді әсер ете отырып ағаш қабатын сындырады. Сынаудан аяқтағаннан кейін сайманда қалдық деформация болмауы керек.

Коронканы кесуге арналған қайшы

Қайшының кескіш қасиетін қалыңдығы 0,3-0,5 мм болатын тот баспайтын болат пластинкасын кесіп көру арқылы тексереді. Қайшы металды барлық ұзындығы бойынша кесуі керек және жүзі өткірлігін жоғалтпауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет