2.
Хирургиялық ине – хирургиялық операциялар және анатомиялық кесулер кезінде ағза тіндерін тігуге арналған тесетін ине.
Медицина тәжірибесінде инелердің келесі типтері кеңінен қолданылады:
· хирургиялық инелер (көп реттік);
· хирургиялық атравматикалық инелер (бір реттік).
Хирургиялық инелердің жіктелуі:
· Тесетін инелер (көлденең кесіндісі дөңгелек):
- атравматикалық сосудтарға арналған
- ішекке арналған
- кисетті
- тесетін
- бауырға арналған
· Кесетін инелер (көлденең кесіндісі үш қырлы):
- теріге арналған
- бұлшық етке арналған-апоневротикалық.
Атравматикалық ине – жарақаттануын азайту үшін құлағына бекітілген жібі бар хирургиялық ине.
Лигатуралық ине – қан тамырларының астынан тігу материалын өткізіп алу үшін қолданылатын ине.
Буып-түю алдында хирургиялық инелер майсыздандырылуы және консервациялануы керек. Консервациясыз сақтаудың шекті мерзімі – 3 жыл. Бір типтегі және бір мөлшердегі инелер 10 данадан қалыңдығы 0,08 мм полиэтилен пленкаға оралады және осындай пленкадан жасалған пакетке салынады. Пакет күйдіріліп жабылуы керек. Инелердің кепілдік сақталу мерзімі – дайындалған күнінен бастап 3 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |