Хирургиялық инелерге қойылатын талаптар
Инелер 3И90 маркалы болаттан дайныдалуы керек.
Қарау, байқау кезінде иненің сыртқы беті тегіс, ешқандай дақтар, майысқан, сызаттанған жерлері болмау керек.
Хирругиялық инелер дезинфекциядан, стерильдеу алдындағы өңдеуден және стерилизациядан тұратын санитарлық өңдеу циклына тұрақты болуы керек.
Инелер коррозияға тұрақты болуы керек. Коррозияға тұрақтылығын тексеру келесі этаптардан тұрады:
алдын ала майсыздандырылған инелерді дистилденген сумен толтырылған электрлі дезинфекциялық қайнатқыштығ торына орналастырылған әйнектен жасалған изоляциялайтын прокладкаға орналастырады;
инелерді 15 минут бойы қайнатады және суда 30 минутқа қалдырады.
Тігу материалдары сіңетін және сіңбейтін болып бөлінеді.
Сіңетін: кетгут, хромдалған кетгут; полигликолидті жіп
Сіңбейтін: Жібек жіп, Ширатылған капрон, өрілген капрон, Ширатылған лавсан, өрілген лавсан, Фторест, фторлон, сым.
Тігу аппараттары – бұл мүшелерді, тіндерді, тамырларды тігуге қолданылатын аппараттар. Тіккіштер механикалық тігісті салуға немесе тамырлар мен мүшелерді тігуге арналған.
Кішірейтіп тіккіштер (ушиватели) – мүшелер мен тамырларды олардың бір бөлігін алып тастағаннан кейін тігуге арналған.
Мүшелер мен тіндерді тігуге арналған аппараттардың өндірісте келесідей түрлері шығарылады:
1) тамырларды «ұшына ұш» циркулярлы тігуге арналған;
2) ас қорыту жолының мүшелеріне дөңгелек анастамоз жасауға арналған;
3) асқазан-ішектің бүйір анастамозын салуға арналған;
4) қабырға мен көкіректі тігуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |